Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Көбейтудің терімділік қасиеті

28 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика (3 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру. Осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдануды үйрету. Білімге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту. Логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін - өзі бақылауы, бағалауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануды жүзеге асыру.
Күтілетін нәтиже: Көбейтудің терімділік қасиетін меңгереді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, өзіндік жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер мен сызбалар, слайд, А4 парағында дайындалған тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық
Сәрсенбінің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең "бестік" болсын!

Топқа бөлу. Оқушылар көңіл күй бейнеленген смайликтер алып бөлінеді. Артында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 цифрлары жазылған.

- Балалар, 1, 3, 5, 7 цифрлары бар смайлик алғандарыңыз бірінші топ, 2, 4, 6 цифрлары бар смайлик алған оқушылар екінші топ болып отырасыздар.
- Бірінші топ сіздерді қалай атауға болады? Екінші топ сіздерді ше?
Осы жерде оқушылар өздері "жұп","тақ" сандар екенін айтады.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
54 - беттегі №5. Фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрі мен ауданын табу.
АD, ВС = 6см
AB, CD = 3см
Р -? см
S -? см
Р = (6+3)•2=18(см)
S= 6•3=18(см²)

KL, LM = 3см
MN, NK=3см
Р -? см
S -? см
Р= (3+3)•2=12
S=3•3=9(см²)

3. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі
Математикалық диктант
- Өткен сабақтарды қайталау үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын. Дұрыс жауап болса "иә", қате жауап болса "жоқ" деп айтасыздар.
(әр дұрыс жауапқа тақтада жасырылған сабақтың тақырыбының бір бөлігі ашылады)
1. 70 пен 1 сандарының көбейтіндісі 70 - ке тең +
2. 30 бен 10 сандарының бөліндісі 1 - ге тең -
3. 50 мен 0 - дің көбейтіндісі 0 - ге тең болады.+
4. 100 бен 100 - дің бөліндісі 0 болады. -
5. 21 мен 1 - дің бөліндісі 22 болады. -
6. 320 мен 8 сандарының бөліндісі 40 болады. +
7. 6 санын 100 есе арттырса 500 болады. -
8. Азайғыш 470 - ке, ал азайтқыш 70 - ке тең болғанда, Айырманың мәні 400 болады. +
9. Тіктөртбұрыштың ені 4см, ұзындығы 6см. Ауданы 24см² +
10. 490 - да 4 жүздік 9 ондық 1 бірлік бар. -
Т Е Р І М Д І Л І К

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Көбейтудің терімділік қасиеті

4. Сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты көбейтудің терімділік қасиетімен танысып, оны есеп шығаруда қолдануды үйренеміз. Білімге деген қызығушылығымызды одан әрі арттыратын боламыз.

5. Жаңа білімді игерту кезеңі
Электронды оқулық арқылы түсіндіру
(оқушылар түсінгендері бойынша ереже шығарады)
Есіңе сақта! Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастырғанда, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл - көбейтудің терімділік қасиеті.

6. Түсінгенді тексеру кезеңі
Оқулықпен жұмыс
№ 2 тапсырма. Суреттер қарастырылып, есептеу тәсілі түсіндіріледі және қорытынды жасалады.
Әрқайсысы 6 кг - нан - 4 жәшік қызыл қызанақ
Әрқайсысы 6 кг - нан - 4 жәшік қызғылт сары қызанақ
Барлығы -? кг қызанақ

(6 • 4) • 2 = 24 • 2 = 48
6 • (4 • 2) = 6 • 8 = 48
(a•b) •c=a•(b•c)

№ 3 тапсырма. Орындап жаттығу, жоғарыдағы үлгі бойынша есептеледі.
(5 • 3) • 2 = 15 • 2 = 30
4 • (3 • 20) = 4 • 60 = 240
(7 • 2) • 5 = 14 • 5 =70
6 • (3 • 5) = 6 • 15=90
20 • (5 • 8) = 20 • 40 = 800
(50 • 4) • 2 = 200 • 2 =400

5 • (3 • 2) = 5 • 6 =30
(4 • 3) • 20 = 12 • 20 =240
7 •( 2 • 5) = 7 • 10 = 70
(6 • 3) • 5 = 18 • 5= 90
(20 • 5) • 8 = 100 • 8 = 800
50 •( 4 • 2) = 50 • 8 =400

№ 4 тапсырма. Жаңа сабақта алған білім қолданылып, әртүрлі тәсілмен шешу арқылы есептелінеді.
а) 3 сөренің әрқайсысында - 8 қораптан
Әр қорапта - 6 құтыдан
Барлығы -? құты
Шешуі: 1) (3 • 8) • 6 = 24 • 6 = 144;
2) 3 • (8 • 6) = 3 • 48 = 144.
Жауабы: Барлығы 144 құты бар.

ә) Барлығы - 3 подъезд
Әр подъезде - 10 пәтерден
Әр пәтерде - 4 терезеден
Барлығы -? терезе
Шешуі: 1) (3 • 10) • 4 = 30 • 4 = 120;
2) 3 • (10 • 4) = 3 • 40 = 120.
Жауабы: Үйде барлығы 120 терезе бар.

Берілген сандардан тура теңдіктер құрастыр.
(Екі топқа А4 парағында дайындап таратамын. Бірінші топ көбейтуге, екіншісі бөлуге орындайды)

1) 7 • 20 = 140
80 • 2 = 160
2) 2 • 60 = 120
3 • 32 = 96
3) 140: 7 = 20
160: 80 = 2
4) 120: 2 = 60
96: 3 = 32

Сергіту сәті
"Төрт суретке бір сөз айт" ойыны.
(Екі топқа А4 парағында дайындалған екі - екіден сурет таратамын. Оқушылар ойланып бір сөзбен жауабын айтады.)
Жауабы: Амалдар, цифр, фигуралар, формула.
Логикалық ойлауға арналған тапсырма

№ 6 тапсырма.
Жаңғақ бес жерге үйілді. Бірінші үймеде - 12, екіншіде - 21, үшіншіде - 9, төртіншіде - 30, бесіншіде - 18. Ағайынды үш адамға үймедегі жаңғақты бір - біріне алып - салмай қалай тең бөліп беруге болады?
12, 21, 9, 30, 18.

Жауабы:
І - адамға - 12 мен 18 жаңғақты;
ІІ - адамға - 21 мен 9 жаңғақты;
ІІІ - адамға - 30 жаңғақты тең бөліп беруге болады.

7. Сабақты қорытындылау
Есіңе сақта! Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастырғанда, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл - көбейтудің терімділік қасиеті.
a • (b • c) = (a • b) • c
"АВСD" әдісі
Электронды оқулықтан тест тапсырмалары орындалады.

8. Үйге тапсырма
59 - беттегі № 5 тапсырманы өз беттерінше орындап келу.
Бағалап, мадақтау.
Оқушылар білімдері мен ойларының ұшқырлықтарын көрсетулеріне сәйкес бағаланып, "смайликтермен" мадақталады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Көкбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 114
0
10 дауыс
Оқи отырыңыз
Жас математик
Жас математик
қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы және оны әріп таңбасымен таныстыру; Дауысты және дауыссыз дыбыстар жөнідегі түсініктерін пысықтау;
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр
тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын - да машықтандыра түсу.
Тапқырлар тартысы
Тапқырлар тартысы
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі Хожаева Жазира Орынбековна
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.