Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабын және СЖЗ

06 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Химия
Тақырыбы: Сабын және СЖЗ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке оқушының оқу - танымдық іс - әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылған.
Мұғалімнің міндеті – оқушыға кез - келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Уақыт өткен сайын сабақ өткізуді жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Балаға білім беруде химия пәнінен дәстүрлі емес сабақ өткізу барысында сыни тұрғысынан ойлаудың элементтерін пайдаланам. Бұл кезде оқушының белсенділігі артады, өз ойын ашық, еркін айта алады, топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдауға үйренеді, білгендерін айтуға ұмтылса, білмегендерін білуге тырысады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді. Қиындықты бірігіп шешуге, мәселелерді бірлесе талқылауға үйренеді. Осындай сабақты 11 - сыныпта «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбында өткіздім.
Күтілетін нәтиже:
- Заттың формулаларын ажырата алады.
- Химиялық қасиеттерін анықтай алады
- Қолдану аясын біледі
- Химиялық реакция теңдеулерін жаза алады
- Заттардың айырмашылығын біледі.
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға тез жауап беруді талап ететін сұрақтар қойылып, үйге берілген есептің шығарылуы тексеріледі.

І. «Қызығушылықты ояту» Оқушыларға жұмбақ - сұрақ жасырылады. Бұл заттың аты – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде оның сан түрлі атаулары бар. Ал біздің ата - бабаларымыз да оны ерте кезден - ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Бұл қандай зат? Оқушылар жұмбақ - сұрақтың жауабының сабын екенін тауып, сабақтың тақырыбы хабарланады.

ІІ. «Мағынаны тану» Жаңа сабақты меңгеру.
Оқулықтағы жаңа мәтінді оқу, содан соң мынадай сұрақтарға жауап беру.

Блум таксономиясы.
«Білу» сұрағы. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар дегеніміз не?
«Түсіну» сұрағы. Өндірісте сабынды қалай алады? Қазақ халқының ежелгі сабын жасау әдісін қалай түсіндіре аласың?
«Қолдану» сұрағы. Сабын арқылы судың кермектігін қалай анықтауға болады?
«Талдау» сұрағы. Сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың бір - бірінен айырмашылығы қандай?
«Жинақтау» сұрағы. Сабынды жуғыш құралдан басқа тағы қалай пайдалануға болады?
«Бағалау» сұрағы. Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға зиянды әсері қандай?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 599
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Тау жыныстары деген не?
Тау жыныстары деген не?
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толқынбекова Айман Керімбекқызы
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Сын тұрғысынана ойлау
Сын тұрғысынана ойлау
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, №122 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбиева Г. Ә.
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×