Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. Жазықтар, олардың түрлері мен пайда болуы жайлы түсінік беру
б) Тәрбиелік Өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
в) Дамытушылық. Оқушылардың ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Жер бедері, жазықтар туралы ой - өрістерін дамыту.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, өзіндік жұмыс істеу, тірек сызбалар пайдалану.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, химия
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар. Электронды оқулық. Дүние жүзінің физикалық картасы, «География және табиғат» журналы, Атлас

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың жұмыс орындарының сабаққа қажетті оқу құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
§ 22 Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі
Географиялық диктант
1) Таулардың көпшілігі........(қатпарлардан) тұрады.
2) Қатпарлы тауларға......................(Альпі, Кавказ, Кордильер) таулары жатады.
3) Тау жыныстарының қатпарлануға ұшыраған қабаттары.......................(үлкен қысымның) әсерінен алғашқы иілгіштік қасиетін жоғалтады.
4) Тау жыныстарының көтерілген жерлері.................(жоталарға), ал опырықтар....................... (тау аралық ірі ойыстарға) сәйкес келеді.
5) Тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары - төмен лықсуынан..........................(қатпарлы - жақпарлы) таулар пайда болады.
6) Алтай мен Тянь - Шань таулары...........................(қатпарлы - жақпарлы) тауларға жатады.
7) Жанартаулардың атқылауынан пайда болған Еуразиядағы тау............(Клюяи шоқысы)
8) Уақыт өткен сайын тау шыңдары мүжіліп, аласарып, аласа төбелерге айналады. Мұндай тауларды..................(ескі) таулар деп атайды.
9) Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруін.................. (үгілу) деп атайды.
10) Ауа температурасының өзгеруіне байланысты жүретін үгілу............(физикалық үгілу) деп аталады.
11) Су мен ауаның тау жыныстарымен әрекеттесуінің арқасында жүретін үгілу.................(химиялық)
12) Әр түрлі ағзалардың қатысуымен өтетін үгілу...............(органикалық)
13) Дүниежүзіндегі ең биік тау.....................(Гималай)
14) Жер шарындағы ең биік нүкте..................(Джомолунгма)
15) Қазақстандағы ең биік нүкте.................(Хан – Тәңірі)

Өзін – өзі тексеру. Интерактивті тақтаға диктанттың жауабы шығарылады. Оқушылар бірінің жұмысын бірі тексереді. (Дұрыс жауаптарының санына қарай оқушыларды бағалау)

ІІІ Жаңа сабақ
Сұрақтар:
1. Таулар физикалық картада қандай түспен боялады?
2. Жазықтар физикалық картада қандай түспен боялады?

Атласпен жұмыс
Дүниежүзінің физикалық картасынан ірі жазықтарды табыңдар.
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін жаңа сабақтың мазмұнына арналған тірек - сызба көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс
Анықтама. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды.

Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы.
Жазықтардың биіктік айырмашылықтары
Электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықта Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
тақырыбында берілген дыбысты мәтінді тыңдау.

Жазықтардың биіктік айырмашылықтары (слайдтан сызбаны көрсету)
Оқулықпен жұмыс. 43 – сурет.

Жазықтардың пайда болуы.
Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.
Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтарда бар. Мұндай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Ла – Плата, Месопотамия ойпаты жатады.
Жазықтардың өзгеруі.
Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Жазықтарды көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болған беткі ағыстар қатты тілімдейді.
Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Сай да – жыра сияқты ұзынша ойыс. Құм төбелердің төменгі екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық тәріздес пішінге ие болады. Мұндай құм төбелер шағыл деп аталады. Үлкен шағылдар жылына 1 метрден 20 метрге дейін сырғып, орын ауыстырады. Құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген шағылға ұқсас құм төбелерді барқан дейді.
Слайдтан Барқанның суретін көрсету.

IV. Сабақты бекіту
Электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықта көрсетілген жазықтардың түрлеріне тоқталу.

Интерактивті тапсырмаларды орындау
Тест жұмысы (10 сұрақ)
Сабақтағы оқушыларды орындаған жұмыстарына қарай бағалау.

V. Үйге тапсырма
§ 22 Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Өздерің тұратын елді мекеннің жер бедеріне сипаттама беріңдер.
А) Жазықтар жер бедеріне және биіктігіне қарай қандай түрге жатады?
Б) Шаруашылықта қандай мақсаттарда пайдаланылады?
Кескін картаға дүние жүзіндегі ірі жазықтарды түсіріп келу.
15 829
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру.
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Абдиев Ербол Сейсенбекұлы №197 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Қызылорда қаласы
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің тарих, география пәні мұғалімі Кенесариева Нұржанат Шаудирбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×