ойын сауық отауы
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
03.03.2017 1 492 0 Admin

Әрбір сыныпта Wi-Fi болады

Жаңалықтар
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Еліміздің мектептеріндегі интернетті орталықтандыру керек. Сондай - ақ барлық сыныпқа Wi - Fi қондыру қажет. Бұл өте маңызды. Мұндай аппарат орнату аса қымбат емес. Қазіргі кезде 7 000 мектепте интернет орнатылған. Соның ішінде жылдамдығы 4 Мб/с асатын интернет тек 2000 мектепте ғана бар», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр сондай - ақ балаларға арналған жаңа деңгейлі цифрлық білім ресурстарын дамыту қажеттігі туралы айтып өтті.

«ЦБР – бейне және интернактивті сабақтар. Еліміздегі мыңнан астам мектеп, олардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері «BilimMediaGroup» компаниясы ұсынған ресурстарды 2014 жылдан бастап қолданып келеді. Биылғы жылы 11 мыңнан астам «үштік» - компьютер, процессор және экраннан тұратын жинақтар алынбақ. Ең алдымен ауыл мектептері және интернетке қосылу мүмкіндіктері жоқ білім ошақтары жабдықталады», - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, былтыр осындай 7 300 комплект алынса, 2018 жылы 12 мың жинақ сатып алынады.

Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест тапсыра алмаған. Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
«Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары «Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары
«Біз өзіміздің ақпараттық жүйелерді біріктірудеміз. Бізде 73 ақпараттық жүйе бар, олардың барлығы деректерді 4 негізгі платформаға тарататын болады.
Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға
Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×