Білімділер поралы
загрузка...

Күй және симфония

Күй және симфония
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфониялық өнердің дамуы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылығы: Балаларға домбырада ән - күй орындаудағы шеберліктерін, әдіс - тәсілдерін шыңдау.
Тәрбиелілігі: Адами қасиеттерге, өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: домбыра, сурет, бейне - үн таспалар, қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Ауыз әдебиеті, тарих, өнер, әдебиет

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты меңгерту
Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфония өнерінің дамуы жайлы әңгімелеу.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары күрделі аспаптық жанр. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. Күй құрылымдық жағына қарай екі түрге бөлінеді.

1. Төкпе, 2. Шертпе
Симфония – грек тілінде (дыбыстар бірлестігі) деген мағынаны білдіреді. Симфонияның көптеген варианттары бар. Симфония бір бөлімнен немесе бірнеше бөлімнен тұрады. Бастауыш сыныптарда оқушылар аңыз күйлер, тарихи күйлер, тарихи күйлер және Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей сынды халық композиторларының күйлерімен толық танысып барынша мол мағлұмат алған болатын. Әрбір өткен күйлердің шығу тарихымен танысып, күйшілердің өмірбаяндық дерегімен сусындап келді. Жалпы дәстүрлі мәдениетімізде көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ, қырғыз түркімен және монғол халықтарында музыкалық аспапта жеке орындау үрдісі қалыптасып сақталғандығы белгілі.

Ал, ХХ ғасырда Қазақстан мәдениетінде батыс Еуропаға тән ұжымдық орындау үрдісі пайда болады. Олар оркестр және хор өнері болып табылады. Алғаш рет халық аспаптар оркестрі құрылды. ХХ ғасырда қазақ халқы музыкасының дамыту Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің құрылуымен тығыз байланысты болады. Кеңес дәуіріндегі музыкалық мәдениетіміздің ең үлкен жетістігін осы оркестрдің жұмысы арқылы көре аламыз. Жеке орындауда жеткен күй дәстүрі оркестрдің орындауында жаңаша жаңғырып жаңа ғасырдың ең үлкен жаңалығы болады. Қазақтың күйлері оркестрдің орындауында ауқымы кеңейіп, тыңдарманның көңілінен шығып, халықтың ыстық ықыласына тез ақ бөлене кетеді.

Қазақстан симфониялық музыканың дамуы алғашқыда оңайға соқпайды. Ең әуелі симфониялық оркестр қазақ тыңдарманын батыс Еуропа және орыс композиторларының шығармаларымен таныстырады. Қазақ тыңдармандарының ықыласына бөлену үшін Моцарт және Бетховен сынды Еуропаның әйгілі композиторларының шығармаларын халық аспаптар оркестрінің орындауында ұсынады. Көптеген қазақ композиторлары да ұлттық нақышта симфония шығаруға талпыныс жасайды. Дегенмен көп шығармалар халықтың көңілінен шыға алмай, тіпті ұмтылып та кетеді. Сондай композиторлардың бірі Е. Брусиловский болатын. Е. Брусиловский 7 симфонияның авторы.
Сөйтіп, симфониялық шығармалар ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдары ғана өзінің көркемдік құндылығына ие болады. Осы кезеңде симфониялық күй жанры пайда болды. Әсіресе, Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» және «Дайрабай» атты симфониялық туындылары кеңінен мәлім болады. Ал, симфония жанрының дамуында ең биік жетістікке ие болған Ғ. Жұбанованың «Жігер» атты шығармасын аса мақтанышпен атаймыз. Бұл симфония Дәулеткерейдің «Жігер» күйінің негізінде жазылып, әлемдік классикалық музыканың қатарында кеңінен тарап кетті.
Музыка тыңдау: симфониялық оркестрдің орындауында Е. Брусиловскийдің «Балбырауын» Скерцо және Е. Рахмадиевтің «Құдаша думан» симфониялық күйін тыңдау.

Сұрақтар:
- ертеде қазақтың дәстүрлі музыкасын қалай орындалады?
- жаңа заманда қазақ күйлерінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болды?
- Құрмағазының «Балбырауын» күйін симфонияға алғаш пайдаланған композиторды ата?
- ал балалар осы біз үйреніп жүрген күйлерімізден халық күйі «Келіншек» халық әні «Гүлдерайым» қайталап ойнасақ.

Тапсырма:
1. Күй және симфония тақырыбын оқып келу.
2. Домбырадан М. Әубакировтің «Нар кескен» шығармасының үйренген буынын жаттап келу.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының
музыка пәнінің мұғалімі
Рүстемов Тобажан Қозайдарұлы
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 518
Қолданушылар: 6
Қонақтар: 512
Роботтар: 2
Gulaiym togzan Серікбай Самал medetgulzhan 19жадыра82
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика