Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

22 наурыз 2018, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті сабағы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан алынған үзіндідегі әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін зерттеу арқылы оқушылардың білімін тереңдете түсу;
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еркін ойлау және еркін сөйлей білу қабілеттерін арттыру, өздігінен арттыру, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелік мақсаты: Туған тілін, елін, жерін, халқын, тарихын сүюге, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сараптама жасау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: зерттеу, зерделеу, түйіндеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін - өзі тану
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаевтың шығармалар жинағы, интерактивті тақтамен жұмыс: слайд, кестелер, сызбалар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ Жаңа сабақ
Ескерту: оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау, оны кестеге түсіру алдын - ала тапсырылады.

Мағжан, ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
Жүсіпбек Аймауытов

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақын - дарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп - сезгендей боламын.
Мағжан – мәдениеті зор ақын... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі.
(Мұхтар Әуезов)

Мағжан

ақын
психолог
лирик
алаштың ардағы
ұлт мақтанышы
ұстаз
дала ұлы
азамат

Өмірдерек
Өмірі мен шығармашылық жолы
1893 жыл 25 маусым. Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі М. Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында дүниеге келген.
1897 жыл. Әкесі Бекеннің ауыл балаларына арнап ашқан мектебінде 4 жасынан бастап оқып, білім алады. Содан соң Қызылжар медресесінде 4 жыл оқиды, араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді.
1910 - 1912 жылдар. Уфадағы Медресе - Ғалияға түсіп, онда ұстаздық ететін атақты татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресе шәкірті Бейімбет Майлинмен танысады, өзара пікірлес, мақсаттас, мүдделес тіршілік етіп, ғұмыр кешеді.
1912 жыл. Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді.
1913 - 1917 жылдар. Омбы қаласындағы Сібір университеті атанған Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды.
1917 жыл. «Алашорда» партиясының құрылтай съезіне қатысып, Омбыда құрылған Ақмола облыстық үкіметіне, оның оқу комиссиясына мүше болып сайланады,
1919 жыл. Қызылжардағы «Бостандық» газетінде редактор болып қызмет етеді.
1922 жыл. Ташкентке келіп, «Ақ жол» газетінің, «Шолпан», «Сана» журналдарының жұмысына белсене араласады, бұл жылдар ақын шығармашылығының жемісті жылдары болады. Ташкенттегі Қазақ - қырғыз институтында сабақ береді
Мәскеуде оқитын қазақ жастары ақын өлеңдерін талқылап, оған «ұлтшыл, түрікшіл, ескі өмірді көксейді, т. б. айыптар тағады.
1924 жыл. Басына тағы да қатердің қара бұлты төнген Мағжан амалсыз Ташкенттен Мәскеуге келеді, «Күншығыс» баспасында аудармашы болып қызмет етеді.
1924 - 1927 жж. Мәскеудегі В. Брюсов атындағы Көркем әдебиет институтында оқиды.

М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. жүктеу
1 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін кеңейту. Поэманы жан-жақты талдау, тарихи мәліметтер беру. Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×