Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ахмет Байтұрсынұлы. Ақын ініме

23 наурыз 2016, Сәрсенбі
Ахмет Байтұрсынұлы ( 1873 - 1938)
«Ақын ініме»
Сабақтың мақсаты:
а) А Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, ақынның адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынап, одан қандай қасиеттерді уағыздайтынын байқау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) оқушының өзіндік пікір еркіндігін қалыптастыру, шығармашылық ізденіске ұмтылуына бағыт беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Пікірлесу, баяндау, салыстыру, сұрақ - жауап, талдау, іздену, ойын тәсілдерін пайдалану, т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, портреті т. б
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мал жимақ»
Абай, Шәкәрім өлеңдерінен ұнаған жыр жолдары бойынша кестені толтыру.

Автор: Абай
Өлең атауы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Жыр жолдары: Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң
Менің ойым: Өлеңді мән беріп, ой көзімен оқу керек екен.

Автор: Шәкәрім
Өлең атауы: «Мал жимақ»
Жыр жолдары: Егін сал не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек – әр іске шебер болмақ.
Менің ойым: Іздің өмірімізге сәйкес дәл айтылған деп есептеймін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Ақын өмірімен, шығармашылығымен танысу.
А. Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5 - ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов – арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермей, оларға тынышсыздау болады. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «Итжеккенге» - Сібірге каторгіге кеседі. Бұл - 1886 жыл болатын, ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді.
Осыдан 23 жыл кейін өзі де ержетіп, патша түзіміне (режиміне) қарсы пікірлер білдіргені үшін 1909 жылы Семей түрмесінде қамауда отырғанда, Анасына жазған хатында былай дейді:
Қарағым, айналайын, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтай
Көруге жазғай еді хақ тағалам.
Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген жазығым жоқ,
Үкімет қылған зорлыққа бар ма шараң?
Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Бұл - өлең жазылған хаттың бас жағынан алынған үзінді. Осы үзіндіден отаршылық пен әділетсіздікке, зорлық - зомбылыққа қарсы әкесі бастаған жолды өзінің де қалап алғанын танытады.
А. Байтұрсынұлы еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен әлеуметтік мәні болды. Ол білім - ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызыңдап оятып алып шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын әсіресе өлеңдерінде ашық білдіреді.
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұл неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей, болсын бай,
Жатыр бейқам жым - жырт жай,-
деп күңіренсе,

Емшегін еміп,
Апаға сеніп,
Бала ұйықтайды жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйықтайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың бәрі оңбас!-
деп, шалапқа мас болып ұйықтау – қайнаған қалың сор дегенді айтады.
Біздің байқауымызша, оны ақындыққа да алып келген өзінің халыққа қызмет ету, қалың көпшілікті еңбекке, мәдениетке шақыру, сауаттарын ашып, дүниені таныту сияқты мақсаттары тәрізді. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса» деген аттарымен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.
«Қырық мысал» - орыстың атақты мысалшысы И. Крыловтың аударылған және соның ізімен, идеясымен жазылған өлеңдер.
«Маса» жинағындағы ақын өлеңдері – оның азаматтық борышының, арман мақсаттарының толғауы. «Маса» деген жинақ атының өзі – символ:
Қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық – осылардың бәрі, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Өлең иесі «аяқтары ұзын сары маса» болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы:

Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле дедім аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген мен – сары маса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан.
Баспасөз жинақтарында және энциклопедияларда жарияланған материалдардың барлығында да А. Байтұрсынұлының оқу – ағарту, ғылым, әдебиет, мәдениет майданындағы орны ерекше екендігі, көп ретте тыңнан жол салған көшбасшы болғандығы және қазақ қауымына беделі күшті, абыройы биік болып келе жатқандығы айтылады.
А. Байтұрсынұлын 1937 жылдың 8 қазанында екінші рет ұстайды.
Рәбиға Сыздықова

2. А. Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Сөздікпен жұмыс: Милләт - араб сөзі, халық, ұлт деген мағынада
Аплатон - ертедегі грек оқымыстысы
3. Сұрақтар:
- Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды? Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?
- Бұл өлеңнің С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңімен қандай ұқсастығы бар?
- Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы, міндеті қандай болуы керек екендігін ақын қалай аңғартуға тырысады?
- Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

4. Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды анықтау.
Ирония (кекесін) - адамды, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқылдап айту.
«Нашардың көбірек же хақын, інім,
Айғарсып момындарға ақыр, інім,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім»
Деген сияқты жолдардан ирониялық екпін түсетін етістіктерді тауып, болымсыз түрге айналдырыңдар да, өлең мазмұнының өзгерісіне көңіл аударыңдар.

