ойын сауық отауы
2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі?
14.01.2018 2 136 0 Admin

2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі?

Жаңалықтар
2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі?
Министрдің айтуынша, жаңа форматтағы жүйе әлеуметтік көмекті күшейтуді, берілетін жәрдемақыларды біріктіре отырып, азаматтар үшін оңтайландыруды және олардың мөлшерін көбейту мәселелерін шешетін болады.

“Бұл мақсаттарды орындау үшін, біріншіден, қазіргі таңда көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы, яғни азаматтардың табысына қарамастан республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасылардың табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмек біріктіріліп, бір атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілетін болады. Егер бүгінде азаматтар осы үш жәрдемақыны алу үшін үш пакет құжаттар даярлап, үш түрлі мекемеге баратын болса, енді жаңа жүйе аясында бір пакет құжаттар әзірлеп, бір мекемеге, яғни жұмыспен қамту орталығына баратын болады”, — деп баяндады Дүйсенова үкімет отырысында.

Екіншіден, министрдің сөзінше, бүгін берілетін үш жәрдемақының жалпы сомасы әлеуметтік әлжуаз отбасылардың әрбір мүшесіне ай сайын 6396 теңгенің көлемінде болып отыр. Ал жаңа жүйеде кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан 50 пайызға дейін көтерілгендіктен, әрбір жан басына қосымша берілетін көмектің сомасы шамамен 2500 мың теңгеге дейін артпақ.

Нәтижесінде 2018 жылдан бастап берілетін жәрдемақының мөлшері қазіргі үш жәрдемақының жалпы сомасынан орташа есеппен 25 пайызға жоғары болады екен. Бұл үшін ендігі жылдың бюджетінде қосымша 42, 8 миллиард теңге қарастырылған.

Маңыздысы, мұндай қомақты қаражат тұрмысы төмен отбасыларға шартты түрде берілгелі отыр.

“Егер отбасында жұмыс жасындағы еңбекке қабілетті азаматтар болса, онда олар міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс. Яғни, еңбекке қабілетті әрбір азаматқа берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қосымша мемлекет тарапынан оқып, мамандық алып, жұмысқа тұруына немесе микрокредит алып, өз ісін ашуға қолдау жасалынады. Егер еңбекке қабілетті азаматтар мұндай қолдаудан өз еркімен бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Ал жұмысқа тарту шараларына қатысуды өз бетінше тоқтататын болса, онда төленіп жатқан атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылатын болады”, — дейді министр.

Ал отбасындағы кәмелетке толмаған балаларға, бала күтімімен отырған аналарға, объективті себептерге байланысты еңбек ете алмайтын жұмыс жасындағы азаматтарға әлеуметтік көмек ешбір шартсыз тағайындалып, төленетін болады.

“Бұл механизмді біз 2014 жылдан бері дүниежүзілік банктің демеуімен пилоттық түрде “Өрлеу” бағдарламасы аясында жүргізіп келеміз. Осы бағдарламаға үш жылдың ішінде 79 мыңға жуық азамат қатысты. Олардың ішінде шамамен 19 мыңы жұмысқа тартылып, кедейлік шегінен шықты”, — деген мәліметтер келтірді Дүйсенова.

Министр жаңа жүйені енгізу үшін қолға алынған дайындық жұмыстарына тоқталды.

“Атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, 2015 жылы қабылданған. Қазір әдістемелік құжаттарды аяқтау үстіндеміз. Биылғы жылдың бірінші шілдесіне дейін жергілікті органдарға жеткізілетін болады. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін автоматты түрде есептейтін бірыңғай ақпараттық жүйе даярланды. Бұл жүйе бірінші шілдеден бастап барлық жұмыспен қамту орталықтарына орнатылатын болады. Ал мамандарды жаңа жүйеде жұмыс істеуге оқыту шараларын жүргізіп жатырмыз”, — деді ол.

Бұдан бөлек, мобильдік топтар елді мекендерге шығып, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Барлық әкімдіктерге атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың саны көрсетілген тізімдер де жеткізілген.

“Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің маңызын ескере отырып, облыс әкімдіктеріне екінші жартыжылдықта осы тізімдегі азаматтармен жұмыс істеп, атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылардың болжамды санатын тағы да бір рет анықтауды, бюджеттік қаржыландырудың қажетті көлемін нақтылауды, қажетті ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсыруыңызды сұраймыз”, — деді Дүйсенова Үкімет басшысына.

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге
Мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайтын болды Мемлекеттік қызметкерлер мерекеде сыйақы алмайтын
«Мемлекеттік қызметкер жұмысының өнімділігіне байланысты бонус беріледі. Жаңа әдістеме бойынша жылына бір рет желтоқсанда мемлекеттік қызметкер
2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша? 2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша?
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақы қаншаға өсетінін айтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы азаматтарға берілетін атаулы
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды ОҚО - да «Мектепке жол» акциясы бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×