Бәйге бөлімі


Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері. Ойлы болсаң, озып көр!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – оқушыларға жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сабақта алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға дағдыландыру, тапқырлыққа, шебер сөйлеуге, тілдік қорларын дамытуға баулу. Шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: бір - біріне көмектесуге, ұжымдыққа тәрбиелеу және тілін сүюге үйрету. Ақыл - ойын дамыту.
Сабақтың түрі: Қорытынды, пысықтау сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сайыс, сұрақ - жауап, тапсырманы тез орындау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар, сызбалар, үлестірме қималар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқушыларды психологиялық дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру
А) оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру
Ә) ауызша өткен сабақтар бойынша ережелерді сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру. Фонетика. Буын.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлім.
Түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды. Мысалы: а-ға, а-на, ба-ла, да-на, са-на
Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз. Мысалы: ар, от, аш, ас
Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды атаймыз. Мысалы: тас, бас, жол, қар.

1 бөлім: Кім жылдам! Ой жүйрік.
І топқа: 8 сұрақ. Сұраққа қазақ тіліне тән әріптер арқылы жауап беру қажет. / ө, і, ғ/
1. Ертегі оқисың ба?
2. Қандай тәтті жейсің?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Кімге сәлем айтасың?

ІІ топқа. Сұраққа қазақ тіліне тән әріптер арқылы жауап беру қажет./қ, ә, ү/
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Кеше не істедің?
7. Бауырыңның аты кім?
8. Кімге сыйлық жолдайсың?

4. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
2 бөлім: Ұшқыр ой. Мына сөздерді буынға бөл, буынды анықтаңдар!
Сыйлық, кітапхана, қолшатыр, мұғалім, теледидар, денсаулық, балапан, дәрігер.

3 бөлім: Біліміңді мықта! Сұраққа жылдам жауап бер.
І топқа:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
2. Ұяң дауыссыз дыбыстарды атап бер.
3. Жуан дауысты дыбыстарды атап бер.

ІІ топқа:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды атап бер.
3. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

4 бөлім: Сен білесің бе? Сабақты толықтыру. Сұраққа кезекпен толық жауап бер.
1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
2. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 – желтоқсан)
7. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
8. Төрт түлік малдарды ата? (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
10. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ – мырт – қа)

5 бөлім: “Ойлан да, аяқта” мақалды аяқта. Сабақты қорытындылау.
1. Күш – білімде, білім –...(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті,... жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор...(байлық)
4. Кітап – білім бұлағы,...– өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық... бар ма? (дос)
6. Анасыз ақын да болмайды,... да болмайды. (батыр)

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№111 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Есимбекова Роза Серикбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 26
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 15 мам 2016 14:58
Маған осы сабақ қатты ұнады, бәрі де тиянақты ! Жарайсыз Роза Серікбайқызы
Пікірлер #2: 15 мам 2016 15:00
Сізге теқ қана жеңіс және сәттілік тілеймін!
Пікірлер #3: 16 мам 2016 19:02
Ия, мен де карап шықтым, керекті мәліметтер өте көп! Рахмет!
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
  • winkwinkedsmileam
    belayfeelfellowlaughing
    lollovenorecourse
    requestsadtonguewassat
    cryingwhatbullyangry
Қауіпсіздік коды :

код көрінбесе қайта басыңыз

Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Президент – ел тірегі

    Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, ...
  • Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

    Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі ...
  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

    Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама ...
  • MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру

    Сабақтың мақсаты: А) PowerPoint презентациясында жаңа құжат құру, оның негізгі элементтерін түсіндіру, презентацияға мәтін, сурет кірістіру, оларға анимация жасау кезеңдерін үйрету.
  • Қазақ тілінің ережелер жинағы 1 - 11 сыныптар үшін

    Қазақ тілінің ережелер жинағы 1 - 11 сыныптар үшін 1. Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. 2. 40 әріп, 2 таңба бар.
  • Аквариумдағы балықтар

    Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым

    Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
  • Дүние жүзі тарихы бойынша тест сұрақтары №2

    Дүние жүзі тарихы бойынша тест сұрақтары
  • Туған жер-тұғырың

    Уа, дариға, алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр! Жаза алмас ем топырағыңды тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер
  • Ұлттық теңге мәртебесі

    1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.

Өз пікіріңді білдір
Қандай конкурстар ұйымдастырған дұрыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 2
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 2
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика