ойын сауық отауы
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет.
27.02.2017 1 441 0 Admin

Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет.

Жаңалықтар
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің жалақыны көтеру талабына оқу жүктемесін азайту жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады. Бес күндік оқу аптасына өткеннен кейін, бастауыш сыныптардың оқу жүктемесі 13 сағатқа дейін қысқарды, бұл олардың жалақысына әсер етті", - деді Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлнар Иксанова.
Министрліктің бұл мәселені қалай шешетіні жайлы сұраққа министр мұғалімдердің жүктемесін азайтуды ұсынды. "Бірінші кезекте бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін, негізгі және жоғары сыныптарда оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа қысқартуды ойластырып отырмыз. Бұл мәселені директорлармен ақылдастық, олар мұны маңызды болар еді деп есептейді.
Бұған жылына 88 миллиард теңге қажет. Бұл соманы Қаржы министрлігіне бердік, 2018 жылға Қаржы министрлігі қарастырады, бюджет шектеуі бар екенін білесіздер. Бір апта бұрын бюджетті қабылдадық, дауыс бердік, сондықтан елде қанша қаражаттың бар екенін және оның қайда жұмсалатынын білеміз", - деді Сағадиев. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарының үкімет сағаты барысында мектеп директорларының төмен әрі әділетсіз жалақысы жайлы сөз қозғалды. Депутат Иксанованың айтуынша, 300 орындық және 3 000 орындық мектеп директорлары бірдей жалақы алады. "Лауазымдық қызметақыны есептеу базасын өзгертсек, бұл мәселені шешуге болады. Білім беру жүйесіндегі барлық қаржы есептерімен айналысатын орталықтандырылған бухгалтерияны ашатын уақыт келді. Бұл бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін арттырар еді", - деді Гүлнар Иксанова.

Дерек көзі

2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі? 2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы
Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды. Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға
Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест тапсыра алмаған. Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×