Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2 және 3 жас аралығындағы балаларды музыкаға баулу

29 мам 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
БҚО, Орал қаласы,
№49 "Ақ ниет" балабақшасы
Айжан Султанқызы Убишева

2 және 3 жас аралығындағы балаларды музыкаға баулу

Музыкалық іс - әрекет - баланың музыкалық тәрбиесінің ең негізгі кезеңі болып табылады. Балалардың музыкалық қабілетін дамытуды неғұрлым ерте бастаса, оның қорытындысы жемісті болады. Бала өмірінің алғашқы жылдары - оның болашағының негізі. Сондықтан, бала өмірінің алғашқы жылдарын көбірек пайдалану қажет. Ерте балалық шақ - бұл уақытты ойынмен бос өткізетін шақ емес. Бұл шақта бала үйренген, түйгенін болашақта, ер жеткен соң пайдалана алады. Ерте жастағы бала әуенді, ырғақты, әуенге сай қозғалуды өзіне тән ерекшелікпен қабылдайды. Баланы бейне бір құтыға су құйып, толтырып қойғандай қылып қою мақсат емес, керісінше, 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі кезеңде бала өзін тұлға ретінде сезіне бастаса, оған сол тұлға ретінде қарым - қатынас жасау ләзім. Бұл жаста бала музыканы тек меңгеріп қана қоймай, оған деген ерекше сезімталдық танытады. Егер баланың естіп көруіне, сезінуіне, байқап көруі мен емін - еркін қозғалуына барлық жағдайлар жасалса, олар барлығын түгел дерлік меңгере алады. Үлкендермен қосылып әуеннің ырғағы мен жеке мәнерін дұрыс жеткізіп, қосылып айтады, жеке және топтар - мен айтады, үлкендердің ырғақты қимылдарын есте сақтап қайталайды. Музыка тыңдау, мұғалімнің көрсеткенін қайталау мен түрлі ойыншықтарды қарастыруда қызығушылығын білдіреді.

Ерте жастағы балалардың есту қабілеттерін дамыту жұмыс - тары төмендегідей іске асады. Балаларды музыкалық шығармалардың түрлі сипаттағы әнді, полька, марш, вальс және т. с. с. әуенді тыңдауға үйретемін. Музыкалық шығармалардан алған әсерлерін сипатына қарай жеткізе білуге, көңілді музыкалық дыбыстарға ілесіп отыруға мүмкіндік жасаймын. Музыкалық аспаптардың: домбыра мен сыбызғының, даңғыра мен сырнайдың қарама - қарсы немесе араласқан дыбыстарын есту арқылы ажырата білуге көмектесемін. Жоғары дыбыстылықты естуді дамытуда биіктігі (жоғары, орташа, төмен), ұзақтығы (ұзақ, қыс - қа), күші (шулы, тыныш) әртүрлі музыкалық дыбыстарды есту және дифференциалдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамын. Мысалы: Аю қалай жүреді?, деп балалардан сұраймын. Өзім төменгі регистрде аюдың жүрісін ойнаймын. Ал балалар болса жай ырғақпен алақан соғады. Ал қоян қалай секіреді деп сұраймын? Өзім жоғарғы регистрде көңілді әуен ойнаймын. Балалар жылдам ырғақпен алақандарын соғады. Немесе, балаларға жәй жауып тұрған жаңбырдың ырғағын алақанмен соғып көрсетемін. Содан соң қатты жауып тұрған жаңбырдың ырғағын аяқ топылдату арқылы көрсетемін. Балалар қайталайды. Сонымен қатар барабан аспабын көрсетіп, барабан үніне жәй қадамдап жүргізіп, ал қоңырау үніне қос аяқпен секіртемін.

Музыкамен бірге негізгі қозғалыстарды (жүру, жүгіру) орын - дауға үйрете отырып, би қозғалыстары: шапалақтау, қолдарын қимылдату, маршпен жүру, орнында тұрып айналу және аяқпен тарсылдатуды әуенмен орындау қимылдарын меңгертемін. Көркем - ойындық бейнелерге тән (қонжық келеді, көжек пен шегіртке секіреді, қуыршақ билейді, көбелек пен инелік ұшады) қимылдарды әуенмен бере білуді үйретемін.
Сонымен қатар 2 - 3 жас аралығындағы балаларды әдемі әуен - мен, театр өнерімен, әдебиетпен, халық ауыз әдебиетімен таныс - тыру негізгі мақсатым болатын. Бірінші кішілер тобының бүлдіршіндерінің музыкалық қабілетін дамытуда мен «Балақан», «Топ, топ, балақан», «Қуыршақтар», «Балақан да алақан», «Шар», «Күз келді», «Сылдырмақ», «Ойыншықтар» сияқты баланың жас ерекшелігіне сай әндерді үйрету барысында қимылды іс - әрекетті пайдаланамын. Мысалы: «Күз келді» әнін қарастырайық. Балалар зал ішінде шашыраңқы орналасады. Саз жетекшісі мен тәрбиешілер әннің сөзін айтады. Балалар әннің оңай буынына қосылып әнді қимылмен беруге тырысады.
Құлақ салып тыңдаңдар
Қонаққа бізге күз келді.
Күз көңілсіз ән салып
Көздің жасын төгеді.
Әннің бірінші шумағында балалар қолдарын беліне ұстайды.
Тырс - тырс - тырс....
Қайырмасында қолдарымен тамшы ұстағандай болып қолдарын алма кезек алға созады.
Қолшатырды алайық
Жаңбырда қыдырайық.
Балаларға көңілді
Жау жаңбыр, жау - жау.
Балалардың бір қолы белде, екінші қолмен қолшатыр ұстаған болып зал ішін айнала қыдырып жүреді.
Ля - ля - ля...
Қайырмасында балалар бір орында тұрып алақан соғады.
Немесе, мына әнді қарастырайық. «Топ, топ балақан»
Әннің бірінші шумағында балалар қолдарын беліне ұстап теңселіп тұрады. Әннің жеңіл буынына қосылады. Қайырмасында аяқ топылдатады, алақан соғады. Қолдарын алға созады. Қолдарын алға созып шақырғандай болады.
Біз балалар бақшасында
Би билеп ән саламыз.
Тәрбиеші апайлардың
Айтқан тілін аламыз.
Топ, топ балақан,
Шапалақта алақан.
Бақшада біз балақанбыз
Анамызға балапанбыз.
Кел, келіңдер би билейік
Әсем әнді үйренейік.

Бұл жастағы бүлдіршіндер әннің оңай буынына қосылып, ән мазмұнын қимылмен береді. Музыкалық іс - әрекет баланың музыкалық тәрбиесінің ең негізгі кезеңі болып табылады. Нәтижесінде, іс - әрекеттің басқа түрімен салыстырғанда бала ең үлкен музыкалық әсерге ие болады, музыканы қабылдауы мен ойлауы дамиды.
6 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшаға бейімдеу
Балабақшаға бейімдеу
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ.
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз.
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
БҚО, Орал қаласы, №49 "Ақ ниет" балабақшасы Айжан Султанқызы Убишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×