Білімділер поралы

Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

Аннотация
Зерттеу жұмысының (жобаның) тақырыбы: Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы

Зерттеу жұмысының негізі: Наурыз көже және оның құрамы туралы әдебиет. Зерттеу жұмыстары.
Бұл мәселеге, сұраққа қызығушылық қайдан пайда болды: Наурыз көженің дәмі өте ұнайды және адам ағзасына пайдалы болғандықтан.
Қандай ұсыныңыз бар: Мектеп асханасында, дүкендерде газдалған сусынының орнына Наурыз көже сатылымда болса, себебі Наурыз көже адамның иммунитетін жоғарлатады, және Наурыз көжеде мынандай дәрумендер бар В1, В2, В6
Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздедіңіз: әдеби кітаптардан, газеттен, интернеттен және ғалымдармен және өз ой - пікірім бойынша талдадым, зерттеу жүргіздім.
Сұрақтар( кімнен не жайлы сұрадыңыз): Жетекшіммен, анаммен бірге жұмыс істедім
Жобаға пайдаланылған көрнекі құралдарыңыз: (суреттер, фотографиялар, слайд, тағам түрлері, зертхана құралдары )
Байқауға пайдаланған мәтін түрі: (баяндама, презентация және т. б)

Кіріспе
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық.
Наурыз мейрамы - мейрамдардың ішіндегі ең ерекше мейрам. Халқымыздың маманданған ата кәсібі - мал шаруашылығы.
Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Сондықтан да болар наурыз көженің құрамының көпшілігі төрт түлік малдың етінен, сорпасынан, сүтінен, құртынан, айранынан, қазы қартасынан жасалады.
Әрине сусыз тіршілік жоқ. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Су - тіршілік көзі. Тұзсыз астың дәмі келмейтінін бәріміз білеміз. Тағамда тұздың алатын орны ерекше болғандықтан қасиетті наурыз көжеге су, тұз қосылатыны белгілі. Наурыз көжені дайындауда дәнді дақылдардың да алатын орны ерекше болып келеді. Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалған Наурыз көже «Ұлы күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, көже мейлінше мол жасалады.
«Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп тоя ішу ғұрпы сақталған.
Сондықтан қасиетті наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанша ішсін деген ниетпен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркінде болған.
Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек. Оған қоса ол - тоқшылық пен ырыс құтын жоралғысы.
Наурыз көженің дәстүрлік, ұлттық тағылымы өте зор.
Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы
Мен наурыз көженің адам ағзасына пайдасы зор болғандықтан, зерттеу жұмысын жүргіздім. Наурыз көжені жаз уақытында, тамыз айында дайындап, өзім эксперимент жасадым. Наурыз көже наурыз мейрамының ажырамас белгісі болып табылады. Ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Наурыз көже азықтың жеті түрінен жасалады. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7күн, 7қат көк, 7 музыкалық дыбыс т. б. ұғымдарды білеміз. 7 саны киелі сандардың бірі.

Қазақтың жеті саны қасиетті, сол себепті асты жеті түрлі тағамнан дайындайды. Атап айтқанда су, ет, сүт, құрт, бидай, май, тұз тағамдарын қосады. Наурыз көжені жасап болған соң, әр үй өз отбасымен дәм татады және келген қонаққа береді. Оны менің анам Наурыз көже жасағанда көргенмін. Көжеге қыстан шыққан қазы, сүр ет немесе арнайы сойылған қойдың етінен пісіріледі. Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ер қанаты - ат» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы - мінсең көлік, жесең ет. Қазы - қарта, жал - жаясыз бірде - бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. Сиыр - жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы – нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Халқымыздың маманданған дәстүрлі ата кәсібі.

Енді осы жеті түрлі асқа қысқаша тоқтала кетейік.

Судың маңызы
Су - тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек - қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл - тегіл терлетеді, қалжыратады. Су - тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар, бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50 - 90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг - ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды. Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 - 95 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Біз суды күнделікті ас әзірлеуге, киім - кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге, жуынуға, өсімдік өсіруге т. б. тұрмыс әрекеттерінде қолданамыз.

Ет етке, сорпа бетке
Еттің қоректік құны аса зор. Ет - ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы - бұшық ет. Еттің құрамында су (73 - 77 пайыз), ақуыз (18 - 21пайыз), май (1 - 3 пайыз), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар.
В1 ағзада зат алмасу үшін керек. Бұл дәрумен жетіспегенде, адам дел - сал болады. Ас қорыту процесі бұзылады. В1 дәруменінің ой және дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол.
В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет. Еттің құрамында белок, амин қышқылдары, дәрумендер өте мол. Фосфор, темір, мырышқа өте бай.
В6 дәрумені жетіспесе, балалардың бойының өсуі тежеліп, қан аздыққа әкеп соқтырады.
Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып, сорпаға шығады.
Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.

Ағы бардың, бағы бар
Сүт - сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін сұйық зат. Сүттің өзі және одан жасалынатын өнімдер адам ағзасына пайдалы. Сүт өнімдері белок, бірқатар дәрумендерден және де минералды заттарға бай, сұйық болып табылады. Сүт кальциймен фосфорға өте бай. Сүтті баладан бастап, қарияларға дейін ішеді. Өйткені, ол дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай. Сүттің құрамындағы заттар, әсіресе, өсіп келе жатқан жеткіншектердің ағзасына қажет. Біздің өсіп келе жатқан бұлшық етке және сүйектің жетілуіне өте қажет. Менің түсінігім бойынша осылай ойлаймын. Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады.
Жоғарыда айтылғандай сүттің пайдасы зор екенін байқап отырмыз.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5 - 6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1 - 2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2 - 3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт - күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ерте заманда ұзақ сапарға шыққанда құрт - әрі сусын, әрі қорек.
Май — барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар — тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.
Ағзаға 1 грамм май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.
Майдың тағы бір қасиеті — ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға дәмді және хош иіс береді.
Адам майлардан А, Д, Е дәрумендерін де алады.
А дәрумені көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.
Д дәрумені ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.
Е дәрумені бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар жұмыртқада, сүттің құрамында болады.

Алтын, күміс тас екен
Арпа, бидай ас екен.
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұл дақылдарда аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады. Сонымен қатар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі.
Ақуыз қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы үшін қажет. Өкпеден сіңіріп алған оттегіні денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады.
Көмірсу бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де, денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп, сонымен қатар сүтте, бауырда болады.

Тұзды төкпе, малды теппе
Тұз - адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден - бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге, тканьдердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10 - 15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор. Етке тұзды пісерден 30 минут бұрын салу керек.
Тағамдағы тұздың алатын орны:

Наурыз көжені дайындау тәсілі
Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы деген тақырыпқа қызығып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ең алғашқы бастауы кітапханадан, қажетті кітап, газет алып таныса бастадым. Маған осы жұмысты жазу барысында орталықтандырылған №12 кітапхана бөлімшесінде балалар бөлімінің кітапханашы Смағулова Гульмира берген ақыл - кеңес, дәрісі көп болды. Бұл кісі кеңес беріп, Наурыз көженің дайындалуын, дұрыс пісірілуін түсіндірді.

Өзіме қажет ақпарат жинап, кеңес алып, зерртеудің жалғасын Семей қалалық Шәкәрім атындағы университеттің Ветеринарлық санитария кафедрасының, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент Серикова А. Т ғылыми түрде түсінік берді. Ет, сүт өнімдерінің сынамаларын алып, олармен танысып, тексеру жүргізілді. Сараптау талаптары бойынша сүтке органолептикалық баға бердік. Тексерілген сүт сынамасын органалептикалық көрсеткіштері, сонымен қатар химиялық зертеулер бойынша қышқылдылығын тексердік. Сүт – ақ сұйық зат, тәттілеу, иісі жағымды, бөтен иіс жоқ, таза, ластанбаған. Сонымен қатар бруцеллез және басқа жұқпалы ауруларға тексеру жасалды.
Екінші сынама ретінде, біз етті тексердік. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша еттің сыртқы түсі қағаз тәріздес, шытырлап тұрады. Ақшыл, қызыл түстес консистенциясы тығыз серпімді иісі өзіне тән. Сонымен қатар, қайнату сынамасы арқылы, сорпаның хош иісін анықтадық. Сорпа иісі жағымды, мөлдір.
Ауыл шаруашылығының өнімдері адам ағзасына өте пайдалы екенін түсіндірді.

Зерттеу жұмыстарын аяқтап, Наурыз көжеге салынып, пісірілетін тағамдар, «Ақшың» карпорациясының ЖШС«СемейВет» зертханасының сараптамасынан өткізілді. Зертхананың ветеринарлық санитарлық эксперті Джунусов К. К және Акылгазина Г. О көмек берді. Зертханада сүттің, еттің бірнеше сынамалары жасалды. Онда сүт, еттің асқа пайдалануға болады деген сараптама құжаты берілді.

Наурыз көже туралы дерек, ақпарат алып, үй жағдайында, анам екеуіміз көжені пісірдік. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз. Наурыз көжеде ең алдымен етті, қазыны баппен пісіріп алдық. Қазының майы шығып сорпасы дәмді болды. Піскен етті сүзіп алып, сорпасына алдын - ала бұқтырылған арпаны салып пісірдік. Біз сорпаға әдемі әр беру үшін сәбізді қостық. Суытылған етті турап, сорпаға салдық. Сорпа аздап салқындағаннан кейін езілген құрт және сүт араластырдық. Наурыз көжені мол етіп пісіріп, оны тоңазытқышта бір аптаға дейін сақтауға болады. Менің тәжірибе жасаған уақытымда үш рет пісірілді.
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.

ШҚО, Семей қаласы, "№27 ЖОББМ" ММ
Орындаған автор: Ескендирова Жанель Серікболсынқызы
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Карлығаш Оралғызықызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 237
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 236
Роботтар: 3
Aixo
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика