Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлігі бойынша санды табу

12 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Бөлігі бойынша санды табу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: бөлігі бойынша санды табуды өмірде де қолдана білу.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Плакаттар, кеспе қағаздары.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игеру
ІV. Есептер шығару арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау, үйге тапсырма беру
VI. Сабақты қорытындылау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Отырыңыздар! Сабағымызды бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың үй жұмысы дәптерлерін жинап аламын.

ІІІ. Жаңа материалды игеру
1 - есеп. Оқушының кітапханасында 70 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптардың
2/5 - сіндей. Оқушының кітапханасында неше кітап бар?
Шешуі: Есептің берілуі бойынша 70 оқулық оқушының кітапханасындағы кітаптардың 2/5 - сіне тең.
2/5 - сі – 70 (кітап) болса,
1=5/5 -? (кітап).
Егер кітапханадағы барлық кітаптардың 2/5 - сі 70 кітапқа тең болса, онда 1/5 – і: 70: 2=35 (кітап).
Кітапханадағы барлық кітаптар 5/5 немесе 1/5∙5. Демек, кітапханадағы барлық кітап: 35∙5=175 (кітап)
Сонда 2/5 бөлікке сәйкес 70 санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейттік, яғни 70 - ті 2/5 - ге бөлуді орындадық.
70: 2/5 =( ∙5)/2_1 =175. Жауабы: 175 кітап.
175 санын оның бөлігі бойынша таптық.
Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.

2 - есеп. Машина 145 км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруге тиісті жолының 5/9 - індей. Машинаның барлық жүруге тиісті жолы неше километр?
Шешуі: (үлгі): 145: 5/9 = (145∙9)/5=261 (км).
Жауабы: 261 км.
Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады.
3 - есеп. Кесіндінің 5/7 - і 15 см - ге тең. Кесіндінің ұзындығын табыңдар.
Шешуі: (үлгі). хсм – кесіндінің ұзындығы. Есептің шарты бойынша кесінді ұзындығының 5/7 - і 15 см - ге тең. Демек, 5/7 х=15. Онда х=15: 5/7 =15∙7/5=21. Кесіндінің ұзындығы 21 см.

ІV. Есептер шығару арқылы сабақты бекіту
№831. Санды табыңдар:
15: 3/4=15∙4/3=20,
45: 5/9 =45∙9/5=81,
13: 1/2 =13∙2=26,
6: 2/3 =6∙ 3/2 =9.

№832. 1) Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 3/5 - іне тең. Қоян неше жыл жасайды?
Қоян -?
Тиін - 6 жыл. 3/5 б.
Шешуі: 6: 3/5=6 ∙ 5/3=10 (жыл)
Жауабы: Қоян 10 жыл жасайды.

№833. Тік төртбұрыштың ені 4 1/5 см, бұл оның ұзындығының 1/2 – індей. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
а -?
в - 4 1/5 см 1/2 б.
Шешуі: 4 1/5 ∶ 1/2=(21∙2)/5=42/5=82/5 (см ұзындығы)
P=2(a+в), Р=2(8 2/5+4 1/5 ), P=2∙123/5, Р=2∙63/5, Р=(2∙63)/5, Р=126/5, Р=251/5 (см)
Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрі 251/5 сантиметрге тең.

№834. Бірінші жәшікте 8 кг алма бар. Бұл екінші жәшіктегінің 4/5 – індей. Екі жәшікте неше килограмм алма бар?
І жәшік – 8 кг 4/5 б.
ІІ жәшік -?
Шешуі: 8: 4/5 =8∙ 5/4=(8∙5)/4=10 (кг ІІ жәшік)
10+8=18 (кг)
Жауабы: Екі жәшікте 18 килограмм алма бар.

№835. Марат барлық ақшасының 5/7 - іне кітап сатып алғанда, оның 50 тг ақшасы қалды. Алғашқыда Маратта қанша ақша болды?
Алғашқыда -? тг
Қалғаны – 50 тг.
Шешуі: 50 теңге Мараттың ақшасының қандай бөлігі?
5/7=2/7.
50: 2/7 =50∙7/2 =25∙7=175.
Жауабы: Алғашқыда Маратта 175 теңге ақша болды. (В)
№836. Бөлігі бойынша шамаларды табыңдар:
16: 4/7=16∙7/4=28( м)
30: 5/8 =30∙ 8/5 =48 (дм)

V. Бағалау, үйге тапсырма беру
Сабаққа белсене қатысып, тақтаға шыққан оқушыларды бағалаймын.
Үйге: №832 (2, 3)
№835 (2)
№836 (3, 4, 5, 6)
VI. Сабақты қорытындылау
Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!
38 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер. Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер
Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету.
Санды теңсіздіктердің қасиеттері
Санды теңсіздіктердің қасиеттері
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Кулекеева Әлия Берікқалиқызы
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу
Ақмола облысы, Арашалы кенті №3 Аршалы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×