Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есепті теңдеу құру арқылы шығару

04 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Ашық сабақ
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Мақсаты:
1) Оқушыларға есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету.
2) Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
3) Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс – тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ - жауап, ішінара - ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т. б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта, эмблемма, ойындар, сөзжұмбақ

Барысы: І. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр, сол адамдарға ілтипатымызды білдіріп қояйық.

Шаттық шеңбер:
Сәлем бердік сіздерге,
Сәлем бердің біздерге,
Мен саған,
Сен маған,
Біз бақытты баламыз,
Бестік баға аламыз.

2 топқа бөлініп отырамыз. Жүйрік тобы, Алғыр тобы
Әр топ өз басшысын сайлайды.

Үйге берілген тапсырма: №6 есеп /151 - бет/
Өткен материалды пысықтауға байланысты мынадай есептерді ауызша шығарып көрейік.
* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.
- Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? – Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, «Бәйгеде» жарысқа түсеміз. Бұл қандай ойын? (Ұлттық)

- Міне аттармен жарысамыз. Шабатын жеріміз 8 километр. Әрине әр кл - де көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.
- І топ – Тор атпен шабасыңдар, ( қоңыр түсті ат)
- ІІ топ – Күрең қасқа атпен шабасыңдар, (қызыл, қызылғылт ат)
Жаңа сабақ:
Ертең балалар қандай мереке? 16 - желтоқсан - Тәуелсіздік күні./видео - слайд/
1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін, осы жастар, ата - бабамыз аңсаған азаттыққа, тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ. Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсан Республикалық жаңару күні деп жарияланды. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан - тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды. Егемендік - деген осы. Яғни Қазақстан егемендік ел атанды.
Бәйгемізді бастайық!

Дәптермен жұмыс:
1 километр тапсырмасы: «Математикалық» сөзжұмбақ.
Тапсырма: берілген өрнектерді шешіп, жауабын сөзжұмбаққа сөзбен жазыңдар.
1) Тәуелсіздік үшін өз өмірін құрбан еткен жан?/Қайрат/
2) 80 - 75 - тің айырмасы нешеге тең? /бес/
3) Геометриялық фигура./дөңгелек/
4) 1 метрде 10 болатындай қандай өлшем бірлігі?/дециметр/
5) Масса өлшем бірлігі /центнер/
6) S=a*b ненің формуласы?/аудан/

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы, Мектеп - лицей
Өткізген: Досымова Г. А.

Есепті теңдеу құру арқылы шығару. жүктеу
1 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Оқушылардың есептерді теңдеу құру арқылы шығару тәсілдері жөнінде білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын жетілдіру;
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету. Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру, есептеу дағдысын жетілдіру. Оқушылар теңдеулердің көмегімен есептерді шешу алгоритмін біледі.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×