Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері

26 қаңтар 2013, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері

Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Ақын Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту. Шортанбай өлеңдеріндегі қоғамдық мәселелердің мәні, заман көрінісі, толғауларының ерекшелігі мен тіліне талдау
- Дамытушылық: Оқушылардың зар заман туралы түсініктерін кеңейте отырып, тарихи негізін білуге, өзіндік ойын тұжырымдап айта білуге, талдай алуға мүмкіндік туғызу.
- Тәрбиелілік: Оқушыларды әділеттілікке, адамгершілікке, тіл мәдениетіне баулу.

Сабақтың түрі: бекіту, әдеби - танымдық, шығармашылық.
Әдіс - тәсілі: оқу, баяндау, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау, ішінара ізденіс, ой толғау.
Көрнекілігі: сызба - кесте, қима қағаздар, интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы XIX ғ. II жартысындағы қазақ мәдениеті, тарихы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Шортанбай Қанайұлының өмірі, шығармашылығы мен XIX ғ. II ж. Қазақстан мәдениеті, тарихы туралы баяндау.

I. Білім шыңы (сұрақтарға жауап)
1. Шортанбай ақынның туған жері;
2. Ақынның туған жылы;
3. Шортанбай қай төренің аулында болған;
4. «Бала зары» жинағы қайда басылып шықты;
5. Шортанбай кімдермен айтысты?
6. Шортанбай ақынның қайтыс болған жері?
7. Шығармаларының мазмұны.
8. «Зар заман» өлеңінің тақырыбы не?

Зар заман ақындары өлеңдерін салыстырып көрейік

Дулат
Аға, сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері
Жемтікке қонған күшіген.
Майырдың алса бұйрығын
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.

Мұрат
Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны
Жайықты тартып алғыны,
Жағаға қолды салғаны
Ойылды тартып алғаны
Ойдағысы болғаны.

Шортанбай
Зар, зар заман, зар заман
Зарлап өткен бір заман
Әуелгі қорлар зор болды
Сондай зорлар қор болды
Әуелгі барлар жоқ болды.
Жөн білмеген жамандар,
Ел билеген бек болды.

Осы әділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Шортанбай, Мұрат секілді ақындар өткен хандық дәуірін көксеп, жаңа заманның бұзылуын, орыс әкімдерінің озбырлығын әшкерелеп сынаған.

Неліктен осы кезең «Зар заман» деп аталды

Алым - салықтың ауыртпалығы, Патшалы Ресейдің отарлауы,1822ж. ел билеу ережесі зар заман «1868ж. Жаңа низам» заңы
Хандық жүйенің бұзылуы аға сұлтандар, әскери майор,шенді офицер пара алу, жала жабу

Ел қамқоршысы Шортанбай айтыс өнерінің жүйрігі
Діндар шындықты көксеген өткір тілді ақын

Шығармалары Бала зары
Опасыз жалған
Осынша азды ел неден?
Байды құдай атқаны
Зар заман
Атамыз - адам пайғамбар
Бір насихат айтайын
Қалықтаған сұңқар ем
Жарлының жаны берік - ті

3. Алған білімдерін тиянақтау (сынып үш топқа бөлінеді)
№1 ТАПСЫРМА. Берілген толғауларының мәнін аш(тіліне, көркемдігіне талдайды)

Атамыз - Адам пайғамбар Жолдас болсаң жақсымен Мейірім кетті пендеден
Дұғай сәлем айтайын Төрт жардан шыққан би болар. Ертістің басы қара дөң
Ақсақалдан әл кетті

№2 ТАПСЫРМА
Шортанбай және Абай (ақын өлеңдеріндегі үндестік)

Шортанбай
Заманақыр кезінде –
Ұл сыйламас атасын
Қыз сыйламас анасын –
Жасы он беске келген соң
Кеммін бе деп тап сенен
Шешесімен жарысып
Салыстырар шүйдесі мен жотасын

Абай
Заманақыр жастары
Қосылмас әбден бастары
Бір - біріне қастыққа
Қойнына тыққан тастары

Екі ақында қоғамның бұзыла бастағанын, ұят, сыйластық кететіне көзі жеткен ошақтың түтіні де түзу шықпағанын айтады.

Шортанбай
Ұзын аққан Сарысуды,
Өзің жайлап жағала.
Жүйрік пенен жорғаңды,
Өзің мініп бағала.

Ертістің басы қара дөң,
Еңкейе біткен қара дөң.
Арқа деген құба жөн,
Айнала біткен көл екен.

Абай
Жаздыгүні шілде болғанда
Көк орай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда.

Екі ақынның өлеңінде де қазақ ауылының көркі суреттелген

Шортанбай
Билер пара жемеңдер
Жалғанды жолдас демеңдер
Жатты тіпті кезбеңдер
Кісі ақысын алмаңдар
Ауызға харам салмаңдар
Шошала деген үй шығар
Шошаңдаған би шығар.

Абай
Ел жанаған билер жоқ
Ел қыдырып сандалды
Астыртын барып жолығысқан
Ақша беріп жалғасқан
Ақысын әрең сол алды
Орыс сияз қылдырса
Қу старшын, аш билер
Аз жүрегін жалғайды.

Ендігінің биі ұлық орысқа сүйеніп, халқын қандалаша сора бастағанын, заман аздырған, қу құлқынның құлы билерден өкіне түңіледі.

Шортанбай
Құдайға тәуба қыла алмай,
Меке жүзін көре алмай.
Құлқынымды тия алмай,
Бедқарды қылдам жасымды.
Қайғылы болып барамын,
Жалғанды жеген парама.
Тары жеген тауық ем,
Жалғанның ебін тауып ем.

Абай
Осыншама ақымақ болғаным,
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің,
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен біліміне,
Әлден үміт үзіппін.
Айла менен амалды,
Меруерттей тізіппін.

Шортанбай да Абай да артына жұрт ғибрат етер сөз қалдырған. Екеуі де «Мен» дүниеге қызықтым, тоймадым деп өз атына біраз сөз жазған ақын. Шындығында екеуі де дүние ісінен аулақ, тек азаматтың қамын жеген тұлғалар еді. Ақынның «Мені» тек өзі туралы ғана емес, адам ұрпағының көрген ісі, жасаған қиянаты екенін айтады. Ол – поэзия қағидасы.
Ой толғау
«Шортанбай – ел қамын ойлаған ақын
Қорыта келгенде, Шортанбай өз дәуірінде көп шындықтың бетін ашып, халықтың ауыр тұрмысын көре білген, отаршылдықты, Ресейдің ел билеу жүйесін сынаған ақын.
Үйге тапсырма: Реферат «Шортанбай - зар заман ақыны»
Бағалау.
15 534
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ұлы ақынның шығармаларын оқыта отырып, Шортанбайдың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу. Білім алушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып. Жылына 68 с, аптасына 2 c
Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек»
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Шортанбайдың Зар заман өлеңдер топтамасы – заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйген жанның толғанысы, дәуір айнасы», деп бағасын берген. Шортанбай – өмір сүрген дәуірдің ащы шындығын өткір тілмен
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Шортанбай Қанайұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау - Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп,
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Мамбетаев Оралғалы Айдарханұлы Абай атындағы РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×