5-6 сыныптарға арналған сауалнама

5 - класс I - тоқсан

1. Қорқыттың соңғы күйі?
а) « Ұшардың ұлуы»
ә) « Қорқыт»
б) « Башпай»
2. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фарабидің жан - жақты білім алған қаласы?
а) Отырар
ә) Бағдат
б) Түркістан
3. Ы. Алтынсариннің қазақ балалары үшін алдырған аспабы?
а) рояль
ә) скрипка
б) пианино
4. Асанқайғының күйін анықта.
а) « Нарату»
ә) « Зар»
б) « Алатау»
5. Қорқыт күйші қай ғасырда өмір сүрген?
а) 8 - 9
ә) 10 - 11
б) 12 - 13
6. Кетбұғаның Шыңғыс ханға тартып берген күйі қалай аталады?
а) « Нарату»
ә) « Ақсақ құлан»
б) «Желмаяның жүрісі»
7. Бізге жеткен ең көне күйлер кімнің күйлері?
а) Құрманғазы
ә) Қорқыт
б) Ықылас
8. Қорқыт шығармалары музыканың қандай жанрына жатады?
а) ән
ә) аспаптық
б) терме
9. Шертпе күйлер орындалатын аспапты ата?
а) қобыз
ә) шаңқобыз
б) шертер
10. Қорқыт қандай аспапта ойнаған?
а) домбыра
ә) қобыз
б) жетіген

11. Үрлеп ойнайтын ұлттық аспапты ата.
а) жетіген
ә) ұран
б) дауылпаз
12. « Жем суының тасқыны» күйінің авторын анықта.
а) Кетбұға
ә) Байжігіт
б) Боғда
13. Аспаптардың тілшікті түріне жататыны қай аспап?
а) қылқобыз
ә) шаңқобыз
б) нарқобыз
14. « Атамекен» әнінің музыкасын жазған композитор?
а) Л. Хамиди
ә) Ж. Еңсепов
б) Е. Хасанғалиев
15. Қазақстанның мемлекеттік Әнұранының музыкасын жазған сазгер?
а) А. Жұбанов
ә) Ш. Қалдаяқов
б) М. Төлебаев
16. Бақташылардың қурайдан жасалынған ең сүйікті аспабы?
а) мүйіз сырнай
ә) сыбызғы
б) ұран
17. Домбыраның бұрауын қандай ноталармен келтіреді?
а) до - ми
ә) соль - ре
б) ля - фа
18. Бір тойда 300 күй шығарған күйші есімі?
а) Байжігіт
ә) Боғда
б) Кетбұға
19. Дыбыс қатарындағы аттас дыбыстар аралығын не дейміз?
а) реприза
ә) октава
б) тоника
20. Музыкадағы негізгі нота сызығы нешеу?
а) 3
ә) 4
б) 5

5 - класс II - тоқсан
1. « Балқадиша» әнінің композиторын ата?
а) Естай
ә) Ақан сері
б) Мұхит
2. Көптеген операларда, спектакльдерде ойнаған әнші, артист кім?
а) Ғ. Құрманғалиев
ә) Н. Тілендиев
б) Ж. Жабаев
3. Дәстүрлі әншілік мектеп нешеге бөлінеді?
а) 3
ә) 4
б) 5
4. Айтыс ақыны, әнші, композитор?
а) Сегіз сері
ә) Біржан сал
б) Ақан сері
5. Абайдың аударма әні қай ән?
а) « Көзімнің қарасы»
ә) « Қараңғы түнде тау қалғып»
б) « Желсіз түнде жарық ай»
6. Батыстық ән мектебінің өкілі, әнші - композитор, ақын, күйші?
а) Мұхит Мералыұлы
ә) Естай Беркімбайұлы
б) Ақан сері Қорамсаұлы
7. Атақты « Қорлан» әнінің авторы кім?
а) Мұхит Мералыұлы
ә) Естай Беркімбайұлы
б) Ақан сері Қорамсаұлы
8. Дыбысты жарты тон жоғарылату белгісі?
а) диез
ә) бемоль
б) бекар
9. Дыбысты жарты тон төмендету белгісі?
а) диез
ә) бемоль
б) бекар
10. « Мектеп - білім ұясы» әнінін авторын ата?
а) Ғ. Құрманғалиев
ә) Ж. Елебеков
б) Е. Беркімбайұлы

