ойын сауық отауы
Қожанасыр туралы әзілдер
01.04.2017 8 591 0 Дауыл

Қожанасыр туралы әзілдер

Бұл қызықты
Бір күні Қожанасыр шыбын ұрып өлтіріпті де әйеліне айтыпты: Мен төрт шыбын ұрып өлтірдім, екеуі – еркек, екеуі – әйел депті. Әйелі таңғалып сұрапты: Сен олардың қайсысы еркек, қайсысы әйел шыбын екенін қайдан білдің? - депті. Қожа айтыпты: Өйткені, екеуі айнаның алдында отырды, - деп жауап беріпті.

Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты. Қожаға ашуланған әйелі одан өш алмақ болып дастарханға сорпаны ыстық күйінде әкеліп қояды. Сорпаның ыстық екенін ұмытып кетіп әйелі ішемін деп аузын күйдіріп алады, аузы күйгені соншалық көзінен жас шығып кетеді. Қожа да ішсін деп әдейі, көзінен жас шықса да тоқтамай іше береді.
- Неге жылап отырсың? – деп сұрайды Қожа әйелінен.
- Байғұс шешем өлерінің алдында дәл осындай сорпа пісірген еді, сол есіме түсіп жылап отырмын депті.
Қожа сорпаны ішейін деп аузын толтыра ұрттап алғаны сол екен, аузы күйіп шекесінен суық тер бұрқ етіп, көзінен жас шығып кетеді, оны көрген әйелі: - Қожа сен де жылап отырмысың? - деп сұрайды.
- Иә, - дейді Қожа.
- Сенің шешең өзі өліп, сені өзімен бірге алып кетпегеніне жылап отырмын,- деген екен.

Қожанасыр базар аралап жүріп зергерлік бұйымдар сататын қатарға келіпті. Сөреге қойылған қымбат бағалы тастармен көмкерілген бұйымдар оған қатты ұнапты, қызығып қарап тұр екен. Оны көрген сатушы Қожаны мазақ етпек болыпты да:
- Не қарап жүрсің? – депті.
- Алтын мен бағалы тастарды қарап тұрмын,- деп жауап беріпті Қожа.
- Меніңше мына сөреде кілең қымбат зергерлік бұйымдар сияқты,- депті Қожа.
- Жоқ, - депті кекесінмен сатушы.
- Сенің көзің нашар көреді екен, бұлар зергерлік бұйымдар емес, сөреде тұрған есектің басы ғой, бұл жерде есектің басы сатылады,- депті.
Қожа саспапты:
- Көріп тұрмын, саудаң жүріп тұр екен.
- Қайдан білесің сауданың жүріп тұрғанын – деп сұрапты сатушы.
Өйткені сөредегі барлық есектің басы сатылып кетіп, тек бір есектің басы ғана қалыпты, ол міне,- деп сатушының басын нұсқапты.

Бір күні Қожанасырдың ауласына бөтен бір бұқа кіріп кетіп, гүлдерінің бәрін таптап тастапты. Оны көрген Қожа қолына таяғын ала салып ұрмақшы болса, қуып жете алмапты. Бірнеше күннен кейін әлгі бұқаны егесі арбаға жегіп алып жолдан өтіп бара жатыр екен. Қожа қолындағы таяғымен бұқаны бас салып сабапты. Оны көріп тұрған егесі:
- Е, Қожа, мұның не? Есің дұрыс па, менің бұқамды босқа неге сабайсың? Сонда Қожа: - Сен тыныш тұр, сенің бұқаң не үшін сабап жатқанымды жақсы біледі. Көрдің бе, өз кінәсін сезген бұқаң басын төмен қаратуын қарамайсың ба? - деген екен.

Қожанасырдың екі әйелі болыпты. Қожа екеуіне бірдей көк түсті моншақ сыйлапты. Бәйбішесіне келіп:
- Бұл көк моншақ «сені жақсы көретінімнің белгісі» деп түсін депті. Бірақ, көк моншақты тоқалға көрсетпе, - депті. Тоқалға барып көк моншақты сыйлап, дәл осылай айтыпты, яғни бәйбішеге көрсетпе де, айтпа да депті.
Бір күні Қожа үйіне кіріп келгенде, жүгіріп шыққан екі әйелі екі жағына шығып:
- Екеуміздің қайсымызды көбірек жақсы көресің - деп сұрапты? Сонда Қожа:
- Кімнің көк моншақ бар еді, соныңды көбірек жақсы көремін,- депті. Қожанасыр бәйбіше мен тоқалдың көңілін осылай тапқан екен.

Өзіңіз білетін әзіл-әңгімелеріңізді пікір білдіру жолына қалдыруыңызға болады.

Қожанасыр мен ұры Қожанасыр мен ұры
Бір күні ұры Қожанасырдың қалпағын ұрлап алып қашып кетті. Қожанасыр дереу жақын маңдағы зиратқа барып күтіп отырды. Оны көрген адамдар: - Сіз мұнда
5 минутыңды әзіл әлеміне бөл 5 минутыңды әзіл әлеміне бөл
Бірде айлы түннің аясында Қожа мен әйелі оттың жанында демалып отырыпты.
Әзіл әңгімелер Әзіл әңгімелер
Қожаның тұрып жатқан ауданында бір бұзақы елге тыныштық бермейді екен.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні үйге кіріп келген, Қожанасырдың баласы үйдің бұрышына тығылып отырғанын әкесін көріпті де
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр үйіне өзімен бірге досын ертіп әкеліпті.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×