Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеу

25 қазан 2013, Жұма
Тақырыбы: Үстеу
Білімділік мақсаты: оқушыларға етістіктен алған білімдерін пысықтай отырып, үстеу туралы жаңа теориялық білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Жаттығу - талдау жұмыстары арқылы жүйелі талдау, ой қорытындысын жасау, қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік мақсаты: келтірілетін мысалдар мен жаттығулар арқылы оқушыларды еңбекке, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Көрнекілігі: тірек - сызба, семантикалық карта.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу, «Конькиші» ойыны.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дене шынықтыру

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Өтілген тақырыпты пысықтау. Семантикалық карта арқылы және тақтаға екі етістікке сатылай кешенді талдау.
Етістік
-------------Негізгі -- Туынды -- Болымды -- Болымсыз -- Салт -- Сабақты -- Есімше -- Көсемше -- Тұйық
Кел
Ойлама
айтқан
барамын
сөйлемеу

Сөйлемнен етістіктерді тауып, сатылай кешенді талдау жаса.
Дала тіршілігі басталғалы тұр.
Басталғалы тұр
І. Құрамына қарай: екі құрамды
ІІ. Тұлғасына қарай: туынды, бас деген зат есімнен – та деген жұрнақ арқылы қимылды білдіретін сөз жасалып тұр, екі сөздің тіркесуі арқылы
ІІІ. Құрылысына қарай: күрделі
ІҮ. Лексикалық мағынасы: қимылды білдіреді
Ү. Грамматикалық мағынасы: етістік, болымды, салт, көсемше тұлғалы, - л ырықсыз етіс жұрнағы, тұр деген көмекші етістік тіркесіп тұр
ҮІ. Сөйлемдегі қызметі: баяндауыш
Мен көрмеген болдым.
Көрмеген болдым
І. Құрамына қарай: екі құрамды
ІІ. Тұлғасына қарай: туынды, екі сөздің тіркесуі арқылы
ІІІ. Құрылысына қарай: күрделі
ІҮ. Лексикалық мағынасы: қимылды білдіреді
Ү. Грамматикалық мағынасы: етістік, болымсыз, сабақты, есімше тұлғалы, жіктік жалғауының бірінші жағында тұр
ҮІ. Сөйлемдегі қызметі: баяндауыш

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Балалар, біз сендермен осы уақытқа дейін морфологияның бірнеше бөлімдерімен таныстық. Олар: зат есім, сан есім, сын есім, етістік. Ал бүгінгі танысатынымыз – үстеу. Тілімізде қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т. б. сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Биыл өнім жақсы шықты. Мен жаяу келдім. Асан ентігіп сөйледі. Көріп отырғанымыздай биыл, жақсы, үйге, жаяу, ентігіп деген сөздер тікелей етістікке, демек қимылға қатысты болып, солармен тіркесіп жұмсалған. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылатын сөздердің бәрі бірдей үстеу бола бермейді. Сөйлемде қимыл, іс - әрекеттің, сын - сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін білдіріп, өзертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу дейміз.

ІҮ. Жаттығу жұмыстарын орындату.
269 - жаттығу. Көшіріп, үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы олардың қай сөзге қатысты екенін айтыңдар.
270 - жаттығу. Оқып шығып, үстеулерді табыңдар, оларға өздері қатысты сөз арқылы сұрақ қойыңдар.

Ү. Жекелеген оқушыларға үлестірме материалдар тарату.
1. Сөйлемнен үстеуді тауып, сұрақ қой. Дыбыстық жағына талдау жаса. Қарлығаш мәтінді жылдам оқып шықты.
2. Сөйлемді көшіріп жазып, үстеуді тап. Сұрақ қой. Сол сөзге дыбыстық талдау жаса. Айжан сабаққа ерте келді.

ҮІ. Сабақты бекіту. «Конькиші» ойыны. Тақтаға конькишінің суреті ілінеді. Оқушы артына жасырынған сұраққа жауап береді.

1. Үстеуді тап. Ілгері қарай жүре бердім.
2. Үстеу дегенді қалай түсінесің?
3. Үстеудің ең басты ерекшелігі қандай?
4. Үстеуді тап, сұрақ қой. Поездан әдейі түсіп қалды.
5. Үстеу сөйлемде қандай сөз табымен байланысып тұрады?
6. Берілген сөйлемде үстеу қандай қызмет атқарып тұр? Еріншектің ертеңі бітпес.

ҮІІ. Құрамында үстеуі бар мақал - мәтелдер айту.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
Көш жүре түзеледі.
Қайтып келер есікті қатты жаппа.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Оқушыларды бағалау
22 590
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тілі мұғалімі: Сымбат Таңсықханқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Алдыңғы сабақтарда өткенді еске түсіріп, қайталау арқылы алған білімдерін қорытындылау, Етістіктің түрлері мен жасалуының қолданысын ұғындыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×