5 - класс III - тоқсан
1. Құрманғазының алғашқы тарихи күйі?
а) « Кішкентай»
ә) « Серпер»
б) « Адай»
2. Құрманғазының ұстазы болған күйшіні білесің бе?
а) Байжұма
ә) Ұзақ
б) Махамбет
3. Құрманғазының шәкірті болған қай күйші?
а) Дәулеткерей
ә) Тәттімбет
б) Дина
4. Дәулеткерей күйшінің ең ұзақ күйі қалай аталады?
а) « Жігер»
ә) « Наз толғау»
б) « Балжан әйел»
5. « Сары» сөзінен басталатын бірнеше күйі бар күйшіні ата?
а) Құрманғазы
ә) Тәттімбет
б) Дәулеткерей
6. « Ақсақ құлан», « Кеңес» атты халық күйлерімен аттас күйлері
бар күйшінің есімін ата.
а) Абыл
ә) Қазанғап
б) Сүгір
7. Ашай, Әйкен, Сүгір күйшілердің ұстазы кім?
а) Тәттімбет
ә) Абыл
б) Ықылас
8. Күйлерінің қағыс ерекшеліктері бар батыстық күйші?
а) Абыл
ә) Қазанғап
б) Тәттімбет
9. « Он алтыншы жыл» күйінің авторы, күй анасы?
а) Дина
ә) Дәулеткерей
б) Сүгір
10. Тәттімбеттің « шертпе күй» мектебінің өкілі?
а) Дәулеткерей
ә) Абыл
б) Төлеген

11. Төлеген Момбековтың ұстазы аталатын күйші?
а) Абыл
ә) Сүгір
б) Дина
12. ХIХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, ұлы күйшісі кім?
а) Есжан
ә) Асанқайғы
б) Құрманғазы
13. Сүгір күйші қандай күй дәстүрін жалғастырушы?
а) төкпе
ә) шертпе
14. « Салтанат» күйінің авторы, шертпе күй өкілі?
а) С. Әлиұлы
ә) Ы. Дүкенұлы
б) Т. Момбеков
15. Сыбызғы аспабына көптеген күйлер шығарған күйші есімі кім?
а) Баламайсан
ә) Сарымалай
б) Байжігіт
16. Қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеп, жинақтаған кім?
а) Н. Тілендиев
ә) А. Жұбанов
б) Б. Сарыбаев
17. Өзінің атымен аттас күйі бар күйші - композитор?
а) Дәулеткерей
ә) Қазанғап
б) Абыл
18. Қазақта « Ақжелең» атты күй саны қанша?
а) 60
ә) 64
б) 62
19. « Анаға сәлем» әнінің композиторы кім?
а) Е. Хасанғалиев
ә) М. Омаров
б) А. Жайымов
20. Бізге жеткен ең көне күйлер кімнің күйлері?
а) Құрманғазы
ә) Қорқыт
б) Ықылас

6 - класс I - тоқсан
1. Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған сазгер?
а) Е. Брусиловский
ә) А. Жұбанов
б) Ш. Қалдаяқов
2. Қазақтың алғашқы драма театры қашан ашылды?
а) 1920
ә) 1926
б) 1929
3. Қазақ драма театрының алғашқы репертуарындағы пьеса?
а) «Майдан»
ә) «Түнгі сарын»
б) «Еңлік - Кебек»
4. КСРО халық артисі, атақты бұлбұл үнді әнші?
а) Ермек Серкебаев
ә) Күләш Байсейітова
б) Нұржамал Үсенбаева
5. Тұңғыш музыка - драма техникумі қай жылы ашылды?
а) 1930
ә) 1932
б) 1935
6. Қазақтың халық аспаптар оркестрін алғаш құрған адам кім?
а) А. Жұбанов
ә) А. Затаевич
б) Б. Ерзакович
7. Импровизация дегеніміз не?
а) Шығарманың шарықтау түйіні
ә) Қолма - қол, суырыпсалма әдіспен музыка шығару
б) Халық әуендеріне музыка шығару
8. А. Жұбановтың музыкатану ғылымында жазған еңбегін көрсет.
а) «Қазақтың ұлт - аспаптары»
ә) «Ән өнері және уақыт»
б) «Замана бұлбұлдары»
9. Этюд дегеніміз не?
а) Орындаушылық қабілетті дамытуға шығарма
ә) Жеке аспапқа арналған шығарма
б) Хорға арналған шығарма
10. Күйдің неше түрі бар?
а) 5
ә) 2
б) 3
11. Бір уақытта естілетін үш не төрт дыбыстардың үндестігі?
а) фраза
ә) фермата
б) аккорд
12. Халық таланттарының 1 - слеті өткен жыл?
а) 1920
ә) 1919
б) 1922
13. Қазақтың театр өнеріндегі тұңғыш кәсіби режиссер?
а) Ж. Шанин
ә) М. Әуезов
б) Ш. Айманов
14. Қазақ әншілерінен тұңғыш рет шет елге шыққан кім?
а) К. Байсейітова
ә) Ш. Жиенқұлова
б) Ә. Қашаубаев
15. Қазақстандағы тұңғыш музыка мектептері қайда ашылды?
а) Алматы, Атырау
ә) Алматы, Орал
б) Алматы, Қызылорда
16. Алғашқы хор капелласының құрылған жылы?
а) 1937
ә) 1938
б) 1939
17. Консерватория қай жылы құрылды?
а) 1944
ә) 1942
б) 1940
18. Симфониялық оркестр қай жылы құрылды?
а) 1948
ә) 1958
б) 1968
19. Ұлт - аспаптар оркестріне дирижер болған жерлес композитор?
а) Ш. Қажығалиев
ә) А. Жайымов
б) Қ. Мусин
20. Фермата дегеніміз не?
а) Дыбысты еркін созу белгісі
ә) Дыбысты қысқа созу белгісі
б) Дыбыстардың үндестігі

6 - класс II - тоқсан
1. Ариозо дегеніміз не?
а) Операның мазмұны
ә) Операның бір бөлімі
б) Операда жеке орындалатын ән
2. ХVIII - ғасырдағы Еуропаның классик сазгерлерін көрсет.
а) Құрманғазы, Сүгір
ә) Чайковский, Прокофьев
б) Бетховен, Гайдн
3. Симфония дегеніміз не?
а) Оркестрге арналған көлемді шығарма
ә) Хорға арналған көлемді шығарма
б) Жеке аспапқа арналған шығарма
4. Көп дауысты вокалды шығарма?
а) романс
ә) хор
б) ария
5. Фортепианоның отаны қай ел?
а) Италия
ә) Испания
б) Греция
6. Опера мен оратория жанрында көп шығарма жазған сазгер?
а) И. С. Бах
ә) Г. Ф. Гендель
б) Л. В. Бетховен
7. Иозеф Гайднның симфониясы мен квартетінің саны қанша?
а) 102 және 82
ә) 103 және 83
б) 104 және 83
8. «Таңғажайып бала» атанған Австриялық композитор?
а) В. А. Моцарт
ә) И. Гайдн
б) Г. Гендель
9. «Музыка адам жүрегінде жалын тұтатуы керек» сөзі кімдікі?
а) Ахмет Жұбанов
ә) Людвиг Бетховен
б) Қапан Мусин
10. Динамика грек тілінде нені білдіреді?
а) шарықтау
ә) күшейту
б) қайталау

11. Сахнаға арналған би және драмалық қозғалыс өнерінің жиынтығы?
а) Опера
ә) Оратория
б) Балет
12. Увертюра дегеніміз не?
а) опера алдындағы оркестрге арналған кіріспе
ә) операның қорытынды бөлімі
б) операдағы негізгі бөлім
13. Л. Бетховеннің Джульетта Гвиччардиге арнаған сонатасы?
а) № 12
ә) № 13
б) № 14
14. Петербор мен Мәскеуде балет мектебі ашылған жыл?
а) 1738
ә) 1838
б) 1938
15. Неміс композиторы И. С. Бахтың ең сүйікті аспабы?
а) скрипка
ә) орган
б) рояль
16. Алғашқы увертюраны қай елдің композиторы жазды?
а) Франция
ә) Германия
б) Италия
17. Еркін формада жазылатын шағын шығарма?
а) экспромт
ә) мадригал
б) кантата
18. Алғашқы композиторлық мектеп ашылған мемлекет?
а) Испания
ә) Франция
б) Россия
19. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларының саны қанша?
а) 2
ә) 3
б) 4
20. Қазақстандағы симфониялық музыканың негізін салған сазгер?
а) Нұрғиса Тілендиев
ә) Латиф Хамиди
б) Қапан Мусин

6 - класс III - тоқсан
1. Испан елінде пайда болған ақсүйек қауымының лирикалық әні?
а) Ариозо
ә) Романс
б) Серенада
2. Сазгер Нұрғиса Тілендиевтің әнін көрсет:
а) « Жасұландар маршы» әні
ә) « Өз елім» әні
б) « Ана туралы жыр» әні
3. « Көшкеруен» күйі қай сазгердің шығармашылығы?
а) С. Тұрысбеков
ә) К. Күмісбеков
б) Н. Тілендиев
4. Күй атасы - Құрманғазының «Ақбай» күйін хорға өңдеген сазгер кім?
а) М. Маңғытаев
ә) М. Төлебаев
б) Б. Байқадамов
5. Музыкалық шығарманың қорытынды бөлімін не деп атаймыз?
а) Реприза
ә) Кода
б) Регистр
6. Қазақ музыкасында алғаш рет комедиялық опера жазған сазгер кім?
а) Л. Хамиди
ә) М. Төлебаев
б) С. Мұхамеджанов
7. Қазақ музыка өміріне зор із қалдырған, қазақ вальсінің патшасы кім?
а) Құддыс Қожамияров
ә) Шәмші Қалдаяқов
б) Еркеғали Рахмадиев
8. Сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әнін белгіле:
а) « Сырласу вальсі» әні
ә) « Махаббат вальсі» әні
б) « Әнім сен едің» әні
9. Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы композитор?
а) Л. Хамиди
ә) М. Төлебаев
б) С. Мұхамеджанов
10. Композитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрін құрған жыл?
а) 1981
ә) 1982
б) 1983
11. Кәсіби музыкаға жаңа жанр - симфониялық поэманы әкелген кім?
а) Ференц Лист
ә) Эдвард Григ
б) Фридерик Шопен
12. Аспаптық музыкада алғаш рет баллада жанрын қолданған сазгер?
а) Ференц Лист
ә) Эдвард Григ
б) Фридерик Шопен
13. Музыкалық театрдағы шағын опера?
а) романс
ә) оперетта
б) фермата
14. Шығарманың үлес саны толық емес тактіден басталуы?
а) Ауфтакт
ә) Затакт
б) Синкопа
15. Қазақстандағы хор өнерінің негізін салушылардың бірі?
а) А. Жұбанов
ә) Б. Байқадамов
б) М. Төлебаев
16. Қазақтың тұңғыш операсы қайсысы?
а) « Айман - Шолпан»
ә) « Ер Тарғын»
б) « Қыз Жібек»
17. Берілген дыбысты орындаушының қалауынша ұзартуы?
а) Қос нүкте
ә) Лига
б) Фермата
18. Ресейдегі композиторлардың одағы қалай аталды?
а) Үлкен топ
ә) Орта топ
б) Кіші топ
19. Жеке дауыспен фортепианоға арналған шағын шығарма?
а) опера
ә) ария
б) романс
20. Көп дауысты вокалдық шығарма?
а) хор
ә) баллада
б) опера
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Матниязова Гульнар Кадиржановна

    Қызылорда облысы, Арал қаласы, Арал көпсалалы колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Матниязова Гульнар Кадиржановна
  • Бала және теледидар

    Бала тәрбиесі – аса күрделі, әрі ұзақ процесс. Олардың мінез - құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, бөбекжай - бақшасы мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді. ...
  • Түлкіде қонақта

    Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдаурен» тобы Тақырыбы: Түлкіде қонақта Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
  • Дарабоз

    Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
  • Аңқау арыстан

    Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Аңқау арыстан Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ...
  • Менің әжем!

    Әже - баланың әкесінің, сондай - ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі.
  • Ауылдағы еңбек

    Мақсаты: Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу. Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштап, сұраққа толық, жүйелі жауап ...
  • Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандаға жазбаша көбейту

    Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырылса қатысар едіңіз?
Ұстаздар арналған
Оқушыларға арналған
Сурет салудан
Өлең жазудан
Шығарма жазудан
Білімділер аруы
Сайтта кім бар
Барлығы: 34
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 34
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика