Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мінездеме, өмірбаян

13 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мінездеме, өмірбаян
Сабақтың мақсаты: 1) мінездеме және өмірбаян туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
3) оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын:
4. қазақ тіліндегі стиль түрлері айтып бер.
5. Аузекі сөйлеу стиль туралы айтып бер
6. Көркем әдебиеті стилі туралы не айта аласыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты - жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі - адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты - жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С. Мұқанов - «Аққан жұлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман - эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Өмірбаянның мазмұндық - құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты - жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық - саяси қызметі
6. Ата - анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен - жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан - жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаян үлгілері.
Өмірбаян

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан - Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата - анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2 - курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита - 3" ықшам ауданы, 26 - үй, 48 - пәтер, тел. 29 - 48 - 56.
Мінездеме, оның түрлері.
Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез - қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т. б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату үшін"т. б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.
Жаттығумен жұмыс: оқушылар бір - бірлеріне мінездеме жазады.
Білімді бекіту: Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Мінездеме қандай жазылады?
2. Өмірбаян қандай жазылады?
3. Ресми іс - қағаздарға тағы қайсылар кіреді?
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Өмірбаян жазып келу.
13 381
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Өтініш, сенімхат
Өтініш, сенімхат
Өтініш және сенімхат туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×