Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ж. Әбдірашев «Отан» Тасымал

18 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Ж. Әбдірашев «Отан». Тасымал.
Сабақтың тақырыбы: Ж. Әбдірашев «Отан», жаттығу жұмысы
1. Сабақтың мақсаты: өлеңнің мазмұнымен таныстырып, «Отан» сөзінің мағынасын ашу. Тасымал туралы алған білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылығы: өлеңнің мазмұнын талдау арқылы оқушылардың ойлау, ойын тұжырымдау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
3. Тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: ойын плакаты, қима материалдар, слайдтар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру
1. сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2. Қайырлы күн, достым
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын,
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.

II. Үй тапсырмасын сұрау
А)«Сен бақытты ұлансың» өлеңін жатқа айту.

Ә) Өлең неше шумақтан тұрады?
- Әр шумақта неше жол бар?
- Өлеңде кім туралы айтылған? (1 слайд)
- Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтады?
- Кім өзінің атасы, әжесі, анасы,... туралы айтып береді?
- Өлеңде қай сөздер қайталанады?
- Неліктен деп ойлайсың?
-«Сен бақытты ұлансың». Осы сөзбен келісесің бе?

Б) - Балалар, қазақ тілінде біз қандай тақырыпта жұмыс істеп жатырмыз?
- Сөздерді қандай жағдайда тасымалдаймыз?
- Тасымалдау кезінде қандай тыныс белгіні пайдаланамыз?
- Қандай сөздер тасымалданбайды?
- Ендеше, осы өлеңдегі тасымалданбайтын сөздерді атап беріңдер.
- Ал енді, 1-қатар - жүрегің (2 слайд)
2-қатар - аспаның
3-қатар - қарындасың сөздерін қалай тасымалдауға болатынын айтып беріңдер.

В) сергіту сәті (3 слайд)

III. Жаңа сабақ
1. Есептерді шығарып, тақырыпты анықтау (4 слайд)
7 - 4 = н
3+5 = о
9 - 2 = т
5+4 = а

8 7 9 3
О Т А Н

2. Отан сөзін қалай түсінесіңдер? (Топтастыру 5 слайд)
- Отан сөзін кім орысша, ағылшынша айта алады?
- Еліміз қай жылы тәуелсіз мемлекет болды?
-«Тәуелсіз»дегенді қалай түсінесіңдер?
- Бас қаламыз?
- Елбасы кім?
- Рәміздерін ата.
- Жері туралы не айтар едің?
- Табиғи байлықтары?
3. Сендердің айтқандарыңды мына видеомен толықтырып жіберейік. (6 слайд)

4. - Бүгін біз Ж. Әбдірашевтың «Отан»өлеңімен танысамыз және тасымалға байланысты тапсырмалар орындаймыз.

5. Автор туралы ақпарат беру. (7 слайд)
Бұл өлеңнің авторы – Жарасқан Әбдірашев атамыз. Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген.
Ол – қазақ халқының ақыны. Атамыз балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.

6. Өлеңді жатқа оқу – мұғалім.

7. Мәтінмен жұмыс
– Неліктен Отанды «Атамекен«дейді?
Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата - ана, бауырларымыз туған ауылымыз. т. б.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.
-«Ер азамат, отан» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ақын отанымен мақтанады. Ал сендер ше?

8. Өлеңді кезекпен оқып жіберейік.

9. Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Отанын сатқан оңбас.

10. Дәптермен жұмыс 73 жаттығу

11. «Сөздерді тиісті үйге орналастыр» ойыны.
Қ - ант, а - ю, жаңал - ық, ме - ктеп, дәрі - гер, ер - тегі, жа - палақ, қарын - дас, асх - ана, дом - быра.

12. Шығармашылық тапсырма
А) Берілген сөздер мен суреттерден «ОТАН» тақырыбына қатыстыларын жинау.
Ә) ОТАН тақырыбына мәтін құру.
Б)- Неше сурет пен сөз жинадық?(7)
- 7 қандай сан? 7санына қатысты не білесіңдер?
В) ОТАН туралы қандай мақал білеміз?

IV. Қорытындылау.
А) Бағалау.
Ә) Үйге тапсырма
74 - жаттығу, «Отан» өлеңін жаттау.
Б) «Отан» әнін айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 148
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Оқушыларды қазақтың педагог – ағартушысы Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өзеннің адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру, мәнерлеп оқуға үйрету.
Киелі төр
Киелі төр
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы ҚМҚК «Айгерім» ясли бақшасының тәрбиешісі Құбышева Светлана Қайнеденовна
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Тасымал, Сен бақытты ұлансың. М. Қуанышбеков
Оқушыларды сөздерді буынға бөлу арқылы тасымалдауға үйрету. Тасымал жолдарымен таныстыру.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.