Қожанасыр туралы әзілдер
Бұл қызықты
Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен. Сондықтан бай Қожанасырды үйіне ешқашан қонаққа шақырмайды екен. Бір күні бай қаза болыпты. Көпшілік байдың жаназасына Қожанасырды да шақырыпты. Сонда Қожанасыр айтыпты:
- Бай тірі болғанда мен шақырмас еді, - депті.
- Иә, бірақ бай қаза болды ғой!
- Қаза болуын болды ғой, кенеттен ол менің келгенімді байқап қалып, табыттан ұшып тұрса ше? Оны қайтып орнына жатқызу қиын болады-ау - деген екен.
Бір күні Қожанасырдың үйіне ұры түсіпті. Ұрыны көре салып Қожанасыр бос тұрған сандықтың ішіні тығылып қалыпты. Ұры үйдің ішін әрі - бері тінтіп, бағалы ешнәрсе таба алмапты. Содан сандықты көріп, ішін ашып Қожаны көріпті: - Эхе! – деп күліпті де. – Сен мұнда неғып отырсың, деп сұрапты? - Мен кедейлігіме ұялып, сенен тығылып отырмын, деп жауап беріпті.
Қожанасырдың әкесі баласына ақша беріп, піскен қойдың басын сатып әкелуге жұмсапты. Қожа қойдың басын сатып алыпты да үйге қайтып келе жатып, бастың барлық етін жеп қойып, әкесінің алдына қойдың қу сүйек басын қойыпты.
Оны көрген әкесі:
– балам мына қойдың басы қызық екен, мұның құлағы қайда? – деп таңданыпты.
– байғұс қойдың құлағы керең болған екен депті, Қожа.
– ендеше көзі қайда?
– бейшараның көзі соқыр болған екен.
– оның терісі де болмаған ба?
– байғұс қой құрт ауруымен ауырған екен.
– Олай болса ақшаны босқа құртып қу сүйекті несіне сатып алдың?
– Алайда, қойдың тістері әдемі екен.
Қожанасыр, сен неге көп сөйлемейсің - деп сұрапты?
- Менің қанша тілім бар
- Біреу
- Ал құлағым нешеу?
- Екеу
- Ал енді өзің ойлап көр:
- Яғни, тіл біреу құлақ екеу бұл дегеніміз аз сөйлеп көп тыңдау деген емес пе?
Қожанасыр үйіне азғантай ғана ет алып келіпті де, әйелінен мынадан не дайындауға болады деп сұрапты?
Әйелі: - көп нәрсе дайындауға болады, - депті
Онда көп нәрсе дайында депті.
Бір күні Қожанасыр айтыпты:
- Менің көзім түнде де жақсы көреді, - депті.
- Жарайды, Қожа! Егер сенің көзің түнде көретін болса, түнде қолыңа неге шырақ алып жүресің? депті.
- Басқалар қараңғыда менімен соқтығысып қала ма деймін? деген екен.
Бір күні Қожанасыр базардан қарға сатып алыпты. Қожанасырды көршісі көріп:
- Немереңізге сатып алдыңыз ба,- деп сұрапты.
- Жоқ өзіме сатып алдым, - деп жауап беріпті, Қожанасыр.
- Сіз үнемі қалжыңдайсыз да жүресіз, сізге оның қажеті қанша?
- Қарға мың жыл жасайды дейді. Шынымен мың жыл өмір сүре ме, сүрмей ме білгім келеді деген екен.
Бір күні Қожанасырдың әйелі Қожаның көйлегін жуып жайып қойса, жел ұшырып жіберіп, жерге түсіп қалыпты. Қожанасыр оны көріп, әйеліне келіп айтыпты: «Бізге тез арада құрбан шалу қажет» - депті. Әйелі себебін сұраса: «Егер сол көйлектің орында мен болсам не болар еді», депті.
Баяғыда Қожанасырдан сұрапты: «Адам дүниеге келеді және өледі, өмір осылай жалғаса береді ме?» деп. Сонда Қожа: «Жұмақ пен тозаққа адам толмайынша осылай жалғаса береді», - деп жауап берген екен.
Бір адам өзенге келіп ғұсыл алып тазару үшін суға түсіпті де өзен жанынан өтіп бара жатқан Қожадан сұрапты:
- Ғұсыл жуыну үшін қай жаққа қарауым керек, депті.
- Киімдердің өзеннің қай жағында қалса, сол жаққа қара, депті.

****

Қожанасыр мен ұры
Бір күні ұры Қожанасырдың қалпағын ұрлап алып қашып кетті. Қожанасыр дереу жақын маңдағы зиратқа барып күтіп отырды. Оны көрген адамдар: - Сіз мұнда
Қожанасыр мен шаштараз
Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады да, ақ матаға оранып, қолшамын жағып барып, күйеуін жұлқылай бастайды.
Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні үйге кіріп келген, Қожанасырдың баласы үйдің бұрышына тығылып отырғанын әкесін көріпті де