ойын сауық отауы
egov. kz порталына тіркелмек болдыңыз...
22.10.2018 10 616 0 Дауыл

egov. kz порталына тіркелмек болдыңыз...

Заңдық кеңес / Жалпы кеңес

eGov. kz порталына тіркелген кезде алдыңыздан 2 мәселе шығады.

1. NCALayer бағдарламасының жүктелмеуі,
2. Электронды цифрлық қолтаңбаңыздың болмауы.

Осы екі мәселені шешсеңіз, сіз көптеген қызметті үйде отырып - ақ онлайн түрде орындай аласыз. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді әрі жүйкеңізді де қалпында сақтап қалады. Рет - ретімен айтайық.

Сіз egov. kz порталына тіркелмек болдыңыз делік. Бірақ порталға тіркеле алмайсыз. Өйткені компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы жоқ. Бұл – аталған порталды тұтынуыңызға мүмкіндік беретін бағдарлама. Сондықтан NCALayer - ді компьютеріңізге жүктеп алыңыз.

Екінші мәселе, egov. kz сізден ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрайды. Оны әзірге онлайн түрде алу мүмкіндігі жоқ. Бірақ онлайн түрде өтініш жібере аласыз. Оны pki. gov. kz сайты арқылы жүзеге асырасыз. Сайттағы "ЭЦҚ кілттерін алу" батырмасын басып, әрі қарай өзіңізге қажетті батырманы таңдай бересіз. Онлайн өтінім жіберген соң кез келген ХҚО - ға (ЦОН) барып, өз ЭЦҚ - ңызды ала аласыз. Есіңізде болсын, жеке куәлігіңізді жаныңыздан тастамаңыз.

Міне, осы екі қадамнан соң, сіз egov. kz порталының тұрақты қолданушысына айналасыз.
Дерккөзі: massaget. kz

(ЭЦП) Электронды цифрлі қолтаңба не үшін қажет? (ЭЦП) Электронды цифрлі қолтаңба не үшін қажет?
Қазірге цифрланған заманда көптеген қызметтер (мекен-жай анықтамасын алу, зейнетақы қорындағы ақшаны бақылау, жеке куәлік алу, жүргізу куәлігін алу
Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады? Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы
Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Онлайн заң бойынша тест сұрақтары №16 Онлайн заң бойынша тест сұрақтары №16
Заң бойынша тест сұрақтары, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Жеке куәліктегі тегіңізді қазақшаға ауыстыру үшін Жеке куәліктегі тегіңізді қазақшаға ауыстыру үшін
Соңғы кездері қазақ азаматтарының арасында - ов, - ев, - ова, - ева секілді өзінің тегіне жармасқан жалғаулардан арылғысы келетіндер көбейіп келеді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×