Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөзбен сомдалған тұлға

10 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сөз өнері 5 - сынып
САБАҚ: «Сөзбен сомдалған тұлға»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттары: Оқушылар «Сөзбен сомдалған тұлға» тақырыбы бойынша көркем бейне, образ, метафора, көркем шығарма ұғымдары туралы түсінік алады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем бейне, образ, метафора, көркем шығарма ұғымдарын біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
«Сөзбен сомдалған тұлға» тақырыбы бойынша көркем бейне, образ, метафора, көркем шығарма ұғымдарын түсінеді, көркем шығармада таба алады
Кейбір оқушылар орындай алады: «Сөзбен сомдалған тұлға» тақырыбы бойынша көркем бейне, образ, метафора, көркем шығарма ұғымдарын практикада қолданыла алады

Басы. Білу.
Түсіну
1. «Броун» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.
2. Абайдың образын оқимын: Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс - бітіміндегі қайталанбас қадыр - қасиетте осында жатыр. Абай - кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға.
3. Сұрақ: Бұл не деп ойлайсыңдар? (Образ немесе көркем бейне)
4. Теориясын оқыту
Образ, көркем бейне - шындықты танып - білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Бұл тұлғаны (Абайды) автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл - көсір нақты да затты деталь, ұшан - теңіз психологиялық анализ, сан - сала іс - әрекет, қимыл - харекет - осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді.
Ең қарапайым мағынасында – образ суретті сөз. Жансыз табиғатқа жан бітіру.
Көркем шығарма (Художественное произведение; artwork) — баспада жариялау үшін, фильм, бейнежазбалар жасау үшін мультимедиа жүйелерінде дайындалған иллюстрациялар немесе графиктер: сызбалар, суреттер, фото суреттер, карталар, схемалар және т. б.[1]

Талдау ОБразды тап:
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені (Абай)

Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі. (І. Жансүгіров)

Елсіз жер... еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши. (І. Жансүгіров)

Соңы
Жинақтау
Бағалау 1. Алдар Көсе туралы мультфильм көрсетіледі
2. Тапсырма: Алдар Көсенің образын сомдаңдар
Зуылдақ әдісі арқылы 1 оқушы сабақта өткенімізді 1 минут ішінде, тоқтамай айтып береді

Мектеп: «Малонарым орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Каирбаева Диана Ермаковна

Сөзбен сомдалған тұлға. жүктеу
3 912
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір - бірінің жақсы мінез - құлық қасиеттерін тани отырып, сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі.
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі
Аяз бидің образы бір ғана аяз бидің емес, сол кезеңде өмір сүрген бірнеше Аяз би тектес адамның жиынтық бейнесі.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×