Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

14 қыркүйек 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есеп шығару, логикалық есептерді шығаруды үйрету.
Әдісі: сұрақ - жауап, есеп шығару.
Жоспары: 1. «Бәйге»
2. «7 жұмбақ»
3. «Көкпар»
4. «Полиглот»
5. «Жорға»
6. Көшбасшыны анықтау
7. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтықтан емессің сен, қаталдансың.
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың, - дей келе ортаға ойыншыларды шақырамыз.

1 - жүргізуші. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп «Бәйге» жарысын бастаймыз. Бұл сайыста 30 сұраққа ойыншылар жауап береді, көп ұпай жинағаны келесі сайысқа қатысады.
2 - жүргізуші. Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан, цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім, оларды айтып бермек үшін – деп ендігі сайыс «7 жұмбақ». Мұнда есеп беріледі. Ойыншылар арасынан ұпай алмағандары ойыннан шығарылады.
1 - жүргізуші. Ұшқыр ойда серік шеберлік,
Сөз кезегін ойыншыға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрелік, - деп келесі сайыс «Көкпар» сайысы. Есептер шығарылады.
2 - жүргізуші. Білімнің басы – бейнет, соңы - зейнет – деп келесі «Полиглот». Мұнда мақал - мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, орысша, ағылшынша аударылады. Жауабын таппаған оқцшы ойыннан шығады.
1 - жүргізуші. Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл - ойға кен дейді,- деген «Жорға» сайысын бастаймыз. Ойыншының әрқайсысына 10 сұрақ, сол мезгілде жауап беру керек, ұтылғаны ойыннан шығады.
2 - жүргізуші. Білім оймен, арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз – деп соңғы сайыс «Көшбасшы».
(Плакатта жазылған сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бағыты бойынша тапсырмаға жауап береді. Соңғы қалған оқушы көшбасшы болып есептеледі).

1 - жүргізуші. Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым, - деп 11 сынып оқушыларына ақ жол тілейміз. Қош, сау болыңыздар!
3 824
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
ХХІ - ғасырдың жас математигі
ХХІ - ғасырдың жас математигі
Математика пәні мұғалімі: Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы, №34 мектеп Бұғыбаев Мұхаметқали
Интеллектуалды ізденімпаз
Интеллектуалды ізденімпаз
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×