Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

03 наурыз 2013, Жексенбі
Мақсаты: Отбасы құндылығының маңыздылығын ашу.

Міндеттері:
- Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
- Отбасы деген жағымды қарым - қатынастарын дамыту.
- Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін - өзі тану»әлемінің картасы, дәптер, ойыншық
жүрекше, отбасы мүшелерінің суреттері.

Шаттық шеңбері:
- Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, бәріміз шеңберге тұрып, бір - бірімізге сүйіспеншілігімізді білдірейік.

1. Жазира, сен әдепті қызсың.
2. Нұржан, сен батыр баласың.
3. Бахыт, сен мейірімді қызсың.
4. Әділет, сен тәртіпті баласың.
5. Алтынай, сен шыншыл қызсың.
6. Ерсұлтан, сен ақкөңіл баласың.
7. Алима, сен қамқоршысың.
8. Алишер, сен ақылды баласың.
9. Мадина, сен сұлу қызсың.
10. Аружан, сен ажарлы қызсың.
11. Елдана, сен әдемі қызсың.
12. Фариза, сен сымбатты қызсың.
13. Дильназ, сен көрікті қызсың.
14. Айдана, сен әдемісің.
15. Сырым, сен мықты баласың.

Әңгімелесу:
- Бүгін «Өзін - өзі тану» әлемінің «Отбасы»аялдамасына тоқталамыз.
- Бүгінгі сабақта отбасының құндылығы, маңыздылығы туралы айтамыз.
- Суретте не көріп отырсыңдар?

Балалардың жауаптары:
- Бұл жерде бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.
- Ал біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Өзіммен өзім:
- Балалар, қане, мына кілем үстіне отыруларыңды сұраймын. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы ды жылы. Онда сендерді жақсы көретін адамдар тұрады. Енді әр қайсысымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Баяу әуенді музыка ойнайды.
- Енді көзімізді ашып, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.
Балалардың жауаптары:

Сергіту сәті: «Тату - тәтті отбасы»
- Мен қазір сендерге, тату - тәтті отбасында - 3 адам, 4 адам, 5 адам тұрады деймін,
сендер сол санға сәйкес тез топтасып тұра қаласыңдар.

Санамақ айту:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек - апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек - анам,
Кішкентай бөбек - мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде – бесеуміз.

Көрініс: «Ана мен бала»
Бала доппен ойнап жүргенде құлап қалады. Оны көрген анасы жүгіріп келіп, баласын көтеріп алады.
Айналайын, жан балам,
Құладың - ау сен жаман.
Ауырған жоқ па, бір жерің,
Жүргенің жақсы сен аман!

- Сендерде осындай жағдай болды ма?
- Болсаңдар аналарың қандай сөз айтты?
Балалардың жауаптары:

- Қане, осы отбасы туралы кім өлең, тақпақ біледі?
1. Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі,
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі,
Ақ шашты әжем бар.

2. Ұлдардың үлкені,
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені,
Бір туған әпкем бар.

3. Ұлдардың кішісі,
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі,
Бір туған қарындас,
Әпкеге - сіңлі бар.

Дәйексөз:
- «Адамға ең қымбат - отбасы»дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасы - бұл сенің ең жақын адамдарың; атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңлің. Біз туған үйімізді жақсы көреміз.

Дәптермен жұмыс:
- Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.
«Анашым» әнін бірге орындау.
Ғажайып сөздер:
- Адамға ең қымбат - отбасы.
- Отбасы - сенің ең жақын адамдарың.

Қорытындылау:
- Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды
сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы - сенің атаң, әжең, әкең, анаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйретеді.

Жүректен жүрекке:
Балалар ойыншық жүрекшені бір - біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.
- Менің отбасым ең тату отбасы.
- Менің отбасы ең үлкен.
- мен атам мен әжемді жақсы көремін.
- Менің анам ең ақылды адам.
- Менің отбасым аман болсын.
- Менің отбасымда қуаныш көп болсын.
- Менің отбасым қонақжай.
- Менің отбасым көңілді.
- Менің отбасым мейірімді.
- Менің отбасым ең бақытты.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін.
39 728
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Табиғатта жүріс - тұрыстың нормаларын және ережелерін сақтауға үйрету болады, және болмайды, «қалаймын және керек», «жақсы мен жаман» дегенді түсінуге үйрету.
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.