Ойын сауық отауы
загрузка...


8 наурызға арналған тілектер

8 наурызға арналған тілектер

Сүйіктім!
Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Қызым!
Арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын! Ізгі тілекпен:

Құрметті әпке!
Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Ана барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Барша туған - туысты жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз. Ізгі тілекпен, бауырыңыз

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік - береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Аналарды құттықтау
Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір - шапағаттың тереңін сезінбес едім. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай.

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл - қызыңыздың қызығын көріп, аман - сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын!

Сүйікті менің анашым, сіздің мейірбан жүзіңіздей көктемнің алғашқы мерекесі, төл мерекеңіз 8 наурыз құтты болсын. Бүгін сіз үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіз үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Мен үшін сіздің аман - сау ортамызда жүрген әр күніңіз үлкен мереке.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегімде ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Құрбы қыздарды құттықтау
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман - сау, көңілді болғайсың.

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,
Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.
Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,
Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

Аяулы құрбым, Сені бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңмен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғаның үшін. Сен қашанда өзіңді сыйлы, сүйікті, қадірлі екеніңді ұмытпа.
Әйелсіз - ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы - мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.

Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.

Сіздер барда ер - азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман - сау жүргейсің.

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қарайтын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.

8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!

Сүйікті жарға ақ тілек
Бақытымның бастауы, ғұмырымның шынары, өмірімнің сыңары, бүлдіршін ботақандарымның аяулы анасы, 8 наурыз мерекеңмен шын жүректен құттықтаймын. Қашанда отбасымыздан шаттықтың күлкісі үзілмесін. Өзіңе бар тілегімді арнап, ғұмырымның соңына дейін қасымда болуыңа тілектеспін.

Өмір бізге артқан екен мол сенім,
Көңіл бізге тартқан сый қып көл сезім.
Ғұмырыма қуат берген қашанда,
«Мәңгі сүйем» дейтін сенің сол сөзің.
Бар ғаламның сұлулығын, сүйіктім,
Тек өзіңмен келбетіңмен өлшедім.
Мерекең құтты болсын, Аяулым!

От жанарың күйдірердей күн бетін,
Қызғалдақтан сұлу сенің суретің.
Бұл көктемнің жылылық пен мейірі –
Менің саған арнаған бар құрметім.
Адалдықтың асқары да өзіңсің,
Сені сүю – о бастағы сүннетім.
Сенсіз мынау жарық шашқан күн де түн!
Сенсіз менің ғұмырым да тұл жетім.

Саған деген бар махаббатымды жыр жолы түгілі, ғарыш көктегі құс жолына да сыйдыра алмаспын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын, аяулым!

Наурызға арналған бата - тілектер
8 наурызға арналған құттықтаулар
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 9
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Жаныңда жүр жақсы адам

    Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
  • Денсаулық – өмір негізі

    Құндылық: денсаулық, адам, өмір Қасиеттер: қамқорлық, қадірлеу Сабақ мақсаты: оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
  • Өмірің өз қолыңда

    Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, адалдық, әділдік. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қиянат жасамай өмір сүру адам өмірінің мәні екенін түсіну.
  • Жол ережесін білесің бе?

    Сабақтың мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға үйрету.
  • Ана-өмірдің гүлі

    Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем Жарығыңмен, шуағыңмен күн - Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
  • Ойыншықтар әлемі

    Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
  • Штангалы насосты қондырғының жұмыс принципі мен құрылысы

    Қазақстанның мұнай, газ саласындағы бәсекелестікке бейім, сапалы білімге ие мамандарды дайындау. Сапалы білім инновациялық даму негізі, жаңа технологияларды қолдана отырып, студенттердің оқу - ...
  • Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер

    Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
  • Денсаулық - зор байлық

    Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық кенін түсіндіру. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш – қуатын молайту.
  • Скважина туралы түсінік

    Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсібінде алатын рөлін түсіндіру. Скважинаның конструкциясымен таныстыру, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беру.
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 15
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 15
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика