Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәйшешек - үкілі үміттің нышаны

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Бәйшешек - үкілі үміттің нышаны
Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.
1 697
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аққу - қаздар
Аққу - қаздар
Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша – тұңғышы. Иванушка – кенже баласы.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Cowдың бастан кешкендері
Cowдың бастан кешкендері
Ерте, ерте, ертеде аспандағы орманда animals ерекше өмір сүріпті. Ну орманға саяхаттап шыққан сow талдан - талға секіріп жүрген horsesті, жайылып шөп жеп жүрген fishesті, суда жүзіп жүрген monkeysті, талға өрмелеп бара жатқан goatті көріп мәз болады.
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Ляззат Толеуовна
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
М. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс - тәсілдері
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.
Қарлы ханым
Қарлы ханым
Ақтөбе каласы, №20 Дидар балабақшасының тәрбиешісі Мукатова Жанылсын Беспайкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×