Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымша

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
2) тәрбиелік: ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу;
3) дамытушылық: фонетика, лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, ұжымдық талдау, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тақырыпқа арналған кесте, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу; ә) сыныптың тазалығы мен оқушының сабаққа дайындығына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Сөз тұлғасы деген не?
2) Сөзжасам нені зерттейді?
3) Сөзжасамның басты сипаты.

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан
Қиынды көргенім жоқ.
(Бұқар жырау)
Өлеңнен түбір сөздер мен қосымша жалғанған сөздерді тапқызу.
Түбір сөздер: ел, қиын, емес, қол, шаршы, сөз, жоқ.
Қосымшалы сөздер: бастау, қонатын, жерден, табылады, шабатын, бастаудан.
Ел бас қиын емес,
Қон жер көл тап.
Қол бас қиын емес,
Шап жер ел тап.
Шаршы топ сөз бас
Қиын көр жоқ.
Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы түбір мен қосымша.
Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың мағыналы бөлшегі.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз, ал түбір мен қосымшадан құралып тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз.
Мысалы: жұмыс - шы - лар, әдеп - ті, намыс - қой, ардагер - лер - і - міз - дің, ұстаз - дар - ға, шәкірт - тер - і - міз - дің.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нұрмолдаева Райхан Дастанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Презентациясын жүктеу[/hide]
6 445
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Қосымшаның неліктен жалғанатынын ұғу үшін өлең жолдарындағы қосымшаларды өшіріп, дауыстап оқытылады. Қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыратынын оқушының өзі айтады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×