ІУ. Сергіту сәті.
«Мәтінді тұтастыру» жаттығу
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту, тіл дамыту және жинақтауға дағдыландыру.
Нұсқау. Сіздердің алдарыңызда бірнеше мәтін бөліктері жатыр. Ол бөліктер араласып кеткен. Сіздерге тапсырма - бөліктердің орнын ауыстыру арқылы тұтас шығарманы қалпына келтіру керек.
Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Жер кімдікі дегенде,
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?

У. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. «Ақын ініме» өлеңнің құрылысына талдау.
ІІ деңгей. Кесте толтыру.
Шығарма атауы: Ақын ініме
Шығарма стилі: Елдің әлеуметтік жағдайын сөз ету.
Шығарма стиліне сай таңдалған сөздер: Доңыздай талғамай жеу, нашардың хақы, шешенсу, кісімсу, қақыру, аузымен орақ ору.

ІІІ деңгей. Тест сұрақтары.
1. А. Байтұрсынұлы
«Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұл неткен жұрт ұйқышыл?»
Деген өлең жолдарында қазақ халқын қандай ұйқыдан оятпақшы болды?
А) жалқаулықтан (еңбексіздіктен, бойкүздіктен)
Ә) әлсізге үстемдік етуден (еңбегін жеу, құқығына қол сұғу, орынсыз жәбірлеу)
Б) мақтаншақ, екіжүзділік, жағымпаздық
2. А. Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде кім туралы айтылады?
А) Бүркітші
Ә) Мерген
Б) Қақпаншы
3. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінің авторы Д. Бабатайұлы өмір сүрген кезеңдегі қоғамды ата.
А) Феодалдық
Ә) капиталистік
Б) социалистік

УІ. Сабақты бекіту
УІІ. Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең құрылысына талдау.
УІІІ. Бағалау.
ІХ. Қорытындылау.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Нағи Ілиясов ауылы, № 132 Түймебай Айтбаев атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Рзахия Мухан Карбозқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 613
16
9 дауыс
Оқи отырыңыз
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал
Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру. Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Атырау қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
Пікірлер (16)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мұратова Жанар
Мұратова Жанар Қонақ 10 мам 2016 15:27
0
Сабақ ұнады, тақырып толық ашылған.
Мұратова Жанар
Мұратова Жанар Қонақ 10 мам 2016 15:29
0
Сабақ өте ұнады
Мұратова Жанар
Мұратова Жанар Қонақ 10 мам 2016 15:32
0
Сабақ өте ұнады, өзіме керекті мәлімет алдым
Куанышкул
Куанышкул Қонақ 11 мам 2016 23:28
0
Апайдың сабағы өте жақсы жазылған. Тақырыбы толық ашылған. Сабағыма қажет болған мәліметтерді, әдістерді алдым.
Куанышкул
Куанышкул Қонақ 11 мам 2016 23:30
0
Тағы да сабақтарыңыз бар болса бізбен бөліссеңіз.
Асима
Асима Қонақ 14 мам 2016 19:34
0
Апайдың сабағы өте жақсы жазылған екен.Апай тағы да осындай сабақтарыңыз болса, сайтқа салсаңыз.
Назира
Назира Қонақ 14 мам 2016 21:10
0
Сабақтың барысы жоғары деңгейде өткізілген
маған ұнады
Игликова Дария
Игликова Дария Қонақ 14 мам 2016 21:11
0
Сабақ өте жақсы. Мұғалімнің сауаттылығы көрініп тұр. Бас бәйгеге лайық деп ойлаймын.
Шаяхметова Маржан
Шаяхметова Маржан Қонақ 14 мам 2016 21:15
0
Жарайсыз, Рзахия Карбозқызы! Мектептерде сіздей мұғалім барына қуаныштымын.
Жансауле
Жансауле Қонақ 14 мам 2016 21:43
0
Өзіме тәжірибе жинақтадым. Рахмет!
Мираш
Мираш Қонақ 14 мам 2016 21:47
0
Сабақты оқып, керемет әсер алдым. Рахмет!
Айнұр
Айнұр Қонақ 14 мам 2016 22:07
0
Оқушыларды тәрбиелеуге көмегі бар сабақ екен.
Гүлсайран
Гүлсайран Қонақ 14 мам 2016 22:10
0
Сабақ өте ұнады, көп пайдасы тиді. Рахмет!
Мереке
Мереке Қонақ 14 мам 2016 22:14
0
Сабақ жоғары деңгейде, маған да ұнады. Тамаша!
Гулдариға
Гулдариға Қонақ 14 мам 2016 22:32
0
Сабақ жақсы жазылған, әдістері де тиімді.Бәйгеден озып шығуыңызға тілектеспіз.
Гүлсара
Гүлсара Қонақ 15 мам 2016 00:46
0
Болашақ мұғаліммін, сабақтың көп көмегі тиді. Бас бәйге сіздің қанжығаңызға байлансын деп тілеймін.