ойын сауық отауы
Құт болсын білімде қадамың!
31.08.2024 5 796 0 Жайна

Құт болсын білімде қадамың!

Өлеңдер
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Құт болсын білімде қадамың! (1 - сыныптықтарға)

Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,
Тәртіппен сен оған ұнадың.
Жүреді күлімдеп ортаңда
Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,
Қақпайды тым қатты бетіңді.
Қоғамның кішкентай үмітін
Баптайды жас шыбық секілді.

Ұстаздың сан қырлы әлемі,
Санасы, жүрегі - асқақ ар.
Қоғамға құрмет әуелі
Ұстазды сыйлаудан басталар.

Шәкірттер осында келеді,
Өзіне жаңаша дос табар.
Еліңе құрмет әуелі
Мектепті сүюден басталар.

Кешегі ұлылар ізісің,
Өткізбес босқа әр кез уақытты.
Отанның ұлысың, қызысың,
Отаны бар адам бақытты.

Әрқашан қамын жер баланың
Анаңды шаттықты күйге енгіз.
Құт болсын білімде қадамың,
Бірінші сыныптық ұл мен қыз!

Бәріне тым ыстық көрінген,
Естисің қоңырау үнін кеп.
"Жақсы оқы" дегендей сеніммен,
Сендерге елің тұр күлімдеп.

Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Тілашар батасы. Тілашар батасы.
Адам болар баланың, Қайтармайық талабын. Мектепті алғаш аттаған, Құтты болсын қадамың.
1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы қоңырау) 1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы
Бірінші қыркүйек күнімен. Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем, қарсы алар мектебім, Сүйкімді қоңырау үнімен.
Келінге бата Келінге бата
Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұстап ардақта, Бұрынғы ата - бабаның.
Туған күн кешінде Туған күн кешінде
Тойыңа гүл алып, Келдім мен қуанып, Қарсы алдың күлімдеп көктемдей. Жүзіңе нұр тұнып, Кетіпсің құлпырып Бір бақыт сәулесін төккендей.
Құрбының тілегі Құрбының тілегі
Уақыттың бірге жылжып күндері, Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі. Ортақ еді біздің салған әніміз, Таңымыз да қарсы алатын бірге еді. Бірге еді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×