ойын сауық отауы
Қазақтың бата тілектері
30.07.2015 28 992 0 Admin

Қазақтың бата тілектері

Бата, тілектер
Ашып тастап пейілді
Дастарханың жайылды.
Қасиетті нан ұлық
Берекең тұр нақ ұйып.
Асыл сөздер шашылды,
Бар абырой бақ орнап
Ел сыйласын басыңды.
Аңыз болып отауың
Айта жүрсін асыңды.
Сүйген жарың,
Бала - шағаң аман боп,
Бүтіндесін асылды.
Ниетіңе біз тойдық.
Рахмет шәйіңе,
Риза еткен бір қойлық!
Әумин!

Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын!
Қыдыр дарысын!
Аруақ жебесін!
Береке берсін!

Құдай берсін,
Кем қылмасын!
Отбасы аман болсын,
Денсаулық берсін!
Кетпес дәулет,
Кең пейіл берсін!

Ардақты үй иесі,
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!

Дастарханың бай болсын,
Қазан - аяққа май толсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың қонсын қияға.
Келінің «бибі» атансын,
Ұлың болсын «би аға»!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың.
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қыдыр жалғасын!

Дастарханнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Үйдің әрбір бөлмесін,
Мол қуаныш кернесін.
Ұл мен қызың ер жетіп,
Білімге құлаш сермесін.
Туған - туыс, жекжатың,
Жаманшылық көрмесін.

Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа.
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болып,
Ас қосылсын асыңа.
Бас қосылсын басыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарханың мол болсын.
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын.
Армандарың алдыңнан,
Саған шығып қол берсін.
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!

Мыңға жетсін қойыңыз!
Мыңға жетсе қойыңыз:
Сараңдықты қойыңыз
Күнде берсе сойыңыз!
Ойыңыздан кетпесін
Мереке мен тойыңыз!
Малда болсын көзіңіз,
Аллада болсын ойыңыз,
Өзінің берген дәулетін
Өз жолына жойыңыз!

Ұзақ етсін жасыңды,
Берекелі берік қылсын
Малың менен басыңды!
Таңда - Мақшар күнінде
Шарап етіп қайтарсын
Бізге берген асыңды!
Өзің жүзге келгенде,
Тоқсанға жетсін алғаның!,
Кемпір - шал болып қалғаның,
Шайых - паны болғаның.
Сол жастарға келгенде,
Құман болсын қолыңда,
Он бес ұл мен он бес қыз
Еріп жүрсін соңында!

Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз!
Әлдеріңнен келгенше,
Жығылғанды көтеріп,
Сүйенгенді сүйеңіз!
Тарығып келген адамға
Бермесек, отқа көнеміз!
Бергенді тым - ақ сүйеміз.
Жомарттық қылық қолдансаң,
Әрбір жерде жар болсын
Бір жасаған - Иеміз!

Таңда мақшар күніңде
Пырақ болсын мінгенің,
Хәллә болсын кигенің,
Қорлар болсын сүйгенің.
Сол уақытта білерсің
Бұл күнде берген асыңның
Пайдасының тигенін.
Бала менен бақ берсін,
Мұның бәрін сіздерге,
Баянды етіп хақ берсін!
Торығып түзде жүрсеңіз
Қыдыр — ата тап келсін,
Алла болсын панаңыз!
Қатар өссін, шырағым,
Малың менен балаңыз!
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін,
Ұлыстың ұлы күнінде!
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын!

Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын құлының.
Сүтті болсын құдығың,
Өрісті болсын жайлауың,
Ырысты болсын қыстауың!
Арыстандай болсын қайратың,
Аюдай болсын айбатың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!
Бізге тартқан басыңыз,
Дәмді екен асыңыз.
Ұрпақты боп өзгеше,
Сыйлы болсын басыңыз.
Құйған қызыл шәйіңіз,
Балдай тәтті майыңыз,
Еселі боп еңбегің,
Жылдан жылға байыңыз

Бақ келіп қонсын басыңа,
Көңілің көлдей шалқысын.
Пейіліңе тойған қонағың,
Ішпей - жемей балқысын.

Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той - мереке берсін!

Басымыз аман болсын – Тыныштық заман болсын!
Абыройымыз арта берсін,
Дастарханға мәңгі таусылмайтын
Қазы менен қарта берсін!
Құдай берсін, кем қылмасын,
Кетпес дәулет, кең пейіл берсін.

Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той - мереке берсін!

Көш көлікті болсын,
Дос серікті болсын,
Жан ерікті болсын,
Жар көрікті болсын,
Жер құнарлы болсын,
Жас елеулі болсын,
Қыз шырайлы болсын,
Тау өрісті болсын,
Бау жемісті болсын,
Жыл табысты болсын!

Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!

Дастарханың бай болсын,
Қазан - ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құлындаған тай болсын!
Ұлың ұяға қонсын
Қызың бақытты болсын!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал - басың.
Қыдыр болсын жолдасың.
Досыңнан көңілің қалмасын.
Жағаңнан дұшпан алмасын.
Қастық қылған оңбасын,
Әруақтар қолдасын!
Дастархан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін! Әумин!

Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін.

Рахмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болсын басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз.

Дастарханыңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.
Әумин.

Дастарханға бата Дастарханға бата
Дастарханың бай болсын. Қазан - ошағың май болсын. Төрт түлігің сай болсын. Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып қияға, Қызың қонып қияға, Келінің
Дастарқанға ақ бата Дастарқанға ақ бата
Бата бердім, бақ тіледім, Ақ дастарқан басына, Я, Құдайым, шын тіледім, Келсін деп менің қасыма! Көңілің көлдей болып, Көргенің түстей болып, Қыдыр
Үй иесіне бата Үй иесіне бата
Шаңырағың шалқи берсін. Керегең кеңи берсін. Осы үйге ән - күй келсін, Дұшпаның кеми берсін.
Әбдірахман Өлмесқұлының батасы Әбдірахман Өлмесқұлының батасы
А, Құдайым, оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа Бақ пен Қыдыр орнасын.
Дастархан басында берілетін бата-тілектер Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Жарылқа, Алла, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Ізет - абырой, бақ - дәулет, Қызыр қарап, бақ қонып, Не тілесең, Соның бәрін қабыл ет!
Құрбан айт батасы Құрбан айт батасы
А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ - береке орнасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×