Ойын сауық отауы
загрузка...


Қожанасыр туралы әзілдер

Бір күні Қожанасыр үйіне өзімен бірге досын ертіп әкеліпті. Мұны құп көрмеген әйелі «үйде жейтін ештеңе жоқ», деп айқайға басыпты. Онымен келіспеген Қожа әйелінің ашуын қайтармақ болып ұмтылғанда, әйелі шекесінен ожауменен қойып кеп жіберіпті. Қожаның шекесі ісіп кетіпті.
Оны көрген досы жұбатпақ болып: - Сенің мұның ештеңе емес қой, егерде мен әйеліме ұнамайтын бірдеңе жасасам, ол менің сақалымнан сүйреп апарып басымды ошаққа сұғып жібере жаздайды, - депті. Сонда Қожа масаттанып тұрып: - Мен деген ондай осал емеспін қатыныма ешқашан сақалымнан ұстатпаймын,- деген екен.

Бұл Қожанасырдың жас кезінде болған оқиға екен. Бірде ол Африкалық саудагелер керуенінің жақын маңда тоқтағанын және олар бір жақтағы тамаша өмір туралы айтып жатқанын естіпті. Сол сәт Қожа әлгі тоқтаған керуен сарайға басқалармен бірге жағаласа жүгіріп барып, ол да тыңдапты. Саудагердің біреуі: - Хабашистан деген ел бар, ол өте алыста, Бағдаттың ар жағында десе болады. Онда күн өте ыстық, ыстық болғаны соншалықты ел жалаңаш жүреді, - депті. Сонда Қожа тұрып: - Олардың қайсысы әйел, қайсысы еркек екенін ажырату қиын болмай ма екен? - деген екен.

Қожанасырдың жуас әрі сүтті сиыры болған екен. Бір күні сол сиыры ауырып өліп қалыпты. Қожа бұған өте қатты қайғырыпты. Мұны естіген көршілер: - Бір ай бұрын әйелі өлгенде мұнша қайғырмап еді, мұны несі?», - деп таңданыпты.
Сонда Қожа: - Әрине, менің әйелім өліп қайғырғанда сендер мені жұбаттыңдар:
- Қожа сен қайғырма, біз саған басқа әйел тауып береміз, одан да жақсысын табамыз», деген едіңдер. Ал енді сиырым ауырып өлгенде: - Қожа, сен қайғырма, саған бұдан да жақсы сиыр тауып береміз, - деп неге айтпайсыңдар? - деген екен.

Бір күні Қожанасырдың әйелі күйеуінің ашуын туғызбақ болып: - Қожа, сен сондай ұсқынсызсың, егер баламыз саған тартып туса, басымызға сор болғаны ғой,- депті. Сонда Қожанасыр: - Ол ештеңе емес, егер бала маған ұқсамай туса сенің сорың,- деген екен.
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 9
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан

    ЖЭС оның себептерін, мәні мен нәтижелері туралы білімдерін бекіту. ЖЭС тоқталуының себептерін, еліміздің әрі қарай қарқынды дамуына ЖЭС маңыздылығын анықтау.
  • Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі

    Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман ...
  • Информатика - еліне саяхат

    Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.
  • ХХІ ғасыр көшбасшысы (үш тілділік саясатқа арналады)

    ХХІ ғасыр көшбасшысы (Сыныптан тыс - шара). Сыныптан тыс шарамыз Қарақстан Республикасының Тәуелсіздігінің - 25 жылдығына және Үш тілділік саясатқа арналады.
  • Жеті қазынаның бірі

    Мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру
  • Қиял арманға жетелейді

    Оқушылардың қиял мен арман туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
  • Тұқымдардың өнуі, таралуы, маңызы

    Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы жөнінде түсінік беру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеп, нәтижесін ...
  • Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз

    Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы ...
  • Презентацияны графикалық объектілермен безендіру

    Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуын, мәтін енгізу слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындатып үйрету. Презентацияны безендіру тәсілдерін үйрену. Оқушылардың PowerPoint ...
  • Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы

    Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО, даму бағыты, қайшылықтары, ыдырауы ТМД - ның құрылуы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру Соғыстан кейінгі жылдардағы даму бағыты, қайшылықтары, ыдырауы, ТМД - ...
загрузка...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 7
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 7
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика