Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ансамбльде ойнауды қалыптастыру

11 наурыз 2016, Жұма
Категориясы: Музыка
Ансамбльде ойнауды қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушының өнерге деген ынта - ықыласын өсіріп, домбыра тарту шеберлігін шыңдау. Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт - дәстүрлеріміз бен әдет - ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың теориялық білімін көтеру, музыкада кездесетін әр түрлі белгілермен таныстыру. Орындаушылық шеберлігін шыңдау, музыкалық талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының күй орындаушылық қабілетін, сөйлеу тілін, ой - өрісін музыкалық сауатын дамыту. Музыкалық білімдерін жетілдіру. Топпен ойнауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: теориялық және практикалық
Пән аралық байланысы: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, сурет.
Көрнекілігі: слайд арқылы сурет көрсету, домбыра аспабы,
күйшілердің суреті, қазақтың ұлттық аспаптары,
фортепиано, кітаптар. т. б

Ұйымдастыру кезеңі. /күй ойналып оқушылар орындарына келіп отырады/
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар! Қалалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының домбырашылар үйірмесіне қош келдіңіздер! --- Бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр балалар. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, сондықтан өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырысайық.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. Күй - қазақтың қасиетті қара домбырасынан шығатын сазды әуен. Күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы - мұңын да жеткізе білген. Күй өнері - қазақ халқының шытырман тарихи тағдырының ең басты куәгері, ұлттың ары мен намысын бойына сіңірген кемел өнер.

Домбыра өнерін негізінен үш әдіспен үйрету қолға алынған
1) Домбыраны сан жүйесімен үйрету. Бұл есте сақтау қабілеті қалыптаспаған оқушыға тиімді, тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін оқушыларға арналған әдіс

2) Құйма құлақ – бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Құйма құлақ әдісінің ғасырлық тарихы бар. Бұрынғы заманда ауыл баласы құлақпен қабылдаған, қолын қойып ешкім үйретпеген. Үйрету әдісінің қиыны, бірақ ең тиімдісі.

3) Кәсіби, нота сауаты. Домбырашы мамандығын қалаған әрбір азаматтың үйрену жолы. Музыка мектептері т. б. үйренушінің ұстанар бағыты. Дәстүрлі құйма құлақ әдісі нота сауатымен қатар жүргізіледі. Бірақ әдістердің қай қайсысы да кедергі келтірілмейді, біз домбыра үйрену барысында үш әдісті де оқушының меңгеруіне қарай қолданып отырамыз.
Қазір біз үнтаспадан Қазақ Ұлттык Өнер университетінің Серпер домбырашылар ансамблінің «Күй шашу» күйін тыңдаймыз. /күйді тыңдатамын/
- Балалар біз жаңа күй тыңдадық, ол қалай орындалды, жеке бір дауыста ғана ойналды ма?
- Топпен орындалды.
- Қандай аспаптармен ойналды?
- Домбыра аспабымен ойналды.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Енді «Адырна» фольклорлық ансамблінің орындауында күй тыңдаймыз.
Мұқият тыңдап отырамыз, қалай орындалып жатыр, қандай аспаптармен орындалып жатыр екен. /күйді тыңдатамын/
- Ал балалар күй қалай орындалды?
- Топпен
- Қандай аспаптармен ойналды?
- Сылдырмақ, дауылпаз, жетіген т. б.
- Дұрыс.
- Серпер домбырашылар ансамблі мен фольклорлық ансамбль арасында айырмашылық бар ма екен?
- Бар.
- Қандай айырмашылықты көріп тұрсыңдар?
- Фольклорлық ансамбльде ұлттық аспаптар қосылып ойналады, ал домбырашылар ансамбльінде тек домырашылар ғана ойнайды.
- Дұрыс, балалар қазақтың ұлттық аспаптарын қосып күй ойнаса ол фольклорлық ансамбль деп аталады
- Енді, экранға назар аударайық қазақтың ұлттық аспаптары жайында толық мәлімет алайық. /слайд арқылы ұлттық аспаптар көрсетіледі/
- Біз домбыра үйрену сабағында ән - күйлерді жеке - жеке тартып үйренген болатынбыз. Енді, балалар біз сол үйренген ән - күйлерімізді топ болып ойнап үйреніп көрейік.
- Қазір сіздерге кішкентай топ оқушылары өз өнерлерін көрсетеді. Орындайтын әндері: орыс халық әні «В саду ли, в огороде», келесі орындайтын әні Б. Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз»
(әнді фортепианоның сүйемелдеуімен топпен ойнатамын).
Енді үлкен топ оқушыларының өнерін тамашалаңыздар
- Балалар біздің орындайтын күйіміз қалай аталады?
- Кеңес күйі
- Авторы кім екен?
- Халық күйі
- Неге халық күйі деп аталған?
- Себебі, авторы ұмыт болып кеткендіктен, халық күйі деп аталады.
- Қазір осы күйдің І бөлімін домбырашылар алдымен ойнап алады, содан кейін ІІ бөлімінен бастап қазақтың ұлттық аспаптарын қосып ойнап көреміз.
- Ал қанекей балалар, енді күйді нақышына келтіріп, мәнерлеп ойнаймыз.
/күйді ойнатамын/
- Келесі тыңдайтындарыңыз Ә. Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым»
/күйді екі дауыста ойнатамын/

