ойын сауық отауы
5 минутыңды әзіл әлеміне бөл
30.07.2018 3 220 0 Дауыл

5 минутыңды әзіл әлеміне бөл

Бұл қызықты
5 минутыңды әзіл әлеміне бөл.

Күйеуіңнің амандығын тіле.
Бір әйел Қожаға келіп ақыл сұрайды:
- Қожа ақсақал, менің бірінші күйеуім айқайлап ұрсушы еді, ал мына екіншісі күнде ұрады. Не істесем болады? Оның таяғынан қалай құтылсам? Ақыл беріңіз.
- Айналайын қызым, байың ұзақ өмір сүрсін, деп Құдайға дұға ет!,- деп жауап берді Қожа ақсақал.
- Ол не дегеніңіз? Күнде төбеме әңгір таяқ ойнататын ондай байдың амандығын неменеге тілеймін?- деп таңдана қарады әйел.
- Бірінші байың ұрсушы еді, мына байың ұрады егер бұл өлсе үшінші байға тиесің, ол өлтіріп тастаса не болады? Сондықтан шыдамды бол, таяқтаса да осы байыңның амандығын тіле,- деген екен Қожа ақсақал.

Дос қиындықта сыналады
Бірде Қожадан сұрапты:
- Қожа, сенің қанша досың барын білесің бе?
- Қазір қанша досым барын айта алмаймын, себебі биыл астық мол, ахуалым жақсы, дос мұқтаждықта сыналады, - деген екен.

Қожаның әйелі
Қожаға достары мен таныстары келіп айтыпты: – Қожеке, сіздің әйеліңіз қыдырымпаз, оны тәртіпке салмайсыз ба? - депті.
Қожа: – Сендер қызықсыңдар! – Оны қалай тәртіпке саламын, ол өмірі үй бетін көрмейді ғой, – деп таңданыпты.

Ит пен мысық
Бірде айлы түннің аясында Қожа мен әйелі оттың жанында демалып отырыпты. Түн салқын, Қожа газет оқып отыр, әйелі бірдеме тоқып отыр екен. Қастарында оттың жылуына рахаттанып ит пен мысық та жатты.
Кенет әйелі тіл қатты: – Әне, қарашы мысық пен ит сондай тату-тәтті өмір сүреді, біз неге солардай емеспіз.
Қожа: – Неге біз солардай емеспіз дейсің бе? Екеуін қосып байлап қойсаңшы, не болатынын көрейік?

Дайындаған: Жайна

Қожа - Сәбит Дөнентаев Қожа - Сәбит Дөнентаев
Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.
Әзіл әңгімелер Әзіл әңгімелер
Қожаның тұрып жатқан ауданында бір бұзақы елге тыныштық бермейді екен.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні үйге кіріп келген, Қожанасырдың баласы үйдің бұрышына тығылып отырғанын әкесін көріпті де
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр үйіне өзімен бірге досын ертіп әкеліпті.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×