Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаевтың "Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі

12 қазан 2014, Жексенбі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру. Теориялық ұғымдарды меңгерту.
2. Тәрбиелік мақсаты: Патриотизмге, Отанды сүюге, адамгершілікке баулу. Поэзия, сөз өнері, көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, тестік сауалдар, мәнерлеп жатқа оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Ж. Жабаев суреттері, шығармалары, “Дастан ата” кітабы.
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу, ән - музыка.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
б) сабаққа назар аударту мақсатында:
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптанын – деп жырлаған Жамбыл ақынның асқақ үні ұрпағына деген аталық зор махаббатын, ақ пейілдің куәсіндей.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
Ендеше, екі ғасырдың куәсі Ж. Жабаевтың өмірбаян мен шығармашылығы жайлы жоспар бойынша баяндаймыз.
1. Жамбылдың бала атануы
2. Қобызшы бала
3. Алғашқы дәріс
4. Жарапазан
5. Менің пірім - Сүйінбай
6. Жамбыл - айтыскер ақын
7. Шоқанға кездесуі
8. Алғашқы оңтүстік
9. “Ленинградтық өрендерім”
10. “Аттандыру” өлеңін жатқа сұрау.

Жоспар бойынша тыңдалғаннан соң, ақынның бір шумақ өлеңін оқимын:
Көктей түс Отанымның шаттық бағы
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары.

Бұл өлең 1938жылы жазылған. “Күн толғауынан” үзінді. Ол кез бейбіт өмір болатын. Содан кейін Ұлы Отан соғысы басталып кетті.
Сұрақ: 1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды және қашан аяқталды? Осы сияқты Ұлы Отан соғысы жылдарында да халық майданға аттандырған әке, аға, бала, жақындарына арнап қоштасу өлеңдерін шығарған. Соның бірі – Жамбылдың “Аттандыру” өлеңі.

Жаңа сабақ:
I. Жәкеннің өз белінен алты ұл болған: Қожамберді, Қожаш, Аққұл, Ізтілеу, Алғадай, Тезекбай. Алдыңғы екеуі ертерек өліпті. Ізтілеумен Алғадай армия қатарына алынады. Алғадайдың көрсеткен ерліктерін айтып, бөлім бастығы хат жазғанда, Жәкең қатты қуанды. 1942 жылдың күзінде Алғадайдың өзі әкесіне хат жазып, ерлік істерімен таныстырады. Баласына қайтарған жауабында ақын:
Хатыңды, балам, оқыдым,
Қалыңды білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын.
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман...
Есіңде, балам, бар шығар.
Айтқаным Отан әмірін,
Шегінбе жаудан, жанды сал,
Шешілмек содан тағдырың! – деп баласына рух бере түсіп,
Достарыңа сәлем айт!
Жауларыңды жеңіп қайт!- деп тілек білдіреді.
Жәкең ақын Алғадайды жақсы көріп, “Өзге баларым бір төбе, бұл бір төбе” деп отырады екен. Сұрақ: тағы қандай ақынды білесіңдер, баласына өлең шығарған?
Жауап: Абай “Әбдірахманға”

Алғадай

әке көрген
әкесінің сүйікті ұлы
арманшыл
адал
ақылды
ер жүрек
ибалы
сыйлы

II. Ақынның “Алғадай туралы әрбір ой” өлеңі мәнерлеп оқылады. (мұғалім)
Сұрақтар: 1. Алғадай кім?
2. Ақын ата неге оған күңіреніп өлең шығарады?
3. Ақын оны неге жоқтайды?
4. Алғадай неге, кім үшін мерт болды?
5. Соғысқа арналған тағы қандай өлеңдері бар?

III. 1943 ж. баласы Алғадайдың Ұлы Отан соғысында ерлікпен қайтыс болғанын, Ғали Орманов (сол кездегі хатшысы), Әбділдә Тәжібаевтар естірткенде осы жырын шығарған?

Сұрақтар: 1. Өлеңнің 1 - ші және 2 - ші бөлімдерінің мазмұннан баласын жоғалтқан әкесінің қайғысын қалай байқауға болады?
2. 3 - ші бөлімінде әке өзіне қалай тоқтау айтады?

IV. Әдебиет теориясы:
Халық поэзиясының шағын түрлері:
Тұрмыс - салт жырлары
(жар - жар, беташар, сынсу, бесік жыры),

Мұң - шер өлеңдер
(қоштасу, естірту, жоқтау, бата)

Балалар, өлеңді талдай отырып, ақынның өлеңдеріне ортақ кейіпкер “Алғадайға” мінездеме жасайық. (Ассоциация әдісімен)
Сұрақтар: 1. Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
2. Алдағы жылы жеңістің неше жылдық мерекесі тойланады?
3. Жамбыл қандай ақын? (Ассоциация әдісімен)
Жамбыл - айтыскер ақын, абыз жырау, эпик ақын, жауынгер ақын.

Қорытынды: 1. Тестік сауалдар
2. Жазған әңгімелер оқыту
“Біз соғысты көрген жоқпыз”, “Соғыс болмасын!”
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма: өлеңді жатқа айту.

Тестік сауалдар
1. Ж. Жабаев қай жылы туды?
А) 1839ж.
Ә) 1843ж.
Б) 1846ж.
В) 1849ж.
2. Жамбылдың әкесінің аты?
А) Ыстыбай
Ә) Жабай (Жапа)
Б) Сүіндік
В) Көкім
3. Жамбылдың шешесінің аты?
А) Ұлдан
Ә) Құртқа
Б) Ләсиман
В) Сара
4. Жамбылдың шыққан жері?
А) Арғын - Ақжол
Ә) Албан - Айт
Б) Шапрашты - Екей
В) Найман
5. Ақынның ең алғашқы жері?
А) Шағым
Ә) Көкімге
Б) Өсиет
6. Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы
А) Кенен
Ә) Ыбырай
Б) Сүйінбай
В) Шоқан
7. Құламбет пен Жамбыл қай жылы айтысты?
А) 1880ж.
Ә) 1886ж.
Б) 1897ж.
В) 1899ж.
8. Жамбылдың шәкірті
А) Нұрила
Ә) Кенен
Б) Айкүміс
В) Сара
9. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлы
А) Тезекбай
Ә) Қанан
Б) Тәйті
В) Алғадай
10. Жамбыл Мемлекеттік сыйлығын қай жылы алады?
А) 1899ж.
Ә) 1909ж.
Б) 1932ж.
В) 1941ж.
15 274
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
Махамбеттің шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау облысы, Атырау қаласы, А. С. Пушкин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тұрғанова Айман Тұрғанқызы
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×