Әбдімомын Желдібаев — қазақтың күйшісі, композиторы. 1934 ж. Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, туып - өскен өңірінде мәдени салаларда қызмет еткен. Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды. Бірде күйшінің Түркістан газетіне берген сұхбатында күй туралы былай деген еді:
Шығармалары: "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70 - тен астам күйі мен әні бар. сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған
Ерке сылқым" – барша қазақ қыздарының бейнесін жинақтаған күй, қазақ аруларының бет - бейнесін бір образға жинақтаған туындылардың бірі Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі. Өзінің Түркістан газетіне берген сұқбатында: «Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар», – дейді.

- Келесі орындайтын шығарма қалай аталады? «Аллегретто» деп аталады. Бұл шығарманың авторы кім екен.
- Шетел композиторы В. А. Моцарт, енді осы композитор жайында ізденіп келуге тапсырма берілген болатын. Кім дайын? /Моцарт жайында айтылады/
- Бұл шығармада кездесетін қандай динамикалық белгілері бар?
- mf, f, p. Өлшемі - 4/4
- Алдымен шығарманы домбырашылар топпен ойнайды, содан кейін фортепианоның сүйемелдеуімен ойнап үйренеміз.
- Сонымен балалар біз шығарманы, күйлерді қалай орындадық?
- Топпен.
- Дұрыс, балалар.
- Ал өткен сабақтарда екі орындаушы, үш орындаушы болып та тартып жүрдік. Оларды қалай атайтын едік?
- Дуэт, трио, квартет. (Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру)

ІІ. Жаңа сабақ. Сонымен балалар бүгінгі сабақта тартылған күйлерімізді, әндерімізді топпен тартып үйрендік. Олай болса топпен тартуды ансамбль деп атаймыз. Ансамбль дегеніміз -/фр. ensemble/- бірге деген сөз. Яғни, дыбыстардың бірге үндесуі.

ІІІ. «Тұлғаны таны» бөлімі
- Біз осы күйлерді ойнап, үйреніп жатырмыз. Ал осы күйлерді шығаратын күйшілер туралы не білеміз балалар?
- Қазір «Тұлғаны таны» бөлімі бойынша қазақтың атақты тұлғалары экраннан көрсетіледі, сендер кім екенін анықтауларың керек./Күйшілердің суреті көрсетіледі, оқушылар сол жайында айтып өтеді/

ІV. Сабақты қорытындылау:
- Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Мына ұяшықтардың астында сұрақтар жасырылған, бір санды таңдайсыңдар сол бойынша сұраққа жауап бересіңдер.

1 - сұрақ: Ансамбль дегеніміз не?
2 - сұрақ: Қандай күйшілерді білесің?
3 - сұрақ: Дуэт дегеніміз не?
4 - сұрақ: Квартет дегеніміз не?
5 - сұрақ: Трио дегеніміз не?
6 - сұрақ: Қандай динамикалық белгілерді білесің?
7 - сұрақ: Қандай ұлттық аспаптарды білесің?
8 - сұрақ: В. А. Моцарт қай елдің композиторы?
9 - сұрақ: Ә. Желдібаев кім?

Бағалау: Балалар сендер барлығың да сабаққа жақсы дайындықпен келіпсіңдер, енді экранға назар аударайық. Бүгінгі сабақтың бағасын смайлик арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: Біз бүгін тартқан күйлерімізді жай темпте тартып үйрендік. Келесі сабақта темпін жылдамдатып ойнаймыз, сол себепті үйден қайта - қайта қолдарыңды жаттықтырып, сәл жылдамдық қосып ойнап келеміз. Осымен сабағымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қызылорда облысы,
Қызылорда қалалық қосымша блім беру оқу - әдістемелік орталығының
«Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Байдуллаева Жарқынай Тасқарақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 796
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Маринистік жанрдың ерекшеліктері
Бейнелеу өнері 5 түрге бөлінеді. Олар графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері. Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет. Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі
Күйді жаттау әдісі
Күйді жаттау әдісі
Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.