Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлы

28 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
8 сыныбыпта өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Пән мұғалімі: Қосбармахова Руа Ақсырғаевна

Қазақ тілі
Сыныбы: 8 (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы
Сілтеме Қазақ тілі Орыс тілінде білім беретен мектептің 8 - сыныбына арналған оқулық, С. Дюсебаев, Г. Байтілуова., А. Қошқари, Г. Боранбаев Алматы: Мектеп, 2012. – 187 бет.
Мақсаты:
Білімділік: Момышұлының өмірі, қаһармандық ерлігі, шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру.
э) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Б. Момышұлының нақыл сөздері, ерлігі арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту; Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, тәртіпке тәрбиелеу.
Дамытушылық: мәтінмен жұмыс, постер қорғау, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Білімдерін, сөз байлығын жан - жақтылы кеңейту арқылы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Күтілетін нәтиже:
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, Ұлы отан соғысы батырларының ерліктер арқылы Отанды қорғау, елін сүю деген сөздердің мән - мағынасына үңіледі, Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері арқылы ұлттық құндылықты сақтауға, қадірлеуді, тілді құрметтеу сезімі артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Грамматикалық материалдар қайталанып, бекітіледі.;

Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
 Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.
 Тәртіпке бас иген құл болмайды.
 Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.
 Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім?
 Шоқан Уәлиханов туралы жазған қай жазушы?
 “Менің атым Қожа” повесінің авторы кім?
 Өтебай Тұрманжановтың қандай шығармаларын білесіңдер?
 “Өз бақытыңды өз қолыңмен жасау керек” деген қорытынды кімнің қандай шығармасынан?
 Мұзафар Әлімбаев “Ту тіккен” дастанында кімнің және қандай ерлігі жырланады?

Бауыржан Момышұлы (24. 12. 1910ж - 10. 06. 1982 ж)
Кеңес Одағының батыры, “Халық қаһарманы”, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы

“Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде”,-
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде
Бауыржан Момышұлы

Мәтінмен жұмыс
187 беттегі Бауыржан Момышұлы мәтінін оқу
Сөздікпен жұмыс
даңқты - прославленный
қаржы мекемесі - финансовое учереждение
жасақталған - сформированный
кескілескен шайқастар - кровополитные сражения
қоршау - оқружение
жауынгерлік - боевой
тасжол - шоссе
жарлығымен - Указом

Оқулық 187 бет
 Белгіленген тақырып бойынша постер дайындау
 тақырыптың ашылуы
 постердің безендірілуі
 топтың бірлескен жұмысы

Ө М І Р Б А Я Н Ы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған.
Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі
Мектеп бітіріп, біраз уақыт мұғалім болады. 1932 жылы әскер қатарына алынады.
О Т Б А С Ы
Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні - зайыбы Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.
Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы
Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні — Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайын атасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады. Олардың бірі - “Шуақты күндер”.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 667
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру, «Орыс мектебінде» әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау, тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлсісу
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×