Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи қоршаған орта

05 қазан 2012, Жұма
Категориясы: География
Жаратылыстану пәні
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: §53 Табиғи қоршаған орта.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға табиғи қоршаған орта туралы түсінік беру, сұрақ-жауап арқылы сыни ойлау дағдысын арттыру, өзара ынтымақтастық орнату.

Күтілетін нәтиже:
1. Табиғи қоршаған орта туралы білім алады.
2. Білімді өз беттерімен меңгереді.
3. Сөздік қоры артады.
4. Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.
5. Сыни ойлайды.

Құралдар: АКТ, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, ғаламтор мәліметтері.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, АКТ, әңгімелесу, диалог, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды топқа бөлу тренингі:
Жануарлардың аттары қағазға жазылып, оқушылар суырады, сол жануардың дауысын дыбыстау арқылы өз топтарын табады.
Топ ережелерін еске түсіру.
Әр топта топ басшысын, хатшысын, репортер, тәлімгер сайлау.
(Оқушылар өзара келісіп, сайлайды)

Бағалау критерийлерін ұсыну.
Ойлау деңгейі. Сұрақтар мен тапсырмалар. Балл.
Білу: Тіршілік ортасы дегеніміз не?
Түсіну: Тірі ағзалар жер бетінде қалай таралған? 2 ұпай
Неліктен жер шарында өсімдіктер мен жануарлар әркелкі таралған? 3ұпай
Қолдану: Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері жергілікті өлкеде кездеседі? Олардың тіршілігі туралы
қызықты әңгімелерді есіңе түсіріп , айтып беріңдер. 10 ұпай

Талдау: Оқулықпен жұмыс.
(Оқушылар мәтінмен танысып шығады)
Слайдтар көрсету арқылы жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделуін көрсету.
Суретті көре отырып өздері қорытындылап отырады.
Адаптация терминіне өздері анықтама жасап, мағынасын ашады, дәптерге жазады.

Жинақтау. Сөзтізбек «Амур жолбарысы»
1. Жануарлардың қоршаған ортасына бейімделуі. (адАптация)
2. Емен ағашының төменгі бөлігінен жемін аулайтын құс. (Маузерқұс)
3. Амур жолбарысы тіршілік ететін орманды - сулы аймақ. (Уссурий)
4. Жұмыртқасы айналасындағы тасқа ұқсайтын құс. (қаРқылда)
5. Өткір инелері бұл жануардың қорғанышы. (Жайра)
6. Су жүрек дала жануары. (қОян)
7. Сүтқоректілердің ыстық ауамен күресуде ерекше рөл атқаратын дене мүшесі. (құЛақ)
8. Ұзын жабысқыш тілді қосмекенді. (құрБақа)
9. Ұзын мойынды жануар. (жирАф)
10. Барлық тіршілік иесі үшін маңызды жағдай. (жаРық)
11. Қайың ағашының төменгі бөлігінен азығын табатын құс. (балЫқшы)
12. Қорегіне байланысты жануарлардың арасында туындайтын жанжал. (бәСекелестік)
13. Қарағай ағашының төменгі бөлігіне азығын аулайтын құс. (дЫркептер)

Бағалау
Венн диаграммасы
Құрлық жануарлары
Су жануарлары - 5 ұпай

Кері байланыс.
Бағалау: Критерий бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалау қорытындысына талдау, қорытынды баға.
Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері жергілікті өлкеде кездеседі? Олардың тіршілігі туралы қызықты әңгімелерді есіңе түсіріп , айтып беріңдер.
35-45 ұпай «5»
24-34 ұпай «4»
13-23 ұпай «3»
0-12 ұпай «2»

Үйге тапсырма: Табиғат көрінісі бейнеленген сурет салып келуді тапсыру.
16 156
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
Жүйелеудің ұстанымдары
Жүйелеудің ұстанымдары
Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер айырмашылығын ажырату, организмдерді жіктеуді үйрету.
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Алматы обылысы, Сарқан ауданы, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің Биология пән мұғалімі Абдраманхан Ербол
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Табиғи қоршаған орта
Табиғи қоршаған орта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп. География пәні мұғалімі Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×