ойын сауық отауы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты
06.06.2017 1 602 0 Дауыл

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты

Жаңалықтар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек 25%- ға өсетіндігін мәлімдеді. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша 42, 8 млрд теңге бөлу қарастырылуда, деп хабарлайды Baq. kz тілшісі.

«Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында белгіленген тапсырмаларға сәйкес 2018 жылдың 1 - қаңтарынан бастап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізілгелі отыр. Жаңа форматтағы жүйе атаулы әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту, берілетін жәрдемақыларды біріктіре отырып, азаматтар үшін оңтайландыру және олардың мөлшерін көбейту мәселелерін шешетін болады», - деді министр.

Осы орайда Тамара Дүйсенова қандай жұмыстардың атқарылатындығына тоқталды.

«Бұл мақсаттарды орындау үшін біріншіден қазіргі таңда көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілетін 3 түрлі жәрдемақы: азаматтардың табысына қарамастан республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасының табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысының атаулы әлеуметтік көмегі біріктіріліп, бір атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін болады. Бүгінде азаматтар осы жәрдемақыны алу үшін 3 пакет құжаттар даярлап, 3 түрлі мекемеге барады. Енді олар жаңа жүйе аясында 1 пакет құжаттарды даярлап 1 мекемеге яғни Жұмыспен қамту орталығына барады», - деді ол.

Сонымен қатар министр алдағы уақытта көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне қанша ақша қосылатындығын нақты айтты.

«Екіншіден, бүгін берілетін 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасы тұрмысы төмен отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 6 396 теңгенің көлемінде болып отыр. Ал жүйеде кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 40%- нан 50%- на дейін көтерілгендіктен әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы шамамен 2 500 теңгеге дейін артады. Нәтижесінде 2018 жылдан бастап берілетін жәрдемақының мөлшері орташа есеппен қазіргі беріліп жүрген 3 жәрдемақыдан жалпы сомасы орташа есеппен 25%- ға жоғырылайды. Бұл үшін ендігі жылдың бюджетінде қосымша 42, 8 млрд теңге қаралып отыр», - деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, мұндай әлеуметтік көмек кез келген отбасыға берілмейді. Арнайы талаптары бар.

«Мұндай қомақты қаражат аз қамтамасыз етілген отбасыларға шартты түрде берілгелі отыр. Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде Жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микро - кредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар осындай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал жұмысқа тарту шараларына қатысуды өз бетінше тоқтататын болса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек те тоқтатылатын болады», - деді министр.

Сөз соңында Тамара Дүйсенова бала күтімінде отырған аналар мен белгілі бір себептерге байланысты еңбек ете алмайтын жандарға жәрдемақы берілетіндігін атап өтті.

«Отбасындағы кәмелетке толмаған балаларға, бала күтімінде отырған аналарға, объективті себептерге байланысты еңбек ете алмайтын жұмыс жасындағы азаматтарға әлеуметтік көмек ешбір шартсыз тағайындалып, төленетін болады», - деп түйіндеді сөзін министр.

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі? 2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі?
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізіледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі? 2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет. Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады.
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×