Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютер құрылғылары

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.

21 - ғасырда компьютерлік технологияның қарқынды дамуына байланысты оқушылардың осы технологияға қызығушылығы өте жоғары. Компьютерлік технологияның мүмкіншілігі мол әрі кең, алайда оның да адам денсаулығына кері әсері болатынын ұмытпауымыз керек. Мен өз сабақтарымда тек қана компьютер алдында отырып жұмыс жасамай, сонымен қатар әртүрлі тәсілдер арқылы сабақты практикалық жағынан да қарастырамын. Сондай сабақтардың бірін өздеріңізге ұсынғалы отырмын.

Сабақтың мақсаты: компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту. Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайд - шоу, электронды оқулық, компьютер.
Түрі: білім мен іскерлікті игеру.

Әдіс - тәсілдері: кубизм, топтық жұмыс
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды

Кіріспе бөлім:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Компьютердің құрылғары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі». Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық. Өткен сабағымызда біз дербес компьютер дегеніміз не, оның қандай негізгі бөліктерден тұратынын білдік. Оның ішінде Жүйелі блоктың қандай маңызды роль атқаратынын, монитордың қызметін, пернетақта мен тышқанның атқаратын қызметін және түрлерімен таныстық.
Олай болса үй тапсырмасын кубик лақтыру арқылы жауап берсек.
Енді жаңа сабаққа көшейік. Бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. «Қазіргі заманғы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз»
Сабағымыздың міндеті – Тақырыбымда көрсетілгендей Компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыру және меңгерту. Ең алдымен компьютердің шығу тарихын еске түсіріп көрейік. (слайд көрсету)
Олай болса біз қандай қосымша құрылғыларды білеміз.
Электрондық оқулыққа назар салайық. (7 сыныптың электрондық оқулығын ашамын).
Слайд көрсету арқылы тағы да басқа құрылғылармен таныстырамын.

Енді басқа сабақтарымыздағыдай екі топқа бөленейік. Осы екі топ болып әрі қарай сабақты жарыс түрінде өткіземіз. Олай болса бір - бірімізбен сәлемдесейік. Екі топ өз тобын таныстырады. Орындарына отырады.
1. Мен техник - құрастырушымын атты бөлімнен бастаймыз. Енді 1 топ компьютердің құрылғыларын жалғайды. Ал 2 топ ДК - де тапсырма берілген тапсырма бойынша компьютерді жинау керексіздер. Орындарын ауыстырады. Топтар бағаланады.

2. Кім жылдам сайысы. Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы команда мүшелері тез жауап беруі керек. Команда мүшелері қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай беріледі.

Процессор тобына------Дисплей тобына
1. Пернетақта -------------1. Сканер
2. Принтер------------------2. Саусақтар
3. Жүйелі блок------------3. Монитор
4. кактус---------------------4.Тышқан
Демалыс сәті. Бүгін немес кеше естіген жаңалықтарыңызды мына парақтарға жазып, тақтаға жабыстырыңыздар. Ал екі топтан бір, бір бала шығып сарапшы болады. Балалар жазған жаңалықтарға сараптама жасайды. Жазып болғаннан соң екі сарапшы кез - келген бір телеарнаның дикторы ретінде сол жаңалықтарды оқып береді. Нәтижесінде қай топтың жаңалығы қызықты және дикторы жақсы сөйлесе сол топқа балл беріледі.

3. Компьютерлік фирма құру.
Мұнда топтар тек ДК – нің қосымша құрылғыларын сатумен айналысады. Сондықтан екі топ кез келген бір ойдан шығарылған құрылғы ойлап табады. Және оны сатады.
Қонақ мұғалімдер оны сатып алады.

Сабақты бекіту ретінде компьютердегі тапсырманы орындау керек, құрастырып шығу керек.

Үйге тапсырма: компьютердің пайдасы және зияны тақырыбында шығарма жазу.
7 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді асық ойыны
Көңілді асық ойыны
Компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Тақырып: Компьютер құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Информатика пәні мұғалімі Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Инженерлік калькулятор
Инженерлік калькулятор
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Дербес компьютерлер бөліктерінің негізгі қызметі
Дербес компьютерлер бөліктерінің негізгі қызметі
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №2 орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру. Дамытушылық:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×