Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»
Сілтеме: Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, ғаламтор
Жалпы мақсаты:
• оқушылар әңгіменің мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер олардың іс - әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру;
• байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;
• шығарма идеясы негізінде оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, өз Отанын сүюге, ата - ананы құрметтеуге баулу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Танымдық ойлау қабілеттері дамиды, әңгіме желісі негізінде ой қорытып тұжырымдай білу, қолданылған жаңа технология тәсілдері негізінде жұмыс істей алуы.
Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Оқушыларды өз беттерінше шығарманың негізгі идеясын, көтерген мәселесін танып талдай білуге, шығарма негізінде оқушылар бойына ата - ананы құрметтеу сезімін ұялату.

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. 1 Оқушыларды сабаққа дайындау
1. 2 Оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Өтілген тақырыптарды пысықтау
«Жұмбақ терезе» ойыны арқылы оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. Ойын шарты бойынша әр топ ұпай сандары жазылған жұмбақ терезелерде жазылған сұрақтарға жауап береді.
Жұмыс түрі: топтық. І топ ІІ топ ІІІ топ
І топ: 1. Лиро – эпостық жырлар (10 ұпай)
2. «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге» өлеңдерінің авторы кім?(20 ұпай)
3. Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Берілген үзінді қандай өлеңнен алынған және өлеңнің авторы кім?(30 ұпай)
ІІ топ: 1. Қазақтың ұлы ақыны кім? (10 ұпай)
2. «Сен сұлу», «Мен жастарға сенемін» авторы кім? (20 ұпай)
3. Барлық адам баласы,
Өзіндей көрсе өзгені
Озбырлық өшіп қарасы
Өзімшілдік өлгені.
Берілген үзінді қандай өлеңнен алынған және өлеңнің авторы кім? (30 ұпай)
ІІІ топ: 1. «Ақиқат сыйы» еңбегінің авторы кім? (10 ұпай)
2. 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңа - арқа ауданында дүниеге келген ақын кім? (20 ұпай)
3. Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білелтұғын -
мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен. (30 ұпай)
Берілген үзінді қай шығармадан және авторы кім?
ІІІ.«Өлімді жеңген ана» әңгімесі бойынша әр топқа тапсырмалар беру.
3. 1 «Кім? Қайда?» ойыны
Ойын шарты бойынша әр топқа әңгіме кейіпкерлерінің сөздерінен үзінді оқылады. Т оп мүшелері бұл қай кейіпкердің сөзі екенін табады.
Жұмыс түрі: топтық.
І топ:
- Иә, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде о да бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ!... (Темірдің сөзі)

ІІ топ:
- Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді. Сенен туған бала, адам баласының өкінішін ақтай алатын ба еді. (Ананың Темірге айтқан сөзі)
ІІІ топ:
- Адам деген бала ғой. Өйткені ананың жанына көз салсаң, жүз есе бала, адам – қашан да анасының баласы. Сен, шал, білесің бе, сені де әйел тапты. (Ананың сөзі)
3. 2 «Білімді мыңды жығар» ойыны
Ойын шарты бойынша әр топ үлестірмелі кеспеде жазылған сұрақтарға жауап береді.
Жұмыс түрі: жұптық.
І топ:
1. Ақсақ Темір кім?
2. Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?
3. Ақсақ Темір ажалдан нені тартып алғысы келді?
4. Ақсақ Темір қай жерде өлімнен ұшырасты?
5. Ол Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 787
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×