Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Конспект
Ғұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі.
Ғұн шеберлері ыдыс - аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Cүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.
Аммиан Марцеллин ғұндар туралы: “Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық - суыққа, шөлге үйренген” - деп жазған.
Ғұндар – көшпелі патриархалды ел. Билеушісі – шаньюй, билік мұрагерлікпен қалдырылып отырған. Ғұндарды ақсақалдар кеңесі басқарған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген, ұсақ қылмыстар үшін бетін тілу жазасы берілген.
Көшпелілер алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғалымдар б. з. б. 7 ғасырға жататын безендірілген алтын заттар тапқан. “Полихромдық стиль” өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған.
Бұйымға сәндік үшін түрлі - түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған.
Ғұндар көшпелі өмір сүрген. Римдіктер мен гректерге ғұндардың өмір салты өзгеше болып көрінген. Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әр түрлі көзқарасты кездестіруге болады.
Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин: “Ғұндар төзімді келеді. Күні - түні ат үстінен түспейді, сауда - саттығын да ат үстінде жүріп жасайды, ат үстінде ішіп - жейді, ат үстінде қалғып ұйықтайды, тіпті түс де көреді” - деп сипаттап жазған.
Ғұндардың қалалары болған. Прииск ғұн әмірінің сарайының әсемдігі туралы жазды: “Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр”.
Приискіні Аттиланың сарайындағы аппақ тастан қаланған монша ерекше таңғалдырған.

Конспект сұрақтар
1. Ғұн жерінде Приискті ерекше таңғалдырды:
2. Ғұндарды “күні - түні ат үстінен түспейді” - деп сипаттаған:
3. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу тәсілі:
4. Көшпелілердің алтын әшекей жасаудағы жетістігі:
5. Ғұн қоғамының құрылымы:
6. Ғұндардың төзімділігі туралы жазған рим тарихшысы:
7. Ғұндардың сұйық тағамдарға арналған ыдыстары жасалды:
8. Ғұндардың астықты сақтайтын орны:
9. Ғұндардың билеушісінің титулы:
10. Полихромды стиль дегеніміз:
Тақырыптың тесті

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы. жүктеу
9 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндар - көшпелі патриархалды ел. Оларды ақсақалдар кеңесі басқарған. Елді шанью биледі. Тақты атадан балаға қалдырып отырған. Өзіндік құқық қорғау жүйесі болған.
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы Конспект Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б. з. б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ – Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі
Ғұн елінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі, тұрмысы мен Еділ патша кезіндегі ғұн мемлекеті туралы білу.
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Түрлі тарихи деректермен танысу, оларды түрлі құбылыстар мен прцестер жөніндегі білімдерді талдау үшін пайдалана білуге үйрету.
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×