ойын сауық отауы
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек
19.08.2016 2 663 0 Дауыл

2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек

Жаңалықтар
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews. kz тілшісі.

Кеңесте Астана қаласының қоғамдық ата - аналар кеңесінің басшысы Анар Түлебаева министрге өз ұсынысын айтты.

"Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата - аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет - ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата - аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді", - деді Түлебаева.

"Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7, 5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, - деді министр.

Осыған дейін Қазақстанның қағаз күнделіктерден бас тартатыны хабарланған еді. Бұл жобаның құны 30 миллиард теңгені құрайды. Алайда мемлекет бұған ақша бөлмейді, себебі мұны инвесторлар қаржыландырады.

Толығырақ: tengrinews. kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
«Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары «Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары
«Біз өзіміздің ақпараттық жүйелерді біріктірудеміз. Бізде 73 ақпараттық жүйе бар, олардың барлығы деректерді 4 негізгі платформаға тарататын болады.
Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын
«Қазпочта» АҚ post. kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталының ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×