Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: География
Біріктірілген сыныптарға арналған географиядан сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:
§21. Мұхиттар (5 - сынып)
§ 21. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер (6 - сынып)

Сабақтың мақсаты:
І – Сабақтың білімділігі:
(5 - сынып) Оқушыларға Жер бетінің ¾ бөлігін алып жатқан дүниежүзілік мұхиттар жайлы және олардың маңызы олардың түрлері, ерекшеліктері, орналасу жағдайлары жайлы оқушыларға түсіндіріп білімділігін арттыру (6 - сынып) Оқушыларға Қазақстан Республикасының орманды дала және дала зоналары і жайлы және олардың орналасу жағдайы, олардың маңызы олардың түрлері, ерекшеліктері және т. б жағдайлары жайлы оқушыларға түсіндіріп білімділігін арттыру
ІІ – Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойлау қабілетін арттырып білімділігін дамыту. ІІІ – Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, үлкендерді сыйлап өздерінен кішілерге өнеге көрсетуге, Отанын, елін, жерін, сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: Математика, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша оқулықтар, карта, суреттер және т. б. Сабақтың барысы:

І – Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ - Өткенді қайталау:
(5 - сынып)
1 – Үй тапсырмасы
1. Судың қандай қасиеті бар?
2. Табиғатта қандай жағдайда су қатты, сұйық және бу күйінде болады?
3. Сусыз тіршілік «жоқ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
4. Су көлемін өзгерте ме?
5. Шыны стаканға қандай су құюға болмайды?
6. Гидросфера дегеніміз не?

2 – Жаңа сабақ
§21. Мұхиттар
Не себепті мұхиттарды Дүниежүзілік мұхит дeп атайды?
Мұхиттардың суы ішуге жарамды ма?
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз. Дүниежүзі мұхиттарын материктер төртке бөліп жатыр. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит.

Жер бетінің 1/3 бөлігін Тынық мұхиты алып жатыр. Мұхиттар арасында ауданы, көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі. Бір ғана Тынық мұхитқа барлық материктерді
аралдарымен қосып немесе Атлант және Үнді мұхитын қосып сыйғызуға болады. Оның батыс бөлігінде Мұхиттардың ең терең жері - Мариан шұңғымасы орналасқан, тереңдігі 11022 метр. Орташа тереңдігі 4000 метр. Аралдар санының көптігі жағынан Тынық мұхит бірінші орынды алады. Басқа мұхиттармен салыстырғанда ең жылы әрі ең үлкен мұхит. Экватор маңында судың беткі температурасы +26°С, +29°С, поляр маңында - 0, 5°С, орташа температурасы Атлант және Үнді мұхитына қарағанда 2°С жоғары. Тынық мұхит суларында ұзындығы 30 метрге жететін кит, 15 метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алуан түрлері кездеседі. Әсіресе балдырлар көп, олардың ішінде ұзындығы 60 метрге жететін қоңыр балдырлар өседі. Мұхиттың көлік қатынасындағы рөлі үлкен. Су үстімен дүниежүзілік көлік қатынасының жолдары өтеді.

Тынық мұхитынан кейінгі үлкені Атлант мұхиты. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит немесе солтүстік және оңтүстік поляр облыстарын жалғастырушы мұхит. Ең терең жері - Пуэрто - Рико (- 8742 м) шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері Атлант мұхитына келіп құяды. Балық ресурсы мол яғни дүниежүзілік балық аулаудың 40%- ы тиесілі. Балық аулау кәсібімен 115 мемлекет айналысады.

Үшінші мұхит - Үнді. Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Ең терең жері Зонд (- 7209 м) шұңғымасы. Тынық және Атлант мұхиттарына қараған¬да аралдар және мұхиттық теңіздер соншалықты көп емес. Суының температурасы кей жерінде 20°С - тан жоғары. Тұздылығы 36, 5%о, ал Қызыл теңізде - 41%о - ге жетеді.
Ауданы жағынан ең кішісі Солтүстік Мұзды мұхиты. Негізгі бөлігі поляр шеңберінің солтүстігінде орналасқан. Арасында көптеген аралдары бар. Салыстырмалы түрде суы тұщылау, негізгі бөлігінде мұз қатып жатқан, суық мұхит. Ең терең жері - 5527 метр. Мұхитқа келіп құятын суы мол ірі өзендерге Обь, Енисей, Лена, Хатанга, Печора, Маккензи және т. б. жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 055
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Ырғыз орыс орта мектебінің География пәні мұғалімі Жакупова Шара Байденқызы
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы, Т. Әубәкірова атындағы жалпы негізгі білім беретің мектебінің география пәні мұғалімі Искаков Нұрлыбек Нұржанұлы
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылы, "Түркістан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Нәлібаева Бақтыгүл
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×