Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылар шығармашылығы

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
БҚО, Ақжайық ауданы,
Шабдаржап ауылы, Харькин ОЖББ мектебінің
8 - сынып оқушысы Азаматов Бектас

Менің арманым
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең». Әр адамның жан дүниесінде өзінің асқақ арманы бар. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Арманына жету үшін адам талпынады. Армандар таусылмайды. Дәл солай менің де үлкен бір арманым – журналист болу. Теледидарда сөйлеп жатқан аға - әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу қабілетіне қызыға қараймын немесе газет - журналдарда әдемі жазылған мақалаларды оқып, үлкен бір әлемге тап болғандай боламын.
Сондай - ақ журналист - қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір іспеттес. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез келген адаммен тіл табыса алатын, қарапайым, білімді адам. Журналист көп оқып, көп нәрсені білу керек, жан - жақты болу керек деп ойлаймын. Мен де жоғары білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы да болса шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді. Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар? Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындауға тырысамын.

БҚО, Ақжайық ауданы,
Шабдаржап ауылы, Харькин ОЖББ мектебінің
8 - сынып оқушысы Гумарова Ақтілек

Менің отбасым
Біздің отбасымызда жеті жан бармыз: әжем, әкем, анам, мен және үш бауырым. Үйдегі ақ жаулықты әжеміз, асқар тау, панамыз - әкеміз бен ақылшы анамыз біздерге тек жақсылықты үйретіп отырады. «Қарты бардың – қазынасы бар» дегендей әжеміз өмірден көргенін, білгенін, түйгенін үнемі айтып отырады. Ол он екі бала тауып, өсірген «Батыр ана». Өзінің балалық шағы мен қазіргі балалардың балалық шағының арасы жер мен көктей дейді. Еліміз егемендігін алып, көп жетістіктерге қол жеткізді, қарыштап дамып жатыр. Балаларға жан - жақты оқып, білім алуға бар мүмкіндік бар. Біздерге жақсы оқып, елге сыйлы азамат болыңдар деп айтудан жалыққан емес. Қыз балалар тәрбиесі жөнінде де айтылған әңгімесі таусылған емес. Немерелерін еркелетіп, тәлімді тәрбиесін беріп отырған әжемді бәрінен артық көремін. Ал әкем он екі баланың кенжесі. Анам екеуі әжемді аялап, бағып - қағып отыр. Мереке күндері жан - жақтағы ағайын - туыстар құттықтап келіп, бәріміз мәре - сәре болып қаламыз.
Біз тату - тәтті отбасымыз. Өз отбасымды жақсы көремін. Әкеміз бен анамыз біздерге саналы тәрбие беріп, болашағымызға зор үмітпен қарайды. Біз оны ақтауға тырысамыз.

БҚО, Ақжайық ауданы,
Шабдаржап ауылы, Харькин ОЖББ мектебінің
8 - сынып оқушысы Айкөркем Оралбекова

Менің ауылым
Атамекен – ата - бабаларымыздың қоныс тепкен, мекен еткен жері. Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып өмірге келген ыстық мекені. Менің туған жерім – Шабдаржап ауылы. Өз ауылым қасиетті де, қастерлі. Ауылымыздың іргесінде балығы тайдай тулаған Жайық өзені ағып жатыр. Ауасы таза, табиғаты тамаша. Туған жер ол өз перзентіне барын - нәрін береді, төсінде тербетіп аялап, әлпештейді. Әр адам өз туған жерін, ауылын мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған ауылға қызмет ету – әрбір азаматтың парызы. «Өзге жердің бәрі жақсы, өз еліңдей қайдан болсын?!» дегендей туған ауылыңнан алысқа кетсең, оны сағынасың. Мен үшін ауылымның маңызы қандай десеңізші?! Мен осы жерде туып, алаңсыз бақытты балалық шағымды өткізіп жатырмын. Мектепте жақсы білім алып, аңсаған армандарыма жетуді мақсат етемін. Біздің ауылымыздың адамдары жаны жайсаң, қамқор, адамгершіліктері мол жандар. Олар көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Жеке қожалықтар да бар. Ауыл адамдары бір үйдің адамдарындай бір - біріне көмектесіп, бір - біріне қол ұшын беруге дайын тұрады. Ауылымыз күннен күнге көркейіп, гүлденуде. Ауылымызға жаңа мектеп салынбақшы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш.

БҚО, Ақжайық ауданы,
Шабдаржап ауылы, Харькин ОЖББ мектебінің
8 - сынып оқушысы Бисенғалиев Қадірбек

Асыл анам
Анам менің асыл жан,
Мәпелеген аялап.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Шырылдаған мен үшін.
Асырап мені сен бақтың,
Әке орнына әке боп,
Ана орнына ана боп.
Туғандарым сен болдың.
Мәпеледің балаңдай,
Алтын менің анашым.
Рахмет саған айтамын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
61 345
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Журналист болғым келеді
Эссе: Журналист болғым келеді
Мен қалайда журналист болам. Неге дейсіз ғой, менің бала кезден арманым болған мамандық мені көп оқуға, ерінбей ізденуге, сауатты да көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге жетелеп келеді. Журналист – мен үшін өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.
Менің арманым
Менің арманым
Арман қиял жетелейді алысқа, Армандайды бала қиял шарықтап. Әкім болып ел басқару арманым, Іске асырып тілектерін халқымның.
Мен және менің мамандығым
Мен және менің мамандығым
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді дана халқымыз. Адам өмірге келген соң, алдына мақсат қойып, үлкен арманға қанат қағады. Сол арман оны биікке жетелеп, үлкен белестерге шығарады. Сол арман оның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең
Атырау облысы, Исатай ауданы, Ғ. Мәсәлімов орта мектебінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Рахметова Батима
Арманымның бейнесі
Арманымның бейнесі
А. Розыбакиев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Жолдасова Айзат
Болашақта кім болам?
Болашақта кім болам?
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Өтепкалиев Нұржан Ерболұлы 11 жас Қатысатын бәйгесі: шығарма конкурсы (шығарма жазудан) Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×