ойын сауық отауы
Әзіл әңгімелер
26.03.2017 10 685 0 Дауыл

Әзіл әңгімелер

Бұл қызықты
Қожа баласын тәрбиелеуде
Бір күні Қожанасыр баласының қолына қыш құмыраны беріп суға жібермек болып: - маған қара, қолыңдағы құмыраны сындырып алма, - деп шапалақпен салып қалыпты. Оны көрген Қожаның әйелі ашуланып: - Баланы неге ұрасыз? Құмыраны сындырған жоқ қой! – Сонда Қожа: - Сен қатын ешнәрсе түсінбейсің! – депті Қожа. – Құмыраны сындырып болған соң, ұрудың қажеті бар ма? - депті.

Бұзақы
Қожаның тұрып жатқан ауданында бір бұзақы елге тыныштық бермейді екен. Ол тіпті, кез келген жазықсыз адамға тиісіп, сабайды екен. Бір күні келе жатқан Қожаның таспен бір ұрып, басын жарыпты. Қожа айқай-шу көтермей, ешкімді көмекке де шақырмай, бұзақыны шақырып алып, қолына теңге ұстатыпты.
Сонда Бұзақы: - Неліктен сен маған ақша бердің? Сен мені мазақ қылып тұрсың ба?
- Жоқ, - деп жауап берді Қожа. - Мен сені аядым.
– Не үшін – деп таңданды бұзақы.
– Мен секілді бейшараның қайсыбірі ақша беруі үшін, сен тас лақтыруға қанша күшіңді жұмсадың. Егер, бай - манаптардың біреуіне тас атсаң, олар сенің мазасыздығыңнан құтылу үшін сенен он теңгесін аямас еді,- депті. Бұзақы сол заматта қолына жұмыр тасты ала сала, атпен келе жатқан ел ағасын таспен бір ұрыпты. Бұзақыны дереу ұстап алып, жүз рет дүре соғып жазасын берген екен.

Әдеби шығармалар туралы әңгіме
Өзінің туған қаласына қыдырып келген Қожанасыр онда тұратын көркем өнер саласының білгірі танымал ақынның үйіне бас сұғыпты. Ақын ұзақ уақыт Шығыс ақындарының өлеңдерін оқып, олар туралы көптеген қызықты әңгімелер айтыпты. Ал Қожанасыр болса ұзақ уақыт отыра берген соң, қарны ашып кетіпті, ал үй иесі дастархан жаятын түрі жоқ.
Содан Қожа ақынға бұрылып: - Сұрауға рұқсат етіңіз!
Ақын: - Әрине, рұқсат, сұраңыз, сұраңыз, - сыпайы ақын әдебиетке қатысты бір сұрақ қояр ма екен деп таңданыпты.
Қожа: - Сол, сіз айтып отырған тамаша ақындар тамақ ішті ме екен, ішсе қандай тамақ түрлерін жеген екен, сол туралы айтпас па екенсіз деген екен?!

Тісі жоқ хор қыздары
Бір күні мешіт имамы адамдарға ғажайып жұмақ туралы уағыз айтып отыр екен.
- Жұмақ бақшасында өсетін анар жемісі ерекше, оның ішіндегі дәні нағыз лағыл. – Бұған таңқалған Қожа: - Сіз не айтып кеттіңіз? Нағыз лағыл дейсіз бе? Сонда жұмақтың хор қыздарының ауызында тіс жоқ па? Қандай ұсқынсыз? – Оны түсінбеген имам: - Не үшін ұсқынсыз? Қожа: – Бейшара қыздардың тісін лағыл тастары сындырып, тістері түгел түсіп қалған ғой, - деген екен.

Қожа - Сәбит Дөнентаев Қожа - Сәбит Дөнентаев
Бір ақмақ қожа дейтін бопты бұрын, Қараңыз бұл қожаның ақмақтығын, Жер қазды ай - далада бір күн қожа, Аямай барлық күшін, көрмей шығын.
5 минутыңды әзіл әлеміне бөл 5 минутыңды әзіл әлеміне бөл
Бірде айлы түннің аясында Қожа мен әйелі оттың жанында демалып отырыпты.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні үйге кіріп келген, Қожанасырдың баласы үйдің бұрышына тығылып отырғанын әкесін көріпті де
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр үйіне өзімен бірге досын ертіп әкеліпті.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×