Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қырық өтірік ертегісіндегі Тазша бала бейнесі

28 сәуір 2013, Жексенбі
Cабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі (презентациясымен)

«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Мақсаттары:
1. Білімділік. Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерге талдау үлгілерін үйрену
2. Дамытушылық. Салыстыру, көркем бейнелі тіркестерді тапқызу арқылы ізденгіштікке, Тазша бейнесін сомдау арқылы әртістікке, өз ойларын жүйелі жеткізуге баулу
3. Тәрбиелік. Кейіпкер бойындағы байқампаздыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ
Көрнекі құралдар: Тазшаның суреті, сахнаның безендірілуі, кубизм әдісінің
тапсырмалары жазылған кесте

Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын сұрау. 1. Ертегіні бөлімдерге бөліп ат қою.
2. Сахналық көрініс (Хан бұйрығы, тазшаның әңгімесі)

І. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім: Оқушылар, бізге ертегілер әлеміндегі тазша баладан хат келіпті. Хатында
«Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! «Қырық өтірік» ертегісін оқып, менің тапқырлығыма, шешендігіме тәнті болған шығарсыңдар. Тұрмыстық, шаруашылық заттар мен жан - жануар, жәндіктер, яғни табиғат әлемін қисыннан қиыстырып, әңгіме, өлең құрастырдым. Бұл менің көп білетіндігім, білімділігім. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білімді болу қажет. Менің басқа да қырларым өте көп, сіздерді ертегілер әлеміне терең еніп, үлгі алуға шақырамын» депті. Ендеше Тазша бейнесін жан - жақты талдайық.
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі
І. Мінездеу. ( Тазша балаға мінездеме жасау)
ІІ. Салыстыру (Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)
ІІІ. Зерделеу (Тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп
жазу)
ІV. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )

Мінездеу
Мінезі Қай оқиға тұсында
Батыл, өжет Ханның алдына келуі
Тапқыр
Әңгіме, өлең шығаруы
Шапшаң
Шешен
Білімді, ақылды

Салыстыру. Венн диаграммасы
- Тазша бала (ерекшелігі)
- Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды
- Хан алдына өзі келді
- қиялшыл
Ұқсастығы
Екеуі де хан бұйрығын орындады
Екеуі де тапқыр
Екеуі де ақылды
Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
- Ханның алдына уәзірлері әкелді
- сыншы
шешен
батыл
Зерделеу. Үмітсіз шайтан, «Ер еңбегіне бір тойсын», біте қайнаған замандас

ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Тазша бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Тазша бала болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Тазша болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
Үйге тапсырма беру: Өтірік өлең құрастырып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тазша бала - 2017 сайысы
Тазша бала - 2017 сайысы
Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен балалардың қиял көкжиегін кеңейту, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерін насихаттау,«Тазша бала» бейнесін сомдау арқылы тапқырлыққа, озық ойлылыққа, шешендікке баулу.
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер
Аңыз дегеніміз – тарихта болған адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс - әрекеттері жайлы туындаған шығарма. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі – тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі.
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету
Ауыз әдебиеті - асыл мұра
Ауыз әдебиеті - асыл мұра
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Нургалиева Айгуль Владимировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×