Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Маринистік жанрдың ерекшеліктері

11 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды өз бетімен үйлестіре білуге, бояумен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіруге, бояу түрлерін дұрыс ажырата білуге баулу.
Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін арттыру. Сулау тәсілі арқылы сурет салу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: шеберлікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Еңбек нәтижесіне жетуге талпындыру, эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілі құрал: Иллюстрациялар, репродукциялар, оқулық, слайд т. б.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет альбомы, түрлі түсті акварель бояуы, қыл қалам, қарындаш, өшіргіш т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу, бүгінгі сабаққа дайындығын «Бағдаршам әдісі» арқылы тексеремін.
Үй жұмысы: «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.
Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік

Сұрақтар:
І топ
1. Сурет салуға арналаған аспап.( Қылқалам )
2. Бейнелеу өнерінің негізін қалаған суретші кім? (А. Қастеев)
3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
4. Негізгі түстерді ата? ( Қызыл, сары, көк )
5. Суда тез еритін бояу? (Акварель )

ІІ топ
1. Сызықтар жиынтығы? (Штрих)
2. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар? (5 түрі)
3. Түссіз бояулар? (Ахроматты бояу)
4. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (Көкжиек сызығы)
5. Түстер неше түрге бөлінеді? (2 - ге, жылы және салқын)

Жаңа сабақ. Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.
Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)
Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Бейнелеу өнері

Живопись
Мүсін
Графика
Қолданбалы сәндік өнер
Сәулет өнері

Живопись

Тарихи
Маринистік
Батальдық
Портрет
Пейзаж
Натюрморт
Анималистикалық

Живопись – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт»- француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат»деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды. Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр, портрет, натюрморт, пейзаж.

Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарма. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнеленсе, кейбіреулерді суретшінің ой - қиялынан туады.

Натюрморт - жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма.

Портрет - адамның кескін келбетін бейнелейтін көркем шығарма.
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.

Анималистикалық жанр - жан - жануарды бейнелейтін көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

Батальдық жанр - соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Бүгінгі сабақта ерекше тоқталатынымыз Маринистік жанр. Маринистік жанр дегеніміз – теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. Маринистік жанрға сурет салу барысында көбінесе суық түстерді қолданамыз. Осы жанрдың негізін қалаған суретші Иван Константинович Айвазовский.

Айвазовский (Гайвазовский) Иван Константинович (29. 07. 1817 - 02. 05. 1900 ж. ж.)— орыс кескіндемешісі, теңіз пейзажының шебері. 1833 — 1837 жылдары Петербургтегі Көркемсурет академиясында М. Н. Воробьевтан оқып, 1839 жылы суретші атағын алған. 1845 жылы академик, 1847 жылы проффессор, 1887 жылы көркемсурет академиясының құрметті мүшесі болды. Еуропа елдері академияларына мүше болып сайланды. Айвазовский “Дауыл”, “Хаос”, “Неаполитан қызы”, “Тоғызыншы толқын”, “Чесмен шайқасы”, “Штиль”, “Қара теңіз” сияқты әлемге әйгілі картиналар жазған. Жалпы 6 мыңға жуық сурет - картиналардың авторы.

Балалар бүгінгі сабағымызда «Су асты патшалығы» сурет саламыз.
Жұмыс барысы:
- Балалар сурет сала бастаймыз.
- Ыдыстағы суға қыл қаламды малып тұрып сурет дәптер бетін сулау.
- Көлденең қойып кептіреміз.
- Сулау тәсілі арқылы дәптердің бетін бір шетінен бастап көк бояумен бояймыз.
- Қағаздың төменгі бөлігін қою болуы үшін екінші рет қайталап көк бояуды жағамыз.(Судың түбі қараңғы немесе терең)
- Салатын суретінің нобайын келтіру.
Жасыл түсті бояу мен шөптерді толқындата сызады. (ирек, түзі, ұзын, қысқа)
Шөптердің арасына қалауы бойынша таңдап алынған балықтар бейнесін саламыз.
- Балықты салып болған соң, су асты жәндіктерін саламыз.
- Барлық баланың іс әрекетіне басшылық жасап, жеке нұсқау беріп көмектесемін.
- Дайын болған жұмыстардың бірлесіп талдаймыз.

Сергіту сәті: Қол қимылдарымен жаттығу жасаймыз.

Біз жүземіз оң жаққа,
Біз жүземіз сол жаққа.
Шоршимыз өл астында
Тұңғиыққа батамыз
Тәтті ұйқыға жатамыз.

Сабақты қорытындылау:
Өз орнын тап. (картинкалар көрсетіледі)
Портрет, Пейзаж, Маринистік, Батальдық, Натюрморт, Анималистикалық.

Бағалау: Балалар сіздердің барлығыңызды жақсы деп бағалаймын, сіздер сабаққа жақсы жауап беріп отырдыңыздар. Осымен сабағымыз аяқталды, сіздерге көп рахмет!

Қызылорда облысы,
Қызылорда қалалық қосымша білім беру
оқу әдістемелік орталығының «Палитра» үйірмесінің жетекшісі
Баймағанбетова Салтанат Баймағанбетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 669
1
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Күй - қазақтың қасиетті қара домбырасынан шығатын сазды әуен. Күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы - мұңын да жеткізе білген.
Слайдтарды демонстрациялау
Слайдтарды демонстрациялау
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Ағаштан күрек жасау
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу
Технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету. Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Нургуль
Нургуль Қонақ 28 мам 2016 21:41
0
Сәттілік серігіңіз болсын!