Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дулат Исабековтың "Ата үміті" повесі

23 қараша 2014, Жексенбі
Қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырып: Д. Исабековтың «Ата үміті» повесі
Сабақтың мақсаты: повестің мазмұнын топтаса отырып білу, түсіну. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы повесті талдау. Алған білімдерін жинақтау.
Модульдердің кіріктірілуі: сыни тұрғыда ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда акт - ны пайдалану, оқыту мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау: өзін - өзі стикер арқылы бағалау
Оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Миға шабуыл»әдісі, «Кім тапқыр?» ойыны, топтастыру әдісі, венн диаграммамен жұмыс, бес минуттық эссе жазу әдісі, INSERT стратегиясы
Оқып үйренудің нәтижесі: повестің мазмұнын топтаса отырып біледі, түсінеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы повесті талдайды. Алған білімдерін жинақтайды.

Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын түгендеу. Психологиялық атмосфераны қалыптастыру. «Шаттық шеңбер» әдісі арқылы оқушылар көздерін жұмып, бір - бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

2 «Миға шабуыл»әдісі арқылы оқушылардың бір - бірлеріне сұрақтарды қойдыртады.
3 Түсіну.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дулат Исабековтің өмірі, шығармашылығы, «Ата үміті» хикаяты («Дермене» хикаятынан үзінді) жайлы толық түсінік беремін.
Омаш қылығын жазалау, яғни істеген істері үшін Омашты жазалау.
Сот сабағы.
Сонымен, балалар, естеріңде болсын, істеген бұзықтық үшін адам бірінші ар алдында, екінші сот алдында жауап беру керек.
Шығармада Омашты жазалады ма?
Жоқ, ендеше, оны біз жазалаймыз. Ал шығармада Омашты неге соттамады?
Балалар жауабы: Тоқсанбай оны жауапқа тартқызбады, шағымданбады.
Сонымен, бүгінгі сабағымыз - сот сабағы.
Көрініс: «Омаштың іс - әрекеттері»
Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді.
Сот: Отырыңдар. Біз бүгін Қазақстан Республикасының азаматы Омашты қылмыстық кодекстің бабына сәйкес қылмыс жасады деген айыппен осы істі қарауға кірісеміз.
Хатшы: Айыптаушыға сөз береміз.
Айыптаушы: Сіз неге дерменені ұрладыңыз?
Омаш: Жұмыс жоқ. Тұрмысым нашар болды.
Айыптаушы: Сіз сонда өз еңбегімен тапқан дерменешілер жайлы ойлаған жоқсыз ба?
Омаш: Жоқ, менің ол кезде ары қарай өмір сүруім үшін, күнделікті жейтін тамағым үшін ақша керек болды.
Айыптаушы: Сонда сіз нағыз өзімшіл болдыңыз ғой.
Ақтаушы: Қарсымын. Жеке басының намысына тиіп отырсыз.
Сот: Қабылдаймын.
Айыптаушы: Онда сұрақты былай қояйын, сіз сонда жеке басыңыздың қамын ойладыңыз ғой.
Омаш: Иә.
Айыптаушы: Менің сұрағым бітті.
Хатшы: Ақтаушы, қоя сұрағыңыз
барма? Ақтаушы: Жоқ.
Айыптаушы: Онда куәгерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіз. Сот: Рұқсат.
Ақтаушы: Сіз есекті Омаш ұрлағанын көрдіңіз бе?
Малшы: Жоқ.
Ақтаушы: Оңда есекті Омаш ұрлағанын сіз қайдан білесіз?
Малшы: Мен күндіз жұмыс істеймін де, түнде есегімді жайылымға жіберемін, түн ортасында тұрып қарап келетінмін, бірақ сол жолы шықсам есегім жоқ болып шықты. Ұзап кеткен шығар деп бақылап жүрдім. Сонда мен баланың есекпен арбаны жегіп қойып кетіп бара жатқанын көрдім.
Ақтаушы: Сіз сонымен есекті Омаш ұрлағанын сеніммен айта алмайсыз ғой, сіз оны көзбен көрген жоқсыз гой?
Малшы: Толық сеніммен айта алмаймын.
Ақтаушы: Менің сөзім бітті.
Айыптаушы: Енді ортаға тағы бір куәгерді шақыруға рұқсат етіңіз.
Сот: Рұқсат.
Айыптаушы: Сіз Омашты көрдіңіз бе?
Қырманшы: Иә.
Айыптаушы: Сағат нешеде?
Қырманшы: Білмеймін, есімде жоқ.
Ақтаушы: Қарсымын, қырманшының дәлелі жеткіліксіз. Оның қылмысын кім дәлелдеп береді?
Сот: Қабылдаймын.
Қырманшы: Тоқсанбай қарт дәлелдеп береді.
Айыптаушы: Онда Тоқсанбай қартты шақыруға рұқсат етіңіз.
Сот: Рұқсат.
Айыптаушы: Сіз Омашты қайдан білесіз?
Тоқсанбай қарт: Біз дермене шабуға келгенде Омаш бізді қорқытып, келісімімізсіз-ақ бірге тұрды.
Айыптаушы: Сіз неге немереңізді ондайға жібердіңіз?
Қарт: Өйткені біз Омаштан қорқатынбыз. Ол бізді "Ағашқа байлап қоям, суға батырамын" деп қорқытты.
Ақтаушы: Омаш, сіз қарттың айтқанына келісесіз бе?
Омаш: Иә.
Ақтаушы: Сіз Омаштан қорыққаннан заң орындарына хабарламадыңыз ба?
Қарт: Иә.
Ақтаушы: Менің сұрағым бітті.
Айыптаушы: Сіздер көріп отырғандай, бұл адам - қылмыскер. Қорғансыз қарт пен немересін жәбірледі, қорқытты, бұл да - қылмыс. Біреудің есегін ұрлады. Бұдан кейін бұны қалай қылмыскер демейсің?! Омаш қолымен істегенін мойнымен көтерсің. Егер сіздер Омашты ақтап жіберсеңіздер, ол енді жаман іске жуымаймын деп уәде беріп, ертеңінде осы істерін қайталамайтынына кім кепіл?! Менің ойымша, оңай ақша тауып, жалқаулыққа бой ұрған адам түзелмес. Омаш - ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп үйренген адам. Жазасын өтесін.
Ақтаушы: Сіздердің ойларыңызша, мына отырған адам - қылмыскер, бірақ біз бұны басқа жағымен қарасақ, бұл - адам, яғни Омаш тағдыр тәлкегіне түскен. Соғыстан кейінгі жағдайды өздеріңіз мен айтпай - ақ білесіздер. Жоқшылықты көрген, тұрмыс жағдайы нашар адам, бұл адамды да түсінуге болады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, өмірінде бір рет көп ақшаны қолына ұстап көруге, қиыншылық пен жоқшылықтан құтылмақ болады, бірақ Омаш оңайлықпен ақша табам деген қате болғанын біледі.

Тағы да айта кететін жайт: ол өз қателігін мойындап отыр, сондықтан да оның жазасын жеңілдетесіздер деп ойлаймын.
Хатшы: Сот ақтық шешім шығару үшін үзіліс жариялаймын.
Сот шешімі: Бүгін біз Қазақстан Республикасы азаматтық заң кодексі бойынша осы Республика азаматы Омашты 3 жыл бас бостандағынан айырамыз, еңбекпен түзеу колониясында жазасын өтейді.
Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылығы. «Үркер», романының мазмұны туралы жаздыртамын. "Үркер" романы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыптардың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар Кенесары
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махымова Гульжаухар Бейсембаевна
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×