Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Тапқырлар тартысы

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Оңтүстік Қазақстан обылысы,
Мақтарал ауданы, Атакент кенті,
"Мақтарал" мектеп - гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Хожаева Жазира Орынбековна

5 - сыныптар арасында математикадан өтілетін сыныптан тыс сайыс сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар тартысы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Түрі: Математикалық сайыс сабақ.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакаттар, есептер, слайдтар, карточкалар т. б
Математикалық сайыстың барысы:
Сайысқа өз білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары қатысады. 3 - топқа бөлінеміз. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайық. 5 – сыныптар арасындағы «Тапқырлар тартысы»
атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі кезең:
1. Сабақ бөлімдері:
1 – бөлім: Білегіңе сенбе, біліміңе сен! (қайталау сұрақтары)
2 – бөлім: «Ойлан, тап!» (сөзжұмбақ шешу)
3 – бөлім: Тапқыр болсаң, шешіп көр. (есептер шығару)
4 – бөлім: «Математикалық сөздерді құрау» (әріптерден математикалық сөздер құрайды)
5 – бөлім: «Қас – қағым сәт» (берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беруі керек)
6 – бөлім:«Кім көп білсе сол жеңіске жетеді» (математикалық сандарға қатысты мақал – мәтелдер айтудан жарыс)

2. Марапаттау.
3. Қорытындылау.

1 – бөлім: Білегіңе сенбе, біліміңе сен! (қайталау сұрақтары). Бұл кезеңде әр топ экранда көрсетілген суреттерді таңдау арқылы сол суретке жасырылған сұрақтарға жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

Бәйтеректің сұрақтары:
1. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? (Құрамында әрпі бар өрнекті)
2. Қандай сандар 2 – ге қалдықсыз бөлінеді? (жұп сандармен аяқталатын сандардың барлығы)
3. Ең кіші екі таңбалы сан? (10).
4. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? (Алым)
5. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?(Алымы бөлімінен кіші бөлшек )
6. 900 – қа тең бұрыш? (тік бұрыш)
7. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін айтып бер. (Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, ал сол бөлімнің өзін қалдыру керек)
8. 10 санын нөлсіз қалай жазуға болады? ( Х )
9. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
10. Берілген сандардың өзгеріс ауқымы деген не? (Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.)
Мемлекеттік тудың сұрақтары:
1. Жай сан деп қандай санды айтамыз? (1 - ге және өзіне ғана бөлінетін санды)
2. Қандай сандар 5 – ке қалдықсыз бөлінеді? (0 және 5 сандарымен аяқталатын сандардың барлығы)
3. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
4. Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Бөлім)
5. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? (Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек)
6. 900 – тан кіші бұрыш? (сұйір бұрыш)
7. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді азайту ережесін айтып бер. (Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, ал сол бөлімнің өзін қалдыру керек.)
8. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. Сандардың модасы қалай табылады?( Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан, сол сандардың модасы болады.)

Алтын адамның сұрақтары:
1. Құрама сан деп қандай сандарды айтамыз? (2 – ден көп бөлгіштері бар натурал сандар)
2. Қандай сандар 10 – ға қалдықсыз бөлінеді? (0 санымен аяқталатын сандардың барлығы)
3. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
4. Ең кіші жай сан (2)
5. Қандай сан аралас сан деп аталады? (бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан)
6. 900 – тан үлкен, 1800 – тан кіші бұрыш? (доғал бұрыш)
7. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтып бер. (Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.)
8. Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир)
9. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
10. Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады? (Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.)

2 – бөлім: «Ойлан, тап!» (сөзжұмбақ шешу)
1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек
2. Көбейтуге кері амал
3. Салыстырғанда аралас бөлшек дұрыс бөлшектен........
4. Бір санның екінші санға қатынасы.
5. 10 санына 10, 20, 30 не болады?
6. 12 - нің 6 - ға бөліндісі

3 – бөлім: Тапқыр болсаң, шешіп көр. (есептер шығару)
I. Сәйкестендіру:

II. Есептеңдер
1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек
2. Көбейтуге кері амал
3. Салыстырғанда аралас бөлшек дұрыс бөлшектен........
4. Бір санның екінші санға қатынасы.
5. 10 санына 10, 20, 30 не болады?
6. 12 - нің 6 - ға бөліндісі

3 – бөлім: Тапқыр болсаң, шешіп көр. (есептер шығару)
I. Сәйкестендіру (кесте)
II. Есептеңдер (есептер беріледі)

III. Кім жылдам!
1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой
44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)

2. Мына 1888 санына екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.
/1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.

3. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?
333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)

4 – бөлім: «Математикалық сөздерді құрау». Бұл кезеңде оқушылар берілген әріптерден математикалық сөздер құрайды. Бір сөзге 5 ұпайдан беріледі.

5 – бөлім: «Қас – қағым сәт». Оқушылар балықтарды таңдау арқылы берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беруі керек. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай болып есептелінеді.
1 – балықтың сұрақтары:
1. Квадраттың периметрі Р=4а тең. (иә)
2. 69 градус доғал бұрыш. (жоқ)
3. 41 жай сан. (иә)
4. 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші (ия)
5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді, бұл натурал сандарды қосудың терімділік қасиеті. (жоқ)
6. Натурал санның екіден көп бөлгіші болса құрама сан деп атаймыз (ия)
7. 1 кг мақта мен 1 кг темірде екеуі тең. (иә)
8. Жай бөлшекті қосқан кезде алымын алымына, бөлімін бөліміне қосамыз (жоқ).
9. Жай бөлшекті бөлген кезде алымын алымына, бөлімін бөліміне бөлеміз. (жоқ).
10. Ондық бөлшекті қосқанда үтірдің астына үтірді жазып, жетпеген жерді нөлмен толықтырып, үтірге мән бермей қоса береміз. (иә)

2 – балықтың сұрақтары.
1. Тіктөртбұрыштың периметрі P=2(a+b). (иә).
2. 1 саны жай сан. (жоқ)
3. 3 санына бөлінгіштік белгісі: цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін болу қажет (иә).
4. 72 градус сүйір бұрыш. (иә).
5. Натурал сандардың терімділік қасиеті дегеніміз қосылғыштардың орындарын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. (жоқ)
6. Жай бөлшектерді көбейту дегеніміз, оларды ортақ бөлімге келтіру. (жоқ).
7. Жай бөлшектерді бөлу дегеніміз, екінші жай бөлшекке кері бөлшек тауып, оны көбейтумен алмастыру. (иә).
8. Аралас сандарды салыстырғанда ең бірінші бүтін бөлігіне мән береміз, кейін жай бөлшегіне мән береміз. (иә).
9. Ондық бөлшектерді салыстыру дегеніміз, қайсында сан көп соған қараймыз. (жоқ).
10. Бір бөлгіші бар санды жай сан деп атаймыз (жоқ)

3 - балықтың сұрақтары.
1. Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың қалдықсыз бөлінетін үлкен санды айтамыз. (ия)
2. 1 саны жай да, құрама де емес. (иә).
3. 56586 саны 5 ке бөлінеді. (жоқ).
4. 179 градус доғал бұрыш. (иә)
5. Бұрышты өлшейтін құрал транспортир. (ия).
6. Жай бөлшекті азайту дегеніміз, оларды ортақ бөлімге келтіріп, толықтауыш көбейткішін тауып, алымдарын азайту.(ия)
7. Аралас сандарды салыстырғанда. ең алдымен бөлшегіне қараймыз. (жоқ)
8. Ондық бөлшектерді азайтқанда үтірлерін алып тастап азайтамыз. (жоқ)
9. Өзара жай сандардың бөлгіші бірге тең.(ия)
10. 0 саны барлық натурал сандарына еселік (жоқ)

6 – бөлім:«Кім көп білсе сол жеңіске жетеді»
(математикалық сандарға қатысты мақал – мәтелдер айтудан жарыс)

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.
Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық

Қорытынды. Сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпаздарды марапаттау үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 259
0
10 дауыс
Оқи отырыңыз
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы
үшбұрыштың сыртқы бұрышы онымен сыбайлас емес екi iшкi бұрыштың қосындысына тең.
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, 1 Май орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джанкенова Анаргуль Куанышевна
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер
Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу.
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.