Білімділер поралы
загрузка...

Білімділер додасы

Тақырыбы: «Білімділер додасы»
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.
Барысы: («Білімділер додасы» сайысына 5 «а», 5 «ә» және 5 «б» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады).

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.
Жүргізуші: Әділ бағаға қалтасы толы, әділ – қазылармен таныс болайық. (Әділ – қазы алқасымен таныстыру)
1)
2)
3)

Жүргізуші: Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – дей келе бүгінгі өткізілетін «Білімділер додасы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе, 5 «А» сынып оқушыларынан құралған «Жалын» тобын қарсы алайық.
Жүргізуші: Қол соғып қарсы алайық!
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсатын.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты – деп 5 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Алғырлар» тобын ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін билеп барынша,
Жарыстан сірә қалыспайтын – деп ортаға 5 «Б» сыныбы «Тапқырлар» тобын шақырамыз!
(Топтарын таныстыру)
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 6 турдан тұрады.

І тур: Математикалық сұрақтар
ІІ тур: Логика
ІІІ тур: «Сиқырлы шаршы»
ІV тур: «Арифметикалық домино»
V тур: «Көңілді санау»
VI тур: Жұмбақтар
Олай болса, сайысымызды бастайық.
(Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады « К» әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды.)
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз математикалық сұрақтарға береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған геометриялық фигуралардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
Үшбұрыштың сұрақтары:
1. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған өрнекті не деп атаймыз? Санды өрнек
2. Қандай бұрышты тік бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90°- қа тең бұрыш
3. Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп атайды? а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
4. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? Төртбұрыштың периметрі
5. 24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24
6. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар
Төртбұрыштың сұрақтары:
1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? Әріпті өрнек
2. Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90°- тан кіші бұрыш
3. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табамыз? Берілген натурал санның бөлгіштер жұбының көбейтіндісі сол санның өзіне тең.
4. S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы
5. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3, 9, 27
6. Қандай сандар 10 - ға бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар
Шеңбердің сұрақтары:
1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? Теңдеу
2. Қандай бұрышты доғал бұрыш деп атаймыз? Градустық өлшемі 90°- тан үлкен, бірақ 180°- тан кіші бұрыш
3. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
4. V=abc қандай фигураның формуласы? Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
5. 32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32
6. Қандай сандар 9 - ға бөлінеді? Цифрларының қосындысы 9 - ға бөлінетін натурал сандар
Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті сайысымыз «Логика». Сайыс шарты мынадай: сіздерге 15 ұяшық берілген. Ұяшықта логикалық тапсырмалар берілген. Егер сіздің таңдаған ұяшығыңызда
«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
«От» келсе, жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз, қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Алтын сандық» - олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Олай болса сайысымызды бастайық.
1: Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 100 саусақ
2: Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шабдалы ма? Алмұрт
3: Қара мысық
4: Төртбұрыштан бір бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады? Бесбұрыш
5: Өрмекші торы
6: Алтын сандық
7: От
8: Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? 3
9: Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? 9
10: Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
11: Лотерея билеті
12: Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3
13: Натурал сандарды 1 - ден бастап қатарынан жаза бастады. 1992 орында қандай цифр тұр? 1992
14: Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? 6
15: Қамал: 15 санының оң және сол жағына бір - бір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан 15 - ке бөлінетін болсын.
Жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді. Ойын алаңы 2 торкөзден тұратын кішігірім шаршыларға бөлінген 4х4 мөршерлі шаршы болып табылады. Сонымен барлық ойын алаңы 16 тордан тұрады. Торларда бастапқы күйінде "сыбырлама" деп аталатын цифрлер (1 ден 4 дейін) тұрады. Ойыншыдан бос торларды 1 ден 4 дейінгі цифрлармен толтыру талап етіледі, сондағысы әр жолда, әр бағанда және әр 2х2 шаршыларда әр цифр тек бір рет қана кездесуі керек.

Білімділер додасы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 171
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 170
Роботтар: 3
asilai
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика