Білімділер поралы

Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)

Сабақтың тақырыбы: Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Білімділігі: Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушылардың өй өрістерін дамыту.
Көрнекілік: Қаз физ. атлас картасы. Оқулық. Кескін карта карандаш
Пән аралық байланыс: биология, тарих

Сабақтың барысы: оқушылармен амандасу, үй тапсырмасын тексеру.
I. Ұйымдастыру:
II. Үй тапсырмасын тексеру: 35 Қазақстан топырағы.
III. Үй тап. қорытындылау:
1) Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.
2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік, тірі ағзалар әсері, тау жыныстарыңың үгілуі)
3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? ( топырақтың механикалық құрамына топырақтың ірілі және кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.)
4) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі)
5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальцийге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ)
6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? ( Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ дейді)

Жаңа сабақ жоспары:
1. Топырақтың түрлерімен танысу
2. Топырақтың пайда болу жағдайы.
3. Топырақтың негізгі қасиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.

IY. Жаңа сабақ
Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді.
1 - Қара топырақты зона (52⁰ с. е. солтүстігінде)
2 - Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с. е. аралығында)
3 - Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с. е. аралығында)
1) Қара топырақты зона – Еліміздің сол – гінде таралған. Бұл зонаға Сол – к Қаз - н облысын түгелімен, Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының сол – к бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25, 5 млн гектар жерін (9, 5% – ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді: 1 – сілтісізденген қара топырақ – орманда дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр. 2 – кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы – дала зонасына тән. Құнарлығы жағына келсек 2 зонаның да гумусы (қара шіріндісі) мол 6 - 8% ал оңтүстігінде қара топырақтың шіріндісі аздау 4 - 6%. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған. Бұл топырақты зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория). жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 265
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 264
Роботтар: 3
Сағыныш